55
Шаруашылықта пайдаланылған толық піскен собықтардағы дән саны сабықтағы
жүгерінің нақты массасы мен сатылған собықтағы жүгері дән шығымының орташа пайызын
анықтап береді. Есептелген мәліметтерді негізге ала отырып, сатылған жүгері дәнінің есепке
алынған салмағын, шаруашылықта пайдаланылған, дәнеге айналдырылып есептелген жүгері
салмағын және шаруашылықта қалдырылған, дәнге айналыдырылып есептелген жүгері
салмағын қосу жолымен толық піскен жүгерінің жалпы көлемі құрғақ дән есебімен
анықталады. Дәннің анықталған жалпы көлемі өнімділікті анықтауға негіз болаы және ол
бухгалтерлік есеп тіркемелерінде көрсетіледі.
Тұқымдық жүгерінің собықтарын қабығымен қоса сатқанда немесе сақтағанда оның
нақты салмағына қабығының салмағы қосылмайды, ал қабықтың салмағы зертханалық
талдау жолымен анықталады. Жүгері өнімінің өзіндік құны дәнді дақылдар өнімдерінің
өзіндік құндары сияқты есептеп шығарылады.
Дәндік жүгеріге бөлінген алқаптың бір бөлігі толық піскен дән алу мақсатында
пайдаланылған жағдайда және керісінше, яғни көк балаусаға арналған жүгері егісінің бір
бөлігінен іс жүзінде толық піскен дәне жиналған болса, нақты пайдаланылған алаң негізге
алына отырылып, тиісті есептеулер жүргізіледі.
Техникалық дақылдар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл
дақылдар бойынша өнімнің өзіндік құны – сақталған франк-орнымен; сабанның өзіндік құны
– франк-шөмелемен немесе басқа да сақталатын орнымен анықталады.
Мақта өнімінің өзіндік құны. Мақтаның негізгі өнімі – шитті мақта, жанама сабақтар
қауашақ жармалары және басқалары әділ құны бойынша бағаланады. Шитті мақтаның
жалпы салмағын анықтау үшін жиналған мақта салмағына құрғақ тазалаудан алынған шитті
мақта салмағы қосылады. Егер құрғақ мақта қабылдау кезінде сатылса, ондағы мақтаның
салмағы коэффициенттердің көмегімен анықталады. 1 центнер шитті мақтаның өзіндік құны
– жалпы шығын сомасынан жанама өнімнің құны шегеріліп, қалған шығын сомасы есепке
алынған шитті мақтаның салмағына бөлу арқылы анықталады.
Күнбағыс өнімінің өзіндік құны. Негізгі өнім – өңдегеннен кейінгі салмағы бойынша
есептеп шығарылатын тұқымы, жанама өнім – сабағы, себеті, кебегі. Күнбағыстан алынған
жанама өнім шаруашылықта сабан сияқты бағаланады. 1 центнер күнбағыс өнімінің өзіндік
құны есептелген жалпы шығын сомасынан жанама өнімдердің құндарын шегере отырып,
қалған шығын сомасын негізгі күнбағыс өнімінің жалпы салмағына бөлу арқылы
анықталады.
Зығыр өнімінің өзіндік құны. Негізгі өнімдері – сабан және тұқымы болып табылады.
Бұл өнімдер арасында шығындар келесідей коэффициенттерді пайдалан отырып бөлінеді: 1 ц
тұқым бойынша – 1,0; 1 ц сабан бойынша – 0,25. Сабанның өзіндік құны нақты салмағы
бойынша франк-шөмелемен, тұқымның өзіндік құны франк-қоймамен анықталады. Сабанды
өңдеу жөніндегі шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотына ашылған аралық шотта
жүргізіледі.
Картоптың,
көкөністің,
бақша
дақылдарының
өзіндік
құндарын
калькуляциялау. 1 центнер картоптың өзіндік құны жалпы шығындар сомасынан
жапырақтың құнын шегеріп тастағандағы қалған шығын мөлшерін түйнектердің барлық
салмағына бөлу жолымен анықталады.
Жабық топыраққа егілген өнімнің өзіндік құны. Жабық топыраққа егілген көкөніс
өнімдерінің өзіндік құны есеп беріліп отырған жылдың өніміне жатқызылатын шығындар
сомасынан тұқымға және отырғызылатын материалға тікелей жұмсалған шығындар бөлініп
алынады да, тікелей тиісті дақылдарға таратылады. Басқа шығындардың барлығы дақылдар
арасында мынадай тәртіппен: қысқы және көктемгі жылыжайларда, пленкамен жабылған
немесе жабылмай жылытылған топырақта – белгілі бір дақыл өсірілген шаршы метр-күн
санына пропорционалды бөлу жолымен анықталады. Шаршы метр-күн саны саны тиісті
дақыл егілген алқапты (шаршы метр есебімен) оның өсіп-өну кезеңіндегі күн
санына көбейту
арқылы анықталады, ал бужайларда – дақылдардың бужайларда болған терезе-күн санына