Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43

67 
 
- 1 т көң (43320:1100 т) 
39-40 
 
Бордақылауға қойылған жас мал мен ірі қара мал бойынша калькуляциялау объектісі 
тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақ болып саналады. Жыл ішінде алынған тірі салмақ өсімін 
анықтау үшін есепті топтағы малдың жыл соңындағы жалпы тірілей салмағына жыл ішінде 
шыққан  малдың  тірілей  салмағын  қосады  (өлген  малдардың  тірілей  салмағын  қоспағанда). 
Шыққан тірілей салмақ қосындысынан төлдің, жыл бойы бордақылауға түскен және есепті 
жылдың  басында  қалған  малдың  тірілей  салмағын  шегеріп  тастайды.  Алынған 
айырмашылық  жыл  ішінде  алынған  мал  түлегі  бойынша  тірі  салмақ  өсімін  құрайды.  1 
центнер  тірі  салмақ  өсімінің  өзіндік  құнын  анықтау  үшін  мал  түлегіне  жалпы  шығын 
сомасынан жанама өнімнің құнын шегере отырып, тірі салмақ өсіміне тиісті шығын сомасын 
алынған тірі салмақ өсімінің көлеміне бөледі. 
1  центнер  тірілей  салмақтың  өзіндік  құнын  анықтау  үшін  есепті  жылдағы  малды 
бордақылауға  және  күтіп-ұстауға  жұмсалынған  шығын  сомасына  (жанама  өнімнің  құнын 
шегере  отырып)  жыл  басындағы  бордақылауға  қойылған  малдардың  баланстық  құнын, 
есепті  жылда  бордақылауға  түскен  малдың  әділ  құнын  және  есепті  жылда  алынған  төлдің 
әділ  құнын  қосып,  шыққан  қорытынды  соманы  мал  басының  санына  бөледі  (бодақылауға 
қойылған  малдың  жыл  соңындағы  тірілей  салмағы,  жыл  бойы  шыққан  малдың  тірілей 
салмағы (өлген малдың тірілей салмағын қоспағанда)). 
1  центнер  тірі  салмақ  өсімі  мен  тірілей  салмақтың  өзіндік  құнын  есептеуді  7-кесте 
арқылы көрсетіп отырмыз. 
 
7 кесте - 1 центнер тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақтың өзіндік құнын 
калькуляциялау 
 
№ 
Көрсеткіштер 
Мал басы, 
бас 
Тірілей 
салмақ, ц 
Өзіндік 
құны, 
теңге 

Жыл басындағы қалдығы 
950 
2085 
2 291 110 

Жыл ішінде түскені: 
- төл 
- тірі салмақ өсімі 
- сатып алынғаны 
Барлығы 
 
400 

40 
1390 
 
140 
820 
110 
3155 
 
600 000 
842 960 
162 950 
3 897 020 

Негізгі табынға ауыстырылғаны 
60 
270 
287 280 

Сатылғаны 
360 
1144 
1 217 220 

Өлгені 


х 

Барлық шыққаны 
424 
1417 
1 504 500 

Жыл соңында қалғаны 
966 
1738 
2 392 520 

1 центнер тірілей салмақтың өзіндік құны 
х 
х 
1376-60 

1 центнер тірі салмақ өсімінің өзіндік құны 
х 
х 
1028-00 
 
Ет  бағытындағы  ірі  қара  мал  шаруашылығы.  Ет  бағытындағы  ірі  қара  мал 
шаруашылығы бойынша калькуляциялау объектілері болып тірі салмақ өсімі, 8 айға дейінгі 
бұзаулар  және  тірілей  салмақ  саналады.  Ал  8  айдан  жоғары  жас  мал  және  бордақылауға 
қойылған ірі қара мал бойынша – тірі салмақ өсімі мен тірілей салмақ саналады. 
8  айға  дейінгі  бұзау  бойынша  1  центнер  тірі  салмақ  өсімінің  өзіндік  құнын  анықтау 
үшін  негізгі  табынды  бағып-күтуге  жұмсалынған  шығындардан  (екі  жастан  асқан, 
бұзаулауына  2  ай  қалғанда  аналық  табынға  берілген  қашарлармен  қоса  сиырлар  және 
өгіздерді  бағып  күту  шығындары,  8  айға  дейінгі  бұзауларды  бағып  күту  шығындарымен 


68 
 
қоса)  жанама  өнімнің  құнын  шегере  отырып,  қалған  шығын  сомасын  8  айға  дейінгі 
бұзаулардан алынған нақты тірі салмақ өсіміне бөлу қажет. 
Енесінен  айырған  кезде  8  айға  дейінгі  1  бас  бұзаудың  өзіндік  құны  негізгі  табынды 
бағып-күтуге  жұмсалынған  шығындардан  (екі  жастан  асқан,  бұзаулауына  2  ай  қалғанда 
аналық  табынға  берілген  қашарлармен  қоса  сиырлар  және  өгіздер)  жанама  өнімнің  құнын 
шегере  отырып,  жыл  басынан  бастап  сол  топта  жүрген  және  жыл  ішінде  сырттан  алынған 
бұзаулардың әділ құнын қосып, алынған сома жыл аяғында қалған, жыл ішінде шыққан және 
8 айға толмаған бұзаулардың жалпы салмағына бөлу қажет. 
Бордақылауға  қойылған  8  айдан  асқан  жас  мал  мен  ірі  қара  малдың  тірілей 
салмағының өзіндік құны да сауын малындағы мал төлі бойынша тірілей салмағының өзіндік 
құны сияқты анықталады. 
Қой және ешкі шаруашылығы. Қой шаруашылығында шығындар есебінің объектілері 
болып қойдың биязы жүнді, биязылау жүнді, ұяң жүнді, жартылай ұяң жүнді бағытындағы 
негізгі табын, өсімдегі және бордақылаудағы ересек қойлар мен жас қойлар топтары (3 айдан 
жоғары  жастағы  қозылар)  болып  саналады  да,  ал  калькуляциялау  объектілері  болып  жүн 
(биязы, биязылау ұяң жүн), төл, тірі салмақ өсімі алынады.  
Қой  шаруашылығында  бір  уақытта  негізгі  өніммен  қатар  жанама  өнім  де  (қи,  жүн 
талшығы,  өлген  төлдің  терісі)  алынады.  Қи  шығындары  оны  жинауға  жұмсалатын 
нормативтік  шығындардан,  құрал-жабдықтарға  есептелген  тозу  сомаларынан,  қиды  сақтау 
орындарынан  жою  шығындарынан  тұрады.  Ал  қиды  минералды  тыңайтқыш  ретінде 
пайдалануға  дайындаса,  онда  оларды  тасымалдау,  тиеу-түсіру  шығындары  өсімдік 
шаруашылығының  шығындарына  апарылады.  1  тонна  қидың  өзіндік  құнын  анықтау  үшін 
норматив бойынша қиға апарылған шығынның жалпы сомасын оның физикалық салмағына 
бөледі. 
Сонымен,  қой  шаруашылығында  шығындар  есебі  мен  өнімнің  өзіндік  құнын 
калькуляциялаудың объектілерін төмендегі 8 – кесте арқылы көрсетуге болады. 
 
8 кесте – Қой шаруашылығындағы шығындар есебінің объектісі және алынатын өнім 
түрлері 
 
Шығындар есебінің объектілері  Калькуляциялау объектілері
Калькуляциялау 
бірліктері 
Қойдың негізгі табыны (айыруға 
дейінгі  қозылар  мен  аналықтар, 
қошқарлар) 
Жүн (негізгі өнім)  
Ет (негізгі өнім) 
Айыруға дейінгі қозылар  
Сүт (жанама өнім) 
1 бас 
1 ц 
1 ц 
1 ц 
1 ц 
Өсімдегі  және  бордақылаудағы 
қойлар 
Тірі салмақ өсімі 
Тірілей салмақ  
Жүн  
1 ц 
1 ц 
1 ц 
 
     Жанама өнім 
Сүт 
Өлген төлдің терісі  
Қи 
Түлеген жүн 
1 ц 
1 дана 
1 т 
1 ц 
 
Қой  шаруашылығында  өнімнің  өзіндік  құны  қойдың  түрлеріне  тікелей  апарылатын 
негізгі  шығындардың  сомасынан  және  белгіленген  әдіс-тәсілдер  арқылы  есепті  мерзімнің 
соңында бөлініп таратылатын үстеме шығындардан тұрады. 
Қой  шаруашылығынан  алынған  жанама  өнімдер  калькуляцияланбайды.  Ал,  қойдан 
алынған  қосарлы  өнім  олардың  мүмкін  сатылу  немесе  пайдалану  бағасы  бойынша 
бағаланады. Оған қойдың қылшық жүні, сойылған қойдың терісі және т.б. жатады. Қосарлы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау