а) таным теориясы бойынша:
- таным теориясы (немесе гносеология, таным философиясы) - таным табиғаты және оның мүмкіндіктерін, танымның шынайылығын және нақтылығын қарастыратын философияның бір бөлімі. Гносеология – адамның танымдық әрекеттерінің жалпыға ортақ сипаттамасын қарастырады.
-танымның негізгі ұстанымдары: болмыстың және ойлаудың тепе-теңдігі (дүниені тану ұстанымдары), таным үдерісінің диалектикасы, қоғамдық тәжірибе - танымның негізгі қорғаушы күші, шынайылық өлшемі, таным мақсаты.
-гносеологияның негізгі бөлімдері: адамның объективті дүниені тануы туралы білім;
-таным түсінігінің табиғаты: а) үдерістің классикалық сызбасы: таным объектісі-таным субъектісі; б) таным үдерісінің ғылыми сызбасы: таным объектісі - таным құралы - таным субъектісі.
б) ғылыми таным теориясы бойынша:
-ғылым - білімдерді жүйелеу және тексеруге арналған адам әрекеті. Ғылыми пәнаралық салалардың құрылымына философиялық, логикалық-математикалық, жаратылыстанулық және гуманитарлық ғылымдар, замануи ғылым және адамның, мәдениеттің және қоғамның рухани әлемін қалыптастырудың негізгі факторлары енеді.
-ғылыми танымның әдіснамасы әдіс туралы білімнен (эмпирикалық және логикалық таным) және жалпыға бірдей әдістерден (философиялық ұстанымдар, заңдар және т.б) тұрады.
-ғылыми танымның құрылымы: эмпирикалық факт ғылыми факт, байқау шынайы эксперимент модельді эксперимент ойлау эксперименті зерттеудің эмпирикалық деңгейіндегі нәтижелерді тіркеу эмпирикалық жалпылау теориялық білімдерді қолдану ғылыми бейне болжамның қалыптасуы оны тәжірибеде тексеру жаңа түсініктерді қалыптастыру терминдер мен белгілерді енгізу олардың мағынасын анықтау заңдарды шығару теория құру оны тәжірибеде тексеру қажет болған жағдайда қосымша болжамдарды құрастыру.
Ғылыми таным теориясы оқулықтарда танымның философиялық құрылымы ретінде беріледі, басқа әдебиеттерде ғылым философиясы бөлімінде, үшінші бір оқулықтардың ғылым бойынша бөлімдерінде берілген. В.С. Степин «Философияға кіріспе» оқулығында ғылымның әлеуметтік қызметін ашып көрсетеді (мәдени, дүниетанымдық, ғылым - өндіріс күші және әлеуметтік күш)
Қазақстанда кәсіби философияның дамуы үдерісінде философия, ғылым логикасы және әдіснамасы ғылыми мектебі халықаралық деңгейде қалыптасты. Қазақстандық философ-әдіснамашылар ғылымдағы шығармашылық ойлау идеясын ұсынды, олар барлық өмірлік қозғалыстардың бастауы мен дамуы болып табылатын диалектикалық қарама-қайшылықтарға сүйенді. Олардың еңбектері негізінен жаратылыстану және техникалық ғылымдарға бағытталғандықтан педагогика ғылымы олардың толыққанды зерттеу пәніне айналмады. Дегенмен, педагогикалық зерттеулер қазақстандық философтардың идеяларын жүзеге асыруға бағытталуда.
Философиялық негіздемелерде жалпы логикалық таным әдістеріне, эмпирикалық, теориялық және тарихи әдістерге, ғылым этикасына сипаттама беріледі.
Қазіргі іргелі әдебиеттерде (В.С. Степин, К.Х. Рахматуллин, В.П. Кохановский, Г.И. Рузавин және т.б) ғылым философиясы келесідей сұрақтарға жауап іздейді: «Ғылыми білім деген не?», «Ол қалай құрылған?», «Ғылымды ұйымдастыру ұстанымдары мен құрылымы қандай?», «Тарихи өндіріс ретінде ғылым нені көрсетеді?», «Ғылыми пәндердің даму және қалыптасу заңдылықтары қандай?», «Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарым-қатынасы?». Бұл сұрақтар ғылым философиясының негізгі мәселелерін тұжырымдайды.
XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің өзгерісі, жолдары мен осы үдеріске мәдени-әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г.Горохов, М.А. Розов өздерінің «Ғылым мен техника философиясы» атты оқулығында ғылыми танымның ерекшеліктерін оның қазіргі өркениеттегі алатын орнын, ғылыми революциялар мен ғылыми жаңалықтардың ашылу кезеңдерін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |