Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43

79 
 
6.  Үстеме  шығындар  есебі  қай  шоттар  жүргізіледі  және  оның  есебін  ұйымдастыру 
ерекшеліктері қандай? 
7.  Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  шығын  объектілері  арасында  үстеме 
шығындарды қандай тәртіптермен бөлуге болады? 
8.  Үстеме  шығындардың  қалыптасуы  және  оладың  шығын  объектілеріне  бөлінуіне  қандай 
бухгалтерлік жазулар беруге болады? 
9.  Ауыл  шаруашылығы  саласында  болашақ  кезең  шығындары  дегеніміз  не?  Және  оларға 
шығындардың қандай түрлері жатады? 
10.  Болашақ  кезең  шығындарының  есебі  қандай  шоттарда  жүргізіледі?  Және  бұл  шоттарға 
сипаттама беріңіздер. 
11.  Болашақ  кезең  шығындары  есепті  кезең  ішінде  шығын  объектілеріне  қандай  тәртіп 
бойынша бөлініп отырылады? 
12.  «Болашақ кезең шығыстары» шоттарында есепті мерзімнің соңында қалдық қалады ма? 
Және ол нені білдерді? 
 
 
Негізгі  әдебиеттер: 
     1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта – 
Алматы: Центр аудит – Казахстан 
2.  Кеулімжаев  Қ.К  ,  Радостовец  В.К.  ,  Төлегенов  Е.Т.  ,  Продан  Л.Г.,  «Ауыл  шаруашылық 
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,  Алматы, Қайнар 
3.  Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой продукции 
в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г 
4.  Тайгашинова  К.Т.  ,  Лапбаева  С.Ш.,  Бердимурат  Н    «Вопросы  организации  кластера  в 
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Ержанова    С.Ж.,  Нурумов  А.А,  Чернова  Н.М.:  Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйствах» Алматы 
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство» 
3. НСФО №1 Бюллетень бухгалтера, 2008г. 
4.  Международные  стандарты  финансовой  отчетности  (Общий  обзор  и  разъяснения). 
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г. 
5.    Тайгашинова  К.Т.  ,  Тлеукабылова  К.Б.  “Значение  производственной  бухгалтерии  в 
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г 
6.  Ержанова  С.Ж  .,  Нурумов  А.А.,  Чернова  Н.М.,  “Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйствах” 
7.  Пизенгольц  П.И.  и  др.  “Бухгалтерский  учет  в  сельскохозяйственном  производстве” 
Учебник М: – М. 2007г. 
 
 
Дәріс тақырыбы: 
8. ӨНІМДЕРДІ, ЖҰМЫСТАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТУ ЕСЕБІ 
 
Дәріс мақсаты: 
Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  өздері  өндірген  өнімдердің  негізгі  бөлігін  сатуға 
шығарады.  Сонымен  қатар,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  көмекші  өндіріс  пен 
өнеркәсіп өндірісінің қызметтері мен жұмыстарын да басқа жаққа ұсынады..  
 
Дәріс сұрақтары: 
1.Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату есебінің жалпы ұстамдары мен міндеттері 
2.Сату есебі бойынша алғашқы құжат айналымы 
3.Өнімдер, жұмыстар мен қызметтерді сатудың талдамалық және жиынтық есебі 


80 
 
 
1.  Өнімдерді,  жұмыстар  мен  қызметтерді  сату  есебінің  жалпы  ұстамдары  мен 
міндеттері 
 
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өздері өндірген өнімдердің негізгі бөлігін сатуға 
шығарады.  Сонымен  қатар,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  көмекші  өндіріс  пен 
өнеркәсіп  өндірісінің  қызметтері  мен  жұмыстарын  да  басқа  жаққа  ұсынады.  Өнімдерді, 
жұмыстар  мен  қызметтерді  өткізу  ұйым  қаражатының  соңғы  айналымы  болып  саналады. 
Демек,  өнімдерді,  жұмыстар  мен  қызметтерді  сатудан  түскен  түсім  оларды  өндіруге 
жұмсаған шығындарды толықтай жауып, шаруашылыққа пайда әкелуі қажет. 
 
Қазіргі  таңда  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындары  өздері  өндірген  өнімдерін,  соның 
ішінде  астық,  көкөніс,  ет,  сүт  өнімдерін  өңдеуші  өнеркәсіптік  кәсіпорындарға  келісім 
бағалар бойынша өткізеді.  
 
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дайын өнімді сату есебінің негізгі міндеттері 
болып мыналар саналады: 
 
- өнімнің түрі, саны, сапасы бойынша сату көлемінің деңгейін анықтау; 
 
-  сату  процесін  көрсететін  барлық  алғашқы  құжаттардың  дер  кезінде  және  дұрыс 
рәсімделуін қамтамасыз ету; 
 
- сатылу бағаларының дұрыс қолданылауын бақылау; 
 
-  өңдеуші  өнеркәсіп  орындарының  дер  кезінде  есеп  айырысуын  және  ұйымға 
кірістердің дер кезінде түсуін бақылау; 
 
- өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден қаржылық нәтижені анықтау. 
 
Бұл  аталған  міндеттердің  барлығы  өнімдерді,  жұмыстар  мен  қызметтерді  сату 
бойынша алғашқы құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру, талдамалық және жиынтық есепті 
тиімді құру арқылы орындалады. 
 
2. Сату есебі бойынша алғашқы құжат айналымы 
 
Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  дайын  өнімді  сатуға  байланысты 
төмендегідей алғашқы құжаттар қолданылады. 
 
Өсімдік шаруашылығынан алынған астық, көкөніс, мақта, қант қызылшасы және тағы 
басқа  да  өнімдерді  жөнелту  кезінде  «Тауарлық-транспорттық  жүкқағазы»  және  «Шот 
фактура» рәсімделеді.  
 
Бөлшек  саудаға  немесе  жеке  тұтынушыларға  сатылған  өнімдері  үшін  «Жүкқағаз» 
толтырылады. 
 
Сатып алушылар қабылдаған өнімді растау үшін түбертек жазып беруге тиісті. 
 
Ауыл шаруашылығы өндірісінен алынған дайын өнімді, жұмыстар мен қызметтердің 
сатылу  процесін  жинақтап  көрсетуші  есеп  тіркемелері  ретінде  төмендегілерді  қолдануға 
болады: 
 
- 11 журнал ордер (7010 шотының кредиті бойынша); 
 
-  11  журнал  ордерге  арналған  «Өнімдерді,  жұмыстар  мен  қызметтерді  өткізу 
ведомостісі»; 
 
- «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша құжаттардың тіркемелері». 
 
Осы  аталған  есеп  тіркемелері  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Ұйымның  орталық 
қоймасынан  жөнелтілген  дайын  өнімдер  бойынша  толтырылған  тауарлық-транспроттық 
жүкқағазы, шот фактура және басқа да ілеспе құжаттар шаруашылық бөлімшелерде немесе 
ұйымның орталық есеп бөлімінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша құжаттардың 
тіркемелеріне  күн  сайын  тіркеліп  отырылады.  Бұл  тіркеме  әрбір  сатып  алушыға  немесе 
тапсырыс  берушіге  бөлек  толтырылады.  Тіркемелерде  өнім  сатылған  айдың  күні,  ілеспе 
құжаттың  нөмірі,  қабылдау  түбіртегінің  нөмірі,  сатып  алушының  атауы,  сатылған  өнімнің 
түрі, көлемі, сатылу бағасы жазылады. Тіркеменің ең соңғы бағаны бойынша сатудан түскен 
жалпы түсім көрсетіледі. 
 
Шаруашылықтың  бөлімшелерінде  дайындалған  тіркемелер  алғашқы  құжаттармен 
бірге  ай  сайын  ұйымның  орталық  есеп  бөліміне  тапсырылып  отырылады.  Ұйымның  есеп 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау