81
бөлімі өздеріне қызмет көрсететін банк көшірмелерін, касса есебінің құжаттарын пайдалана
отырып, әрбір жіберілген шот-фактура бойынша дебиторлық қарыздардың төленгенін
тексереді. Орталық есеп бөліміне түскен тіркемелер арқылы ұйым басшылығы жыл басынан
бастап сатылған өнімдердің көлемі, сатудан түсім мөлшерін анықтай алады.
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату және сатылған өнімдер бойынша сатып
алушылармен есеп айырысу есебін жүргізетін жинақтаушы есеп тіркемесі ретінде 11 журнал
ордер қолданылады. Бұл журнал ордер 7010 «Сатылған өнімдердің, жұмыстар мен
қызметтердің өзін құны» шотының кредиті бойынша есепті кезең ішіндегі айналымды
көрсетуге арналған. 11 журнал ордерге жазу өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу
ведомостісі негізінде жүргізіледі.
3. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтерді сатудың талдамалық және жиынтық есебі
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды
есепке алуға 7110 «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша жұмсалған
шығыстары» шоты арналған. Бұл шоттың дебетінде есепті кезең бойы өнімдерді сату
бойынша төмендегідей шығыстар жинақталады:
- өнім салынған ыдыстар мен ыдыстық заттардың құны;
- өнімді жөнелтетін бекетке дейін тасымалдау, тиеу-түсіру шығындары;
- комиссиялық алымдар немесе жасасқан келісім шарттарға сәйкес өткізуші
ұйымдарға өнімді өткізгені үшін төленетін сыйақылар;
- өнімді өткізетін жерлерде сақтауға арналған қоймаларды күтіп-ұстау шығындары;
- сатушылардың және басқа қызметкерлердің еңбек ақысы мен еңбек ақыдан
аударымдары;
- өнімді сақтау және тасымалдау кезінде болатын табиғи жоғалтулар;
- жарнама және өнімді өткізу үшін жасалған нарықты зерттеулерге байланысты
шығындары;
- өткізушіге және басқа делдалдық ұйымдарға төленетін коммиссиялық сыйақылар;
- өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар.
Сатылатын өнімнің шығындары сатып алушының есебінен өтелетін болса, онда
бұндай шығындар 7110 шотта көрсетілмейді, тек қана қосалқы және қызмет көрсететін
өндірістер мен шаруашылықтардың қызметтері ретінде есепке алынады.
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша кірістер есебі 6010 «Өнімдерді,
жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша кірістер» шотында жүргізіледі. Шоттың
кредитінде сатудан алынған кіріс сомасы көрсетіледі, ал есепті мерзімнің соңында бұл шот
жабылып, сатудан алынған кіріс 5610 «Қорытынды пайда» шотына апарылады.
Төменде өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату және сатудан алынған кірістер
бойынша шаруашылық операцияларына бухгалтерлік жазу берілген.
10 кесте - Дайын өнім сату және алынған кіріске байланысты шаруашылық оперциялары
Шаруашылық операциялардың мазмұны
Шаруашылық
операциялары
Дебет
Кредит
Қоймадан нақты өзіндік құнымен дайын өнім босатылды
7010
1320
Келісімді бағалар бойынша сатып алушыларға салықтық шот
фактуралар ұсынылды
1210
6010
Қосылған құн салығы
1210
3130
Сатып алушылардан сатылған өнім үшін төлем алынды
1010,
1030
1210
82
Бюджетке қосылған құн салығы төленді
3130
1030
Жыл аяғында дайын өнімді өткізуден келген кірістің есепке
алынған сомасы
6010
5610
Өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың есепке алынған сомасы
5610
7010
Бақылау сұрақтары:
1. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді сату есебінің негізгі міндеттері қандай?
2. Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуге байланысты қандай құжат үлгілері
қолданылады? Және олардың рәсімделу тәртіптері қандай?
3. Өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты қандай шығындар жұмсалады?
Және оларға сипаттама беріңіздер?
4. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сатудың талдамалық есебіне сипаттама
беріңіздер.
5. Өнімді сатуға байланысты қандай бухгалтерлік жазулар беріледі?
Негізгі әдебиеттер:
1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта –
Алматы: Центр аудит – Казахстан
2. Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, Қайнар
3. Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой продукции
в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г
4. Тайгашинова К.Т. , Лапбаева С.Ш., Бердимурат Н «Вопросы организации кластера в
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ержанова С.Ж., Нурумов А.А, Чернова Н.М.: Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах» Алматы
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство»
3. НСФО №1 Бюллетень бухгалтера, 2008г.
4. Международные стандарты финансовой отчетности (Общий обзор и разъяснения).
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г.
5. Тайгашинова К.Т. , Тлеукабылова К.Б. “Значение производственной бухгалтерии в
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г
6. Ержанова С.Ж ., Нурумов А.А., Чернова Н.М., “Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах”
7. Пизенгольц П.И. и др. “Бухгалтерский учет в сельскохозяйственном производстве”
Учебник М: – М. 2007г.
Достарыңызбен бөлісу: |