ШҚО Бесқарағай ауданы
Коянбай орта мектебі
Тақырыбы:
«Заттың тығыздығы».
2014 ж.
Пән мұғалімі: Жанжигитова Жанар Жылыбаевна
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Заттың тығыздығына жалпы түсініктеме беру және осы физикалық шаманы салыстырмалы түрде анықтау. Болжамдарды дәлелдеу.
2) дамытушылық: Формуламен жұмыс, жаңа өлшем бірлікпен танысу және есептер шығару.
3) тәрбиелік: дүниетанымды қалыптастыру; құштарлыққа тәрбиелеу; адам баласының сезім мүшелері мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан әлемді тануға болатындығына көз жеткізу; еңбекке, ынталылыққа және қиындықтарды жеңуге табандылыққа тәрбиелеу; оқушыларды бір заңдылыққа бағынуды үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктер: әртүрлі заттардан жасалған кір тастар, мақта таразы, су, май, ареометр.
Пән аралық байланысы: математика, технология, биология.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин
2.Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақты қайталау: 10 минут
3. Жаңа сабақ: 20 минут.
4. Есеп шығару: 10 минут.
5. Қорытынды: 2 минут.
6. Бағалау: 1 мин.
7. Үйге тапсырма: 1 минут.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу.
Ә) оқушыларды түгелдеу.
Б) оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Физикалық дене деп нені түсінесің?
Физикалық денелер неден тұрады?
Заттар қандай күйде бола алады?
Дененің массасы қалай анықталады?
Дененің көлемін қалай табамыз?
Дененің массасын анықтау тәсілдерін атаңдар.
Жаңа сабаққа ену:
Архимедке мына тапсырманы шешуге көмектесіңдер;
Сұрақ: «Патшаның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма?
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар? Таразының көмегімен анықтайық.
 
темір алюминий мыс
Неге алюминидің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?
Болжамды анықтау
Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |