Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43

61 
 
Дәріс сұрақтары: 
1.Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі мен міндеттері 
2.Мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері мен баптары 
3.Мал шаруашылығында алғашқы, талдамалық және жиынтық есепті ұйымдастыру  
4.Мал шаруашылығынан алынған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау 
  
1.  Мал  шаруашылығындағы  бухгалтерлік  есептің  әдістемелік  негізі  мен 
міндеттері 
  Еліміздің  ежелден  егжей-тегжейін  жақсы  білетін  мал  шаруашылығында  үлкен 
жетістіктерге  қол  жеткізуге  мүмкіндігі  бар  еді.  Қазіргі  экономикалық  даму  кезеңі  елдің 
агроөнеркәсіптік кешенінің алдына бірқатар жаңа маңызды міндеттерді  күн тәртібіне қойып 
отыр. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескере отырып, агроөнеркәсіптік 
кешен біздің экономикамыздың аса маңызды  жоғары кірісті саласы болуға тиіс. 
Әрине,  Үкімет  тарапынан  ауыл  шаруашылығын  өркендетуде  біраз  жұмыстар 
істелінуде. Соның ішінде мал шаруашылығын малдың өнімділігін жоғарылата отырып, оның 
басын  көбейту  мәселелері  қазіргі  таңда  агроөнеркәсіп  кешенін  жетілдіруде  негізгі  басым 
бағыттардың бірі болып отыр. 
Мал  шаруашылығы  өсірілетін  малдардың  түрлеріне  байланысты:  ірі  қара  мал 
шаруашылығы,  шошқа  шаруашылығы,  қой  шаруашылығы,  құс  шаруашылығы  және  т.б. 
болып бөлінеді. Өз кезегінде осы саланың әрқайсысы өз алдына арнайы мамандандырылған 
бағытта әртүрлі өнім өндірісімен айналасады: ірі қара мал саласы – сүт бағытындағы және ет 
бағытындағы  мал  шаруашылығы;  қой  шаруашылығы  –  жүн  және  ет  бағытындағы 
шаруашылық және т.б. өнім өндірісі салаларына бөлінеді. 
Соған  сәйкесті  мал  шаруашылығында  шығындар  сала  және  өндіріс  түрлері  бойынша 
бөлінуі қажет. Бұл өз алдына бухгалтерлік есептек көрсетілуге тиісті. 
Мал  шаруашылығында,  басқа  да  салалардағы  сияқты  жұмсалатын  шығындар  әртүрлі 
болып  келеді.  Оған  нақты  жұмсалынатын  материалдық  шығындар  (азық,  биопрепараттар, 
дәрі-дәрмектер  және  басқа  да  материалдар),  жұмсалынған  еңбек  шығыны,  негізгі 
құралдардың амортизациясы және басқа да шығындар. Сондықтан, мал шаруашылығындағы 
бухгалтерлік есеп өндіріс шығындарын олардың түрлеріне қарай қатаң бөлуге тиісті. 
 
Өндіріс  және  шығын  түрлеріне  қарай  мал  шаруашылығындағы  шығындар  өсімдік 
шаруашылығындағы  шығындар  сияқты  жүйеленеді,  бірақ  бұл  есепте  басқалай  сипаттары 
бойынша  толық  сәйкес  келетіндігі  түсіндірмейді.  Жалпы  алғанда  мал  шаруашылығындағы 
шығындар  есебінің  құрылу  тәртібінің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бұл  осы  саланың 
ерекшелігіне байланысты анықталады. 
 
Мал  шаруашылығында  қаражат  айналымы  өсімдік  шаруашылығындағы  қаражат 
айналымына  қарғанда  өзіндік  ерекшелігімен  сипатталады.  Мал  шаруашылығына  салынған 
қаржы  және  өнім  өндірісі  біркелкі  қалыпты  болып  саналады.  Мал  шаруашылығына 
қаражатты салу және оны айналымнан алу қатаң уақыт мерзімімен шектелмейді, себебі мал 
шаруашылығы  өндірісі  бірқалыпты  және  операциялардың  біртектілігімен  сипатталады.  Бұл 
ерекшеліктердің барлығы да шығындар есебін ұйымдастыру кезінде ескерілуі қажет. 
 
Себебі,  мал  шаруашылығында  қаражаттарды  өндіріске  жіберу  мн  өнім  алу  аралығы 
өте  ұзаққа  созылмайды,  сондықтан  есепті  жылы  жұмсалынған  шығындар  осы  жылдан 
алынған  өнімнің  өзіндік  құнына  апарылуға  тиісті.  Соған  сәйкесті,  мал  шаруашылығында 
шығындарды  аралас  жылдар  арасында  бөлудің  қажеттілігі  болмайды.  Демек,  мал 
шаруашылығындағы  барлық  шығындар  есепті  жылдағы  өнім  шығындары  есебі  бойынша 
шоттарда көрсетілуге тиісті. 
 
Мал 
шаруашылығында 
өсімдік 
шаруашылығына 
қарағанда 
орындалатын 
жұмыстардың  өте  ауқымды  саны  болмайды.  Мұнда  орныдалатын  технологиялық  процесс 
біртекті, яғни малды азықтандыру мен бағып-күту және өнім алу. Бұл операциялар үздіксіз 
жүргізіліп отырылады және қатаң уақытпен шектелмейді. Сондықтан, мал шаруашылығында 


62 
 
өндіріс  шығындарын  орындалатын  жұмыс  түрлеріне,  уақытқа  немесе  арнайы 
операциялардың түрлеріне қарай жіктеу жүргізілмейді. 
 
Сонымен  бір  мал  шаруашылығында  өнім  өндірісі  шоғырландырылған,  мысалы:  сүт 
бағытындағы  малдарды  өсіру  –  ірі  қара  мал  бөлімшесінде,  шошқа  шаруашылығы  –  шошқа 
фермаларында  жүзеге  асырылады.  Соған  сәйкесті,  бухгалтерлік  есепте  шығындарды 
өндірістік  бөлішелер  арасында  бөлудің  қажеттілігі  жойылады  (малдың  бір  түрін  бірнеше 
бөлімшелерде өсіру жағдайынан басқа).  
 
Сонымен,  мал  шаруашылыығнда  шығындары  мынадай  белгілеріне  қарай  жіктеудің 
қажеттілігі  болмайды:  аралас  жылдарға;  жұмыс  түрлеріне;  кей  жағдайда  өндірістік 
бөлімшелер  бойынша.  Соған  байланысты  мал  шаруашылығында  шығындарды  екі  бағытқа 
бөлу қамтамасыз етілуі қажет: 
1)  Негізгі өндіріс түрлері және мал топтары бойынша; 
2)  Негізгі шығын түрлері бойынша. 
Егер  мал  шаруашылығында  өндіріс    әртүрлі  жерлерде  орналасқан  болса,  онда 
шығындарды шаруашылықтың бөлімшелері бойынша бөлуге болады. 
Негізгі  өндіріс  түрлері  және  мал  топтары  бойынша  өндіріс  шығындарын  жіктеу 
шығындардың  талдамалық  есебін  жүргізу  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Шығындардың 
тадамалық шоттары мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша, ал саланың ішінде – 
әрбір өндірістің түрі не болмаса мал тобы бойынша ашылады. 
Ал негізгі шығын түрлеріне қарай өндіріс шығындары жіктеу тиісті есеп тіркемелері 
арқылы  жүргізіледі.  Яғни,  мұнда  шығындар  есебі  есеп  тіркемелерінде  әрбір  шығын  түріне 
ашылған бағандар бойынша ұйымдастырылады. 
Шығындарды  бөлімшелер  бойынша  жіктеу  өндірістік  есептерді  жүргізу  арқылы 
қамтамасыз етіледі. Мал шаруашылығында шығындар есебінің әртүрлі әдістерін қолданудың 
қажеттілігі болмайды.  
Мал  шаруашылығында  бухгалтерлік  есептің  негізгі  міндеттері  болып  мыналар 
саналады: 
-  саладағы  шығындарды  өндіріс  түрлері  және  мал  топтары  арасында  экономикалық 
негіздеп, бөлу; 
-  өндірілетін  өнімнің  өзіндік  құнын  қалыптастыратын  барлық  шығындарды 
элементтері және баптарына қарай дұрыс жіктеу; 
- мал шаруашылығынан алынатын өнімді дер кезінде, толық және дұрыс бухгалтерлік 
есепте көрсету; 
- шаруашылық бөлімшелері бойынша шығындарды нақты бөлу; 
-  мал  шаруашылығынан  алынатын  негізгі,  ілеспе  (сопряженной)  және  өнімдердің 
өзіндік құндарын экономикалық негізде анықтау. 
 
2. Мал шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері мен баптары 
 
Мал  шаруашылығы  саласында  шығындар  мен  өнім  шығымы  есебі  8110/2  «Мал 
шаруашылығы» операциялық-калькуляциялық шотында жүргізіледі, шоттың дебеті бойынша 
барлық шығындар, ал кредиті бойынша алынған өнім құны көрсетіледі. 
 
Бұл  шот  бойынша  шығындар  есебінің  объектілері  ретінде  саладағы  мал  топтары  не 
болмаса  мал  түрлері  алынады.  Демек,  мал  шаруашылығындағы  шығындар  есебінің 
объектілері болып келесілер саналады: 
 
Ірі қара шаруашылығы. Ірі қара мал – сүт бағытындағы: негізгі табын, бордақылауға 
қойылған  барлық  жастағы  мал  мен  ересек  мал,  өсірудегі  сиырлар  мен  қашарлар  (өсіру 
бағыты  бойынша  мамандандырылған  шаруашылықтарда).  Ірі  қара  мал  –  ет  бағытындағы: 
негізгі  табын,  8  айдан  жоғары  жас  мал  және  өсірудегі  ересек  мал.  Бұқалар  –  бұқалардың 
негізгі табыны, бордақылауға қойылған барлық жастағы бұқалар мен ересек бұқалар. Өгіздер 
–  өгіздердің  негізгі  таыны,  бордақылауға  қойылған  барлық  жастағы  өгіздер  мен  ересек 
өгіздер. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау