58
жолымен бөлінуге жатқызылады. Стандартқа сай емес және бүлінген мал азығына
пайдаланылған
жеміс-жидек,
сондай-ақ
қалдықтар
мал
азығына
арналған
тамыржемістілердің немесе көк балаусаның орташа өзіндік құны бойынша осы өнімнің
сапасы ескеріле отырылып бағаланады. Стандартқа сай емес өнімнің өзіндік құны мен осы
өнімнің арасындағы айырма сатылуға арналған өнімнің өзіндік құнын ұлғайтуға апарылады.
Питомниктер (бағбан) өнімінің өзіндік құнын калькулциялау. Питомниктер
отырғызылатын материалдарды, жеміс-жидек дақылдарын, сондай-ақ ағаш пен бұта
тұқымдарын өсіруге арналған. Питомниктер бойынша өнімнің шығыны мен шығымы
(тұқым, будандастырылған өсімдіктер, бір және екі жылдық өсімдіктер егілген егістіктер
және өсімдік түрлері бойынша): 8110/1«Өсімдік шаруашылығы» шотына ашылған «Жеміс-
жидек дақылдары питомниктері»; «Хош иісті лавр питомниктер»; «Сәндік дақылдар
питомниктері» және т.б. талдамалық шоттарында жүргізіледі.
Бағбандарда көшеттерді күтуге байланысты шығындар отырғызылған жылдары
бойынша ашылатын талдамалық шоттарға жатқызылады. Со
тәжірибеге жұмсалынған жалпы
шығындар сол тәжірибеге арналған жалпы шотта есепе алынып, олар сол шоттан жыл
соңында жыл сайын отырғызу үшін бөлінген питомниктің көлеміне пропорционалды түрде
жылдар бойынша ашылатын шотақ бөлінеді. Ішінара қазып алынған жағдайда егістіктерде
қалған тұқымдар мен көшеттер аяқталмаған өндіріс ретінде есепке алынады.
Жеміс ағаштары тұқымына тәжірибе жасағанда көшеттер төрт жыл бойы өсіріледі.
Тұқым себілген егістік бойынша (бірінші жылы) есептелген шығындар жыл аяғында екінші
жыл өсіріліп жатқан егіс бойынша есептелген шығындар жыл аяғында үшінші жыл
өсірілгенінің талдамалық шотына жатқызылады. Үшінші жыл өсіріліп жатқан көшеттердің
талдамалық шоты бойынша есептелінген шығындар алғашқы үш жылғышыығндармен бірге
көшеттерді өсірудің нақты өзіндік құнын құрайды. Егер егілген тұқымдар мен көшеттердің
бір бөлігі олардың бағбандарда өсірілетін болып белігелнген мерзімге дейін сатып жіберілсе,
нақты өзіндік құнымен бағаланып «Сатылған өнімдердің өзіндік құны» шотының дебеті
«Дайын өнім» шотының кредитімен көрсетіледі.
Сатуға жарамды көшеттердің өзіндік құнын есептеген кезде өсіп жетілмегендері мен
үйренісіп кетпегендері сатылуы мүмкін бағасы бойынша бағаланып, бұл сома есепке
алынған шығындардан шегеріледі. Өліп қалған көшеттер саны өнімнің жалпы шығымын
кемітеді (саны жағынан ғана). Соның нәтіижесінде сатуға арналған көшеттердің өзіндік құны
артады.
Жидектер тәжірибесіне өнім беретін өсімдіктер егістігі, көшет материалдар өсіру,
бірінші жылы өсіп тұрған өркендер мен шыбықтар егістігі; екінші жылы өсіп тұрған жидек
ағаштарының егістігі енеді. Бағбандарда өсірілген жидектер тобы бойынша шығындардың
есебі: «Өнім беретін бақты күту»; «Есепті жылы егілген егістік»; «Өткен жылы егілген
егістік»; «Жидек дақылдарының тобына арналған жалпы шығындар» деген талдамалық
шоттарында жүргізіледі. Есепке алынған шығындар жыл аяғында соңғы шоттан шығарылып,
тиісті егістікке бөлінген жер көлеміне пропорционалды түрде бөліне отырып, алғашқы үш
шотқа жазылады.
Бір-екі тәжірибелік жері бар шағын бағбандарда өсімдіктердің егілген жылдары
бойынша бухгалтерлік есеп жүргізілмейді. Өсімдіктердің тұқымы мен егілген жылдары
бойынша көшеттердің есебі үшін жедел – техникалық есеп карточкалары пайдаланылады.
Жыл аяғында түгендеу деректері бойынша егілген тұқым мен көшеттердің шығып қалғаны
(өлгені) анықталады, ол сомалық есепті қозғамай, сан мөлшері есебінен шығарылып
тасталады. Сатылуға немесе шаруашылықта отырғызылуға тиісті көшеттердің өзіндік құнын
анықтау үшін шартты өлшемдер пайдаланылады, ол өлшемдер егіс көлемін көшеттердің
тәжірибе жасалған жылдар санына көбейту арқылы шығарылады. Содан соң әрбір жылы
отырғызылғана қатысты шығындар анықталады: алғашқы жылдардың шығындары бағбан
бойынша аяқталмаған өндірісті құрайды; төртінші жылдың шығындары – өз
шаруашылығында отырғызуға немесе сатуға арналған көшеттердің өзіндік құнын білдіреді.