«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәні докторанттардың педагогика ғылымы әдіснамасын ғылымның философиясы мен әдіснамасына негіздей отырып меңгертуге бағдарланған. Болашақ маманның педагогиканың философиясын және әдіснамасын меңгеруі оған педагогиканың философиялық негіздерін және оның әдіснамасын жақсы бағдарлай алуға, ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді.
«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың мақсаты және міндеттерін нақтылау қажет. «Педагогиканың филооософиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың мақсаты – докторанттардың ғылым философиясы және әдіснамасы, педагогиканың философиясы және әдіснамасы, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі саласындағы жүйелі құзыреттіліктерін қалыптастыру, демек әдіснамалық құзыреттіліктерін дамыту.
«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәнін оқытудың міндеттері:
• докторанттарды ғылымның философиясы және әдіснамасымен, педагогиканың философиясы және әдіснамасының теориялық қағидалары туралыбілімдерін жүйелеу;
• олардың педагогикалық зерттеудегі әдіснамалық бағдарлар туралы білімдерін тереңдету;
• докторанттарды педагогикалық зерттеудің ғылыми, ұғымдық, өлшемдік аппаратын құруға дағдыландыру;
• педагогика саласындағы ғылыми-зерттеулерді және білім беру жүйесіндегі жобаларды сараптамадан өткізу біліктілігін қалыптастыру.
Докторанттар білуге тиіс:
• педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі құрылымын;
• педагогика әдіснамасының даму тарихы мен кезеңдерін;
• педагогика әдіснамасының ұғымдық-түсініктік жүйесін;
• педагогикадағы әдіснамалық бағдарлар, тұғырлар және ұстанымдарды.
Докторанттар біліктілігі:
• зерттеудің бағытын, мәселесін және тақырыбын анықтай алу;
• педагогиканың әдіснамасы тұрғысынан зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздей алу;
• әдіснамалық тұғырлардың мүмкіндіктерін өз зерттеуінің пәніне көшіре алуы, пайдалануы;
• өз зерттеуінің нәтижелерін рәсімдеу және жариялау;
• ғылым әдіснамасы туралы пікір сайыстарға қатысу;
• ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларына, авторлық білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізе білу; педагогикалық зерттеулерге және білім беру ұйымдары жобаларына сраптамалық баға бере алу.
Қазіргі уақытта «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» пәні педагогика саласында докторанттар даярлауда маңызды орын алып отыр.
Педагогика қарқынды дамуы үшін ол өзінің жалпы ғылымилық негіздерін пайымдап отыруы қажет.
Педагогиканың құрылымына зерттеушілер педагогиканың өзі және педагогикалық ғылымтану енеді деп көрсетеді. Педагогиканың әдіснамасын сол педагогикалық ғылымтану жүйесіне педагогика тарихы, педагогикалық өлшемдер, педагогиканың дамуын басқару теориясымен қатар енгізеді. Педагогикалық ғылымтанудың зерттеу пәніне педагогика ғылымының өзін жатқызады. Бұл жүйеде педагогиканың әдіснамасы ғылымның әдіснамасының тікелей көшірмесі емес, педагогиканың әдіснамасы жеке дербес ғылыми білім саласы ретінде берілді.
Педагогиканың әдіснамалық негіздерінің құрамына жалпы ғылымилық, философиялық, дидактикалық және психологиялық бағдарлар енеді. Ал ғылымның әдіснамасының теориялық қағидалары педагогика әдіснамасының ұғымдық аппаратын құруға, әдіснамалық тұғырлардың әлеуетін кеңейтуге, парадигманы ойластыруға, гуманитарлық әдіснаманы түсінуге, сараптама (экспертиза) әдіснамасын, инновациялық үдеріс әдіснамасын тікелей білім беру үдерісін жаңартуға пайдалануға негіз бола алады.
Қазіргі уақытта педагогика мен психология әлемдік философиялық ойдың жетістіктеріне сүйене отырып, тәжірибе жинақтады, өз заңдылықтары мен қағидаларын негіздеді. Бұның бәрі психологиялық-педагогикалық ізденістердің әдіснамалық негізділігінің бұрынғыдан да күшеюін талап етуде. Әдіснама ғылыми танымның теориялық мәселелерін, зерттеу заңдылықтарын зерделейді.
Достарыңызбен бөлісу: |