Тақырыбы: Әміре Қашаубаев. Төл сөз. Мақсаты: - 1.Білімділік: Әлемге белгілі болған әнші Әміре
- Қашаубаев шығармашылығымен танысу,Төл
- сөз,оның жасалу жолдары туралы түсінік беруде
- «Сын тұрғыдан ойлау» стратегияларын
- қолдану.
- 2.Дамытушылық: Оқушы бойында музыкаға деген
- қызығушылықты ояту ,өнерге баулу,өзіндік
- пікірін еркін жеткізуге ықпал жасау.
- 3.Тәрбиелік: Музыка арқылы оқушыға рухани тәрбие
- беру , топпен жұмыс үстінде оқушы арасындағы
- бәсекелестік пен алға ұмытылу қасиеттерін
- жетілдіру, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: - Төл сөз бен автор сөзін оқушының ажырата білуі; төл сөздің сөйлем ішінде орналасу тәртібін жете түсінуі; білімін тәжірибеде пайдалана білуі.
-
- Сабақтың көрнекілігі: «Сын тұрғысынан ойлау» элементтері.
- Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту.
- Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары: - Пысықтау сұрақтары:
- 1)Қазақ халқы қандай халық?
- 2)Қазақ халқының музыкалық мәдениеті қандай?
- 3)Қазақ халқы кімдерді ерекше құрметтеген?
- 4)Музыка нешеге бөлінеді;қалай аталады?
- 5)Классикалық музыка қалай аталады? Ол қандай музыка?
- 6)Жеңіл музыканы кімдер ұнатады?
- 7)Жеңіл музыка түрлерін ата.
- 8)Жасөспірімдердің сүйіп тыңдайтын музыкасын ата.
- 9)Орта жастағы адамдар қай музыка түрін сүйіп тыңдайды?
- 10)Рок музыканың негізін салушылар кімдер?
- 11)Қазақстанның эстрада жұлдыздарын ата.
- 12)Қазақ әншілерінің қандай әнін білесің? Орындап бер.
Жаңа сабақ: - Жаңа сабақ:
- Әміре Қашаубаев. Төл сөз.
- Ән-халық үні, оның шындығы,
- ойы, сезімі.
-
- Ж. Жабаев
Сөздікпен жұмыс - сөз аспаптары - музыкальные
- инструменты
- сақтаулы тұр – хранится
- өнер көрсеткен - выступавший
- көрме – выставка
- құбылыс – явление
- дарынды – талантливый
- емін-еркін жететін – свободно достигал
Әміре Қашаубаев - Семейде Абыралы деген жерде туған Әміре бүкіл қазақ даласына, бүкіл дүние жүзіне белгілі әнші болған. Оның ғажап дауысы, орындаушылық шеберлігі әлемді таңғалдырған.
- Әміре 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқады.
- Қазір Әміренің домбырасы саз аспаптары мұражайында сақтаулы тұр. Міне, осы домбырамен Әміре Парижде өткен Халықаралық этнографиялық көрмеде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» сияқты әндерді орындаған. Өнер зерттеушісі А.Затаевич: «Әміре Қашаубаев – қазақ әншілерінен шетелде өнер көрсеткен тұңғыш адам», - деген болатын.
- Француз жазушысы Анре Барбюсттің: «Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім», - деген сөздері дәл айтылған.
- Әміренің дауысы екі октаваға емін-еркін жететін болған. Бұл табиғатта өте сирек кездесетін ерекше құбылыс еді. Әміре тек әнші ғана емес, аса дарынды актер де болатын. («Қазақ тілі хрестомаиясынан»)
Сұрақтарға жауап алу - 1. Ә.Қашаубаев туралы не білдің?
- 2. Әміре Парижде қандай халық әндерін орындаған?
- 3. Халқымыздың қандай халық әншілерін білесіңдер?
Қазыбек би қалмақ ханына: «Ешкімге тиіспей жатқан елміз», - деген екен. - Қазыбек би қалмақ ханына: «Ешкімге тиіспей жатқан елміз», - деген екен.
Біреудің айтқан сөзі - Біреудің айтқан сөзі
-
- Іштей айтылған ой Мақал-мәтелдер
-
- Қанатты сөздер Даналық сөздер
- Шығармадан алынған үзінділер
- Диалогты сөзден басқа төл сөз тырнақшамен жазылады.
Мысалдар: - 1. Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.
- 2. Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті».
- 3. «Келешек - өткен тарихты қорғау», - дейді Олжас Сүлейменов.
Тест сұрақтары: - 1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді тап:
- а) – Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен;
- в) – Көктемде неге желікті, - деп сұрадым мен;
- с) – Көктемде неге желікті! – деп сұрадым ме;.
- 2. Төл сөз дегеніміз не?
- а) Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі;
- в) Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруі;
- с) Сөйлеуші біреудің айтқан сөзін сәл өзгертіп беруі;
- 3. Төл сөзі бар сөйлемді тап:
- а) - Әттең, - деді;
- в) Ертең келеді;
- с) Таң. Тау самалы.
Тест сұрақтары: - 4. Берілген сөйлемнің сызбасын тап:
- Абай: «Байқап сөйле!» - деді.
- а) Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.
- в)Төл сөз: «Автор сөзі!» - төл сөз.
- с) Автор сөзі: «Төл сөз!» - автор сөзі.
- 5. Автор сөзі дегеніміз не?
- а) Біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол күйінде беруі;
- в) Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі;
- с) Екі адамның сөзі;
Үйге тапсырма: - Мәтінді мазмұндау; 8. 2. 8 – т.
- «Қазақ мәдениетіне, өнеріне зор еңбек сіңірген тұлғалар» тақырыбына мәнжазба дайындау.
- Бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |