Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет34/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43

75 
 
Жалпы  шаруашылық  мақсаты  үшін  жұмсалынған 
материалдардың құны 
7210 
1310, 1350 
Басқару қызметкерлеріне есептелінген еңбек ақы 
7210 
3350 
Әлеуметтік салық 
7210 
3150 
Жалпы  мақсаттағы  негізгі  құралдарды  жөндеу  бойынша 
жұмсалынған шығыстар 
7210 
1310, 1350, 3310, 
3390 
Әкімшілік  мақсатындағы  негізгі  құралдарға  есептелген 
тозу сомасы 
7210 
2420, 2520 
Жалпы 
шаруашылық 
мақсаттағы 
жылу, 
энергия 
шығыстарының құны 
7210 
3310, 4110 
Есепті  мерзімнің  соңында  әкімшілік  шығыстардың 
есептен шығарылуы 
5610 
7210 
 
7210  шотында  есепке  алынған  жалпы  және  әкімшілік  шығыстар  есепті  мерзімнің 
соңында  осы  шотың  кредитінен  5610  «Қорытынды  пайда  немесе  зиян»  шотының  дебеті 
бойынша есептен шығарылады.  
 
2. Үстеме шығындардың есебі және оларды бөлу 
 
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында үстеме шығыстарға арнайы өндірістік саланы 
басқару,  сондай-ақ  өндірілген  өнімнің  бір  түріне  немесе  бір  шығын  объектісіне  тікелей 
апаруға  болмайтын,  яғни  жалпы  салаға  не  болмаса  жалпы  өндірістік  бөлімшеге  қатысты 
әртүрлі өндірістік шығындар жатады. 
 
Ауыл  шаруашылығы  өндірісіндегі  үстеме  шығыстарды  өсімдік  шаруашылығының 
және мал шаруашылығының үстеме шығыстарды деп бөліп қарастыруға болады. 
Үстеме шығыстардың есебі 8410 «Үстеме шығыстар» деп аталатын жинақтап бөлуші 
активтік  шотында  жүргізіледі.  Бұл  шоттың  дебеті  бойынша  жыл  бойы  шығындар 
жинақталып,  ал  жылдың  соңында  шоттың  кредиті  бойынша  шығындар  негізгі  өндіріс 
шығындарының  шоттарына  шығарылады.  Нәтижесінде  жылдың  соңында  үстеме  шығыстар 
шотында қалдық қалмай, шот жабылады. 
8410 «Үстеме шығыстар» шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады: 
8410/1 «Өсімдік шаруашылығының үстеме шығыстары»; 
8410/2 «Мал шаруашылығының үстеме шығыстары». 
Үстеме 
шығыстар 
есебі 
арнайы 
белгіленген 
шығын 
баптары 
арқылы 
ұйымдастырылады. Бұл шығын баптарына сипаттама жеке-жеке беріп өтуге болады. 
1)  Саланың  басқару  аппараттарын  ұстау  шығындары.  Бұл  шығын  бабы  бойынша 
саланы  басқарушылардың  еңбек  ақылары  мен  еңбек  ақыдан  аударымдары  есепке  алынады. 
Өсімдік  шаруашылығында  –  бас  агрономдардың,  бөлім  және  учаскі  меңгерушілерінің, 
бухгалтерлер  мен  есепшілердің  еңбек  ақылары  мен  еңбек  ақыдан  аударымдары 
жинақталады.  Мал  шаруашылығында  –  бас  зоотехниктердің,  ферма  және  учаскі 
меңгерушілерінің,  бухгалтерлердің  еңбек  ақылары  мен  еңбек  ақыдан  аударымдары 
жинақталады. 
2)  Саланың  басқа  да  қызметкерлерін  ұстау  шығындары.  Мұнда  өсімдік  және  мал 
шаруашылығын  басқаруға  қатысты  өндірістік  бөлімдер  мен  фермалардағы  бригадирлердің, 
қатардағы  агрономдар  мен  зоотехниктердің,  мал  дәрігерлерінің  және  өндірісті  басқарумен 
айналысатын көмекші мамандардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары есепке 
алынады. 
3)  Еңбекті  қорғау  және  техникалық  қауіпсіздендіру  шығындары.  Мұнда  өндірістік 
машиналар  мен  құрылғылар  арқылы  орындалатын  жұмыстың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 
мақсатында  жұмсалынған  шығындар,  яғни  қоршаулар  мен  агрегаттар  орнату,  дыбыс 
құралдары  мен  желдеткіштерді  құрастыруға  байланыст  ышығындар  есепке  алынады.  Бұл 
шығын  бабында  сонымен  қатар,  өндірістік  тазалықты  қамтамасыз  ету  (жунатын 
құрылғыларды орнату, су өткізу, канализация және т.б.) және еңбекті қорғауға байланысты 


76 
 
басқа  шығындар  (белгі  беретін  жазуларды  рәсімдеу,  анықтамалар  мен  нұсқауларды  сатып 
алу және т.б.) есепке алынады. 
4)  Жалпы  салалық  негізгі  құралдарды  күтіп-ұстау  шығындары.  Бұл  бап  бойынша 
жалпы  өндірістік  мақсаттағы  негізгі  құралдардың  амортизациясы  мен  оларды  ағымдағы 
жөндеуге  байланысты  шығындар:  өсімдік  шаруашылығында  –  агрокабинеттерді, 
агрохимиялық  зертханаларды,  ауыл  шаруашылығы  машиналарын  сақтау  орындарын;  мал 
шаруашылығында  –  мал  дәрігерлік  зертханаларды,  мал  дәрігерлік  пунктер  мен 
дәріханаларды,  мал  дәрігерлік  автокөліктерді  күтіп-ұстау  мен  олардың  амортизациялары 
есепке алынады. 
5)  Жеңіл  автокөліктерді  күтіп-ұстау  шығындары.  Бұл  бапта  салаға  қызмет  көрсетуге 
байланысты  жеңіл  автокөліктерді  күтіп-ұстауға  жұмсалынған  шығындар  есепке  алынады. 
Оған жанар-жағар май құндары, жеңіл автокөліктердің амортизациясы мен оларды ағымдағы 
жөндеу  шығындары  жатады.  Сонымен  бірге  бұл  бапта  өндірістік-техникалық 
қызметкерлерге  өндірістік  бөлімшелерді  аралау  мақсатында  берілген  аттарды  күтіп-ұстау 
шығындары да есепке алынады. 
6)  Уақытша  құрылыс  жайларды  күтіп-ұстау  шығындары  (тек  өсімдік  шаруашылығы 
бойынша).  Өсімдік  шаруашылығының  маусымдық  жұмысына  байланысты  уақытша  тұрғын 
жайларды  (күрделі  емес)  тұрғызу,  олардың  амортизациясы,  егіс  алаңдарында 
тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады. 
7)  Көліктік  қызмет  көрсетулер.  Бұл  шығын  бабы  бойынша  әрбір  салаға  көрсетілген 
көліктік  қызметтердің  құны  көрсетіледі.  Өсімдік  шаруашылығында  –  машиналар  мен 
өндірістік  құрылғыларды  бір  учаскіден  екінші  уаскіге  тасымалдау,  су  және  жұмыс 
машиналары  мен  комбаиндарына  жанар-жағап  май  тасымалдау,  жұмысшыларды  егіс 
алаңына  әкелу  шығындары;  мал  шаруашылығында  –  жұмысшыларды  жұмыс  орындарына 
тасымалдау, құрылғылар мен материалдарды ішкі орын ауыстыру және басқа да шығындар 
жатады. 
8)  Басқа  да  шығындар.  Бұл  шығын  бабы  бойынша  жалпы  өндірістік  мақсат  үшін 
жұмсалынған  энергия,  жылыту,  эрозияға  қарсы  шараларды  жүзеге  асыруға  байланысты 
шығындар мен карантин шараларын ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады. 
 
Өсімдік және мал шаруашылыығнда жыл бойы жұмсалынған үстеме шығындар 8410 
«Үстеме шығыстар» шоты дебеті және келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланып 
көрсетіледі: 
  -  1310,  1350  –  жалпы  өндірістік  мақсаттағы  ғимараттар  мен  құрылыс  жайларды, 
көмекші цехтарды күтіп-ұстау үшін жұмсалынған материалдар; 
-  3350  –  өндірісті  басқару  және  оған  қызмет  көрсетуші  қызметкерлерге  есептелінген 
еңбек ақы сомасы
- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық сомасы мен міндетті 
әлеуметтік аударымдар; 
-  3310,  8310  –  резерв  жасақталмаған  кезде  өндірістік  негізгі  құралдарды  ағымдағы 
жөндеу  шығындарының  сомасы  (мердігерлер  көрсеткен  қызметтер  және  көмекші  өндіріс 
қызметі); 
- 2420 – өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың тозу сомасы
-  3310,  8310  –  өндірістік  мақсаттағы  ғимараттар  мен  құрылыс-жайлар  үшін 
есептелінген коммуналдық төлемдер; 
- 3360, 4150 – өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау ақылары
- 3240 – негізгі құралдар мен қой басын ерікті сақтандыру төлемдері; 
-  1310,  1350  –  кінәлі  тұлға  болмаған  жағдайда  мал  азығының  және  басқа 
материалдардың бұзылуынан жетіспеушіліктер сомасы. 
Ауыл  шаруашылығы  бөлімшелерінде  үстеме  шығындардың  есебін  жүргізу  үшін  ай 
сайын  «Орындалған  жұмыс  және  жұмсалған  шығын  есебінің  журналы»,  «Материалдардың 
қозғалысы  есебі»  және  басқа  да  алғашқы  құжаттардың  негізінде  өндірістік  үстеме 
шығындардың  айлық  есебі  жүргізіліп  отырылуға  тиісті.  Бірақ,  қазіргі  жағдайда  кішігірім 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау