Эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру
Мектептің инновациялық іс-әрекеті – білім беру мазмұнын жаңарту (оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары, базистік және вариативтік компоненттері); педагогикалық технологиялар, әдістерін мен жұмыс формаларын жаңарту; өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалау және біріккен танымдық іс-әрекет бойынша әріптестерді бағалаумен үйлесімділігі.
Эксперимент – қандай да бір мәселеге қатысты зерттеу жұмысы (М.М. Поташник).
Эксперимент – баланы оқыту, тәрбиелеудің жаңа технологияларын тексеруден өткізу мен дайындауға, мектепті дамытуға бағытталған және бақыланатын педгогикалық іс-әрекет (М.М. Поташник).
Эксперимент – педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелеріне әсер ететін маңызды факторлардың бөлінуін болжайтын және осы факторларды тиімді нәтижелерге жету үшін ауыстыра отырып, пайдалануға мүмкіндік беретін зерттеу әдістері (В.И. Загвязинский).
Дәл осы эксперимент мектептің әрбір жаңару (яғни даму) жолының негізінде жатқан жаңалықтарды ашу және оны игеру құралы (әдіс, механизм, технология) болып табылады.
Эксперимент барысында сапалы нәтижелерге жылдам жету үшін, сонымен қатар қауіпсіздікті төмендету үшін эксперимент тыңғылықты ойластырылған және ең жоғары деңгейде ұйымдастырылған болуы тиіс. Эксперименттің қауіптілігін қандай да бір деңгейге дейін төмендету үшін, эксперимент бағдарламасын дайындау керек.
Экспримент бағдарламасының құрылымы
1.Экспериментті жүргізу идеясы пайда болды. Басшының ең алғашы ойлау жұмысы бұл тақырыпты негіздеп алу. Оқыту мен тәрбилеу практикасында дәстүрлік жолдан бас тартып, жаңа нәрсені іздеуге қандай қарама-қайшылықтар, мәселелер, немесе қандай сұранымдардан нақ осы экспериментті қою қажеттілігі туындайтындығын ойластыру керек.
2.Идеяның көкейкестілігі негізделгеннен кейін тақырыпты
қалыптастыру кезеңіне көшу керек.
Эксперименттің нақтылығын, ашықтығын, терең ойлылығын, ғылыми жан-жақтылығын, оның ең ұтымды жолмен ұйымдастырылғандығын эксперименттің (зерттеудің) объектісі мен пәнін анықтау кезінде көруге болады..
3.Зерттеу объектісі – бұл педагогикалық кеңістікте
орналасқан зертелінетін нәрсе. Зерттеу объектісі ретінде
педагогикалық немесе оқу ұжымы, мектептің тәрбие
жұмысының жүйесі, оқу-тәрбие процесі, қандай да бір
пәнді оқыту, мектептің басқару жүйесі және
т.б., айтуға болады.
4.Зерттеу мәні – бұл обьектің нақты бөлігі немесе үрдісі,
онда өтіп жатқан зерттеленетін мәселенің аспектісі.
Мысалы, объект ретінде гимназияның ОТЖ болатын болса,
онда мәні ретінде мысалға алғанда оқу жоспарының ең
тиімді жолдарын қалыптастыруды айтуға болады. Мәні
қандай да бір объектінің шеңберінде зерттеледі.
Ереже бойынша, зерттеу мәні белгілі бір дәрежеде
экспериементтің тақырыбымен сәйкес келеді.
5.Эксперименттің мақсаттары – алдымен өзің «Ұйымдастырылатын эксперименттің нәтижесінде нені
жасаған келеді?» деген сұраққа жауап беруің керек. Осы
нәтиже ретінде мыналар болуы мүмкін: жаңа әдістеме,
жаңа бағдарлама немесе оқу жоспары, алгоритм, құрылым,
белгілі технологияның жаңа нұсқасы және т.б.
Кез келген эксперименттің мақсаты әдетте ...анықтау;
.....ашу; .....қалыптастыру; ....негіздеу; ....жүргізу; ...құрастыру деген сиқты етістіктермен аяқталады.
6.Эксперименттің міндеттерін анықтау. Міндеттер – бұл
нақты немесе жеке мақсат. Мақсат «веер»
секілді, бір-бірімен байланысқан міндеттерді бір жүйеге
жинақтайды. Міндеттерде эксперимент барысында
шешуге қажет болатын проблемалар жинақталады.
7.Эксперименттің болжамы – ОТЖ жоғары нәтижелілігін
алу мүмкіндігі пайда болатын жаңалықтарды енгізу
механизмі, технология, болашақ әдістеме, модель толықтай
суреттелген жормал. Болжам «Егер..., онда» немесе
«Қаншалықты..., соншалықты...» сөлемдерден тұрады.
Эксперимент барысында болжам нақтыланып,
толықтырылуы, дамуы мүмкін және одан бас тартуымыз да
мүмкін. Болжамсыз ешқандай да эксперимент,
ешқандай жаңалық тіптен болуы мүмкін емес.
8.Зерттеудің нақты әдістері мен әдістемелерін дайындау
және таңдау.
Тәірибелік-эксперименттік жұмыстың әдістері шартты
түрде екі топқа бөлінеді: эмпирикалық және теориялық.
Эмпирикалық (тәжірибеге неігзделген) әдіс: эксперименттің тақырыбына сай әдебиеттерді, нормативтік, инструктивті-әдістемелік құжаттарды зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, тәжірибені зерттеу және жалпылаудан тұрады.
Теориялық әдіс: тарихи-генетикалық әдіс, модельдеу, салыстыру, жалпылау, жүйеге келтіру, синтез және т.б.
9. Кезеңдер. Экспреиментті бірнеше уақыттық кезеңдерге
бөледі. Жұмыстың мазмұны мен оны орындау
мерзімі анықталынады. Кезеңдерді анықтау экспериментті
өте жақсы ұйымдастыру үшін және эксперимент
міндеттерінің, болжамдарының орындалуының аралық
көрсеткішін анықтау үшін қажет.
10.Эксперимент базасы. Шыныда да эксперименте барлық
мектеп, жеке сыныптар және т.б. жұмылдырылуы мүмкін.
Мұнда салыстыру үшін қажет болатын эксперименттік
және қосымша тексеру объектілерін анықтау керек.
Көбінде мектепте бір-екі гимназиялық, бір лицейлік сыныптар (яғни шынымен эксперименттік оқыту жүргізілетін сыныптар) болуы мүмкін.
11.Күтілетін эксперимент нәтижелерін бағалау
критерийлері. Олар – бағдарламаның маңызды және
міндетті компоненттері. Критерийлер мақсатпен тікелей
байланысқан және оны эксперименттік жұмысты
бастамай отырып жасалғаны дүріс.
12.Экспериментті дайындау кезіндегі болжам. Бұл жұмыс
ең қажетті болып табылады, өйткені экспериментке
ұшыраған болжамның тиімділігі туралы сөз айтылуда.
«Болжам» термині «алдын-ала айту», «күту» деген
түсінікердің синонимі.
13.Эксперимент бағдарламасына сараптама.
Эксперимен бағдарламасына сараптама ол бойынша жасалынатын жұмысқа дейін жүргізіледі. Сарапшылар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жұмысқа тиімді. Сарапшылар ретінде БАИ әдіскерлері, ЖОО ұстаздары бола алады. Ең бастысы, сарапшылардан ымыраға келетін бағалар емес, ескертулер мен ұсыныстар алуға тырысу керек.
Жаңашылдық ашу және оны игеру үрдісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісі
Бұл басқарушыға барлық ұйымдастыру жұмыстарын тұтас көруге, оның ұтымды алгоритм ретінде кезекпен орындалуына, түсініспеушіліктен, қиындықтардаң шығуға көмектеседі.
Диагностикалық кезең – мұғалімдердің қиындықтарын талдау, ОТЖ жағдайын талдау, қандай да бір өзгертулер, жаңа әдістемелердің, технологиялар, құрылымдардың көмекгімен жоюға болатын қарам-қайшылықтарды табу. Басқаша айтқанда, проблемаларды анықтау және және оның көкейкестілігн негіздеу.
Болжау кезеңі – эксперименттің мақсатын, міндеттерін анықтау, жаңа технологиялардың модельдерін жасау, болжамға түсініктеме беру, күтілетін оң нәтижелерді, сонымен қатар мүмкін болатын шығындарды, салдарды болжау. Басқаша айтқанда, эксперимент немесе өз тәжірибесінің даму бағдарламасын анағұрлым кең үлгіде дайындау, ғылыми әдістемелік-нұсқауларды игеру.
Ұйымдастыру кезеңі. Жаңалықтарды ашу және оларды игеруді қамтамасыз ету үшін қажет болатын жағдайларды жасау:
1.Материалдық (таңдау, жөндеу, орын дайындау, жаңадан енгізуге қажет болатын қондырғыларға, жиһаздарға, оқыту құралдарына ие болу және оларды қолдану).
2. Кадрлық (таңдау, оқыту, дамыту және инновациялық мектеп үшін кадрларды өсіру жөніндегі арнайы жұмыстар және оларды үлестіру).
3.Ғылыми-әдістемелік (жаңа бағдарламалардың мәтіндерін, технологияларды, сабақ жоспарының нұсқаларын, мәтіндерді, дидактикалық материалдарды дайындау, ие болу).
4. Қаржылық (жаңа нәрсені игеру жаңалықтарды енгізудің материалдық базасын құру, кадрларды ынталандыру, шығармашылық іс-сапар, бағдарламаларды сараптамадан өткізу, бағдарламаларды алу, ғылыми кеңестерді төлеу үшін әрдайым қаражатт қажет етеді).
5. Мотивациялық (педагогтардың шығрамашылық іс-әрекетін, олардың инновациялық жұмықа деген қызығушылықтарын ынталандыру жөніндегі арнайы жұмыс туралы айылады, осы жұмыс үшін жағымды моральдік-психологиялық жағдай жасау және т.б.
6. Ұйымдастырушылық (қажет болған жағдайда жаңа мүшелерді құру, жаңа басқару субъектілерін енгізу, инновациялық процеске қатысушылардың арасында функционалдық міндеттерді нақты үлестіру, іздену, ғылыми жетекшіні немесе кеңес берушіні таңдау және оны шақыру).
Практикалық кезең – эксперименттеу объектісінің соңғы жағайын тіркеу, болжамның негізіне салынған жаңа технологияларды (бағдарламалар, әдістемелер, шаралар жүйесі және т.б.) жүзеге асыру, процесстің, нәтижелердің ізін басу.
Жалпылаушы кезең – мәліметтерді өңдеу, эксперименттің нәтижелерін сәйкестендіру немесе тәжірибені, мақсаты анықталынған ғылыми әдістемелерді игеру, барлық нәтижелерді талдау, болжамды немесе нәтижелерге сәйкес иеленген тәжірибелерді түзету, дайындалған жаңа материалды игеру барысы мен нәтижелерін рәсімдеу және суреттеу.
Қорытынды: Мектепті жаңартудың кез келген жолдарында (эксперимент немесе басқада әдістер арқылы) проблеманы таңдап алу керек, тақырыпты атауын алу керек, оның көкейкестілігін негіздеу керек, мақсатын, міндетін анықтау қажет, болжамды ойластыру керек, базаны, кезеңдерін, мерзімдерін, белгілерін анықтау керек, әдістерді таңдау керек, процессті, ағымды және соңғы нәтижелерді қадағалау керек, ешқандай түзетусіз барлық айтылған кезеңдерді өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |