66
4. Мал шаруашылығынан алынған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Мал шаруашылығында калькуляциялау объектілері болып негізгі өнімдердің ішінде:
сүт, жүн, төл, тірі салмақ өсімі, жалпы тірі салмақ саналады. Сонымен қатар мал
шаруашылығының көптеген саласында негізгі өніммен қатар ілеспе өнімдер де алынады,
мысалы сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығынан сүт
және төл,
қой шаруашылығынан
жүн, төл, тірі салмақ өсімі, құс шаруашылығынан жұмыртқа және ет. Сондықтан шығындар
есебінің объектісі мен калькуляциялау объектілері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты
шығындарды негізгі және ілеспе өнімдер арасында дұрыс бөлудің маңыздылығы өте жоғары
болып табылады.
Сонмыен қатар, мал шаруашылығында жанама өнімдер де алынады.
Мал шаруашылығында жанама өнімдерге қи, түлеген жүн, өлі туылған төлдің терісі
және т.б. Негізінде мал шаруашылығынан алынған жанама өнімдердің өзіндік құны
калькуляциялауға жатқызылмайды. Негізгі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кезінде
олар мүмкін сатылу бағалары бойынша жалпы шығындардың сомасынан шегеріліп
тасталынады.
Мал шаруашылығы саласының түрлері бойынша өндірістен алынатын өнімдердің
өзіндік құндарын калькуляциялау тәртіптерін рет-ретімен қарастырайық.
Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы. Сүт бағытындағы ірі қара мал
шаруашылығы бойынша негізгі табыннан алынатын өнімнің өзіндік құнын есептеу объектісі
– сүт пен төл; бордақылауға қойылған барлық жастағы мал мен ірі қара мал бойынша – тірі
салмақ өсімі және жалпы тірілей салмақ болып табылады. Түленген жүн, өлі туылған
бұзаудың терісі мүмкін сатылау бағалары бойынша бағаланады.
Сүт пен төлдің өзіндік құнын анықтау үшін
негізгі табын бойынша есепке алынған
шығындардың жалпы сомасынан қидың және басқа да жанама өнімнің құны мүмкін сатылу
бағасы бойынша шегеріліп тасталады. Шығындардың қалған сомасы сүт пен төлдің (өлі
туған бұхауларды есептемегенде) арасында былайша бөлінеді: (сүтке – 90 пайыз; төлге – 10
пайыз).
Ірі қара мал шаруашылығы бойынша 1 ц сүт пен 1 бас төлдің өзіндік есептеу тәсілін
төмендегі 6-кесте арқылы көрсетіп отырмыз.
6 кесте - 1 ц сүт пен 1 бас төлдің өзіндік
есептеу тәсілі
№
Көрсеткіштер
Көлемі
Сомасы,
теңге,
тиын
1
Малды жыл бойы күтіп-бағуға жұмсалынған шығындар
(орта есеппен 600 бас)
2 406 670
2
Жыл бойы алынған сүт (центнер)
12200
-
3
Алынған төл (бас)
450
-
4
Алынған жанама өнім:
- көң, тонна
Жанама
өнімнің жалпы құны
1100
43320
43320
5
Негізгі өнімге
жатқызылатын шығын сомасы
(2406670-43320)
-
2 363 350
6
Шығынның жалпы сомасының өнім түрлеріне апарылуы:
- сүтке 90%; (2363350 х 90%)
- төлген 10 %; (2363350 х 10%)
-
-
2 127 015
236 335
7
Алынған өнімнің өзіндік құны:
- 1 ц сүт (2 127 015:12200 ц)
- 1 бас төл (236 335:450 бас)
174-35
525-84