лингвистикалық толеранттілік пен азаматтық бірдейлік, тілдерді үйрену уәждемесі, өзін-өзі оң
бағалауды қалыптастыру тәсілдері;
көпмәдениетті және көптілді ортада әлеуметтік әрекеттесудің теориясы мен тәжірибесі.
3-еңбек қызметі
Әдістемелік: білім
үдерісін әдістемелік
қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
тәлімгердің жетекшілігімен сабақ беретін пәндер бойынша ОӘК әзірлейді;
тәлімгердің жетекшілігімен білім ұйымдарының миссиясы мен мақсатына сай авторлық курстарды
дайындайды.
Білім:
ТжКБ дамытудың әлемдік үрдістері ;
халықаралық ұйымдардың білім стратегиялары мен педагогикалық тұжырымдамалар (БҰҰ, ЕҚЫҰ
және т.б.)
авторлық курстар, ғылыми-әдістемелік кешендерді әзірлеу әдістері;
көптілді кадрларды дайындау шеңберінде ғылыми-әдістемелік өнімдерді әзірлеу әдіснамасы, ғылыми-
әдістемелік кешендер.
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім
мазмұнын меңгеру
деңгейін
зерделейді, білім
ортасын зерттейді
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді
қолданады;
өз бетімен практикалық педагогикалық қызметінде зерттеу нәтижелерін қолданады;
өз бетімен және әріптестерімен өзара әрекеттесе зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізеді;
әріптестерімен өзара әрекеттесе білімнің тәжірибесін жетілдіру үшін психологиялық-педагогикалық
ғылымда зерттеулер жоспарлайды және өткізеді ;
әріптестерімен өзара әрекеттесе арнайы салада зерттеулерді жоспарлайды және өткізеді, оның ішінде
пайда болған нәтижелерді коммерциялау үшін.
Білім:
педагогикадағы және арнайы саладағы ғылыми зерттеулердің теориялық-әдістемелік негіздері;
зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық әрекетке енгізу әдістері;
көптілді және көпмәдениетті білім саласындағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасы;
зерттеу нәтижелерін коммерциялау механизмдері.
5-еңбек қызметі
Әлеуметтік -
коммуникативтік:
кәсіби
қоғамдастықпен
және білімнің
барлық мүдделі
тараптарымен
өзара әрекеттесуді
жүзеге асырады
Іскерлік пен дағдылар:
оқу-тәрбие үдерісіне жұмыспен қамтушыларды, кәсіби бірлестіктер, ғылыми ұйымдар, шетел
серіктестер өкілдерін тартады;
білім алушылардың халықаралық ынтымақтастығын дамытады .
Білім:
ғылыми-педагогикалық менеджмент негіздері;
кәсіби саладағы халықаралық ынтымақтастық нормалар, ережелер, әдістер мен құралдар.
Тұлғалық және
кәсіби құзыреттілік
Кәсіби қызметке арналған қажет жаңа білімдерді өз бетімен алуға дайын болуы.
Академиялық және кәсіби ортада ғылыми пікірталастарға қатысу қабілеті, сондай-ақ
зерттеулердің бастапқы нәтижелерін түрлі деңгейдегі академиялық басылымдарда жариялау.
Кәсіби әрекет нәтижелері үшін жауапкершілікті өз мойына алу қабілеті.
Мемлекеттік және басқа тілдерде табысты оңтайлы іскерлік коммуникацияға қабілетті.
Тіл табысушылығы, толеранттілігі, ораторлық шеберлігі.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, нысандары мен құралдарын жасау және қолданудағы
белсенділіктің жоғары дәрежесі
Әр түрлі тілдік құралдарды қолдану арқылы еркін өз ойын білдіру қабілеті ;
Мемлекеттік және басқа тілдерде табысты және жағымды іскерлік тіл табысу қабілеті;
Тіл табыса білуі мен толеранттілігі.
СБШ шеңберінде
Білімнің менеджері
басқа
мамандықтармен
байланысы
Кәсіби стандарттың техникалық мәліметтері
Әзірленген:
Қазақстан жоо ассоциациясы, ТжКБ оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстанның
мұғалімдер ассоциациясы
Нұсқа нөмірі және шығу жылы
2-нұсқа, 2016 жыл
Қайта қараудың болжалды мерзімі 2019 жылдың 01 қыркүйегі
МАМАНДЫҚ КАРТОЧКАСЫ:
«Педагог. Жоо оқытушысы»
Кәсіп коды
2310
Кәсіп атауы
Педагог. Жоо оқытушысы
СБШ бойынша
біліктілік деңгейі
7 (7.1; 7.2-деңгейше)
БА бойынша
біліктілік деңгейі
4
Кәсіби білім
деңгейі
Магистратура және/немесе практикалық тәжірибе
Еңбек қызметі
1) оқыту
2) тәрбиелеу
3) әдістемелік
4) зерттеушілік
5) әлеуметтік-коммуникативтік
1 –еңбек қызметі
Оқытушылық: оқу
ақпаратын
таратады, өз
бетімен оқуға
үйретеді
7.1
Іскерлік пен дағдылар:
әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген және бекітілген талаптарды есепке алып, өз бетімен
семинарлар, практикалық және лабораториялық сабақтарды өткізеді;
мақсатты тілдің тәжірибесі бойынша өз бетімен сабақтар өткізеді (көптілді бағдарламалармен
жұмыс жасайтын оқытушылар үшін );
тәлімгердің жетекшілігімен курстың мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарының (семинарлық,
практикалық, зертханалық) мазмұнын анықтайды және нысандары, әдістері мен құралдарын
таңдайды;
білім алушылардың өздік жұмысын өз бетімен жоспарлайды және ұйымдастырады .
Білім:
бакалавриатта педагогикалық мамандықтың бағдарламасын меңгергендер үшін:
арнайы сала (оқу пәндері, білім салалары, білім модульдері) дидактикасының классикалық
ережелері теориялық тұжырымдамалармен кіріктіріледі;
кәсіби білім теориясы мен әдістемелері ;
көптілді кадрларды дайындау аспектісіндегі дидактика;
оқытылатын курстың (пән) оқу бағдарламасының мазмұны;
арнайы саладағы жаңа жетістіктері, студенттердің психологиясы, ТжКБ оқытудың заманауи
технологиялары,
академиялық және кәсіптік мақсаттар үшін оқу ортасында қолданыстағы тілдер, қажетті деңгейден
төмен емес;
қосымша: бакалавриатың педагогикалық емес мамандықтардың бағдарламасын игерендер үішн:
жалпы педагогика мен жалпы психология;
жас мөлшерінің физиологиясы мен жас мөлшерінің психологиясы.
2-еңбек қызметі
Тәрбиелік: білім
алушыларды
әлеуметтік
құндылықтар
жүйесіне тартады
Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;
білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;
жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт
балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ;
оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады;
тілдік құзыреттілікті, мәдениет туралы білімді дамытады;
білім алушылардың мәдениеттік, тілдік қажеттілігі бойынша қолайлы білім ортасының дамуына
ықпал жасайды.
Білім:
жалпы педагогика;
студенттердің психологиясы;
Достарыңызбен бөлісу: |