Өз сабағын талдау
Мектеп: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Күні: 30.03.23
Сынып: 8 А
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Жануарлардың көбею формалары. Жыныссыз көбею типтері. Жынысты көбею»
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру.
Білімділігі: Жануарлардың көбею формаларының түрлерін сипаттайды.
Тәрбиелік: Оқушылар бір-бірін тыңдауға,нақты жауап беруге,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың үлгісі: Жаңа тақырыпты меңгеру, практикалық жұмыстар жасау.
Көрнекілігі құралдар: Дидактикалық материалдар, АҚТ, ДК экран, үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағаладым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Сабақ барысы оқушылардан үй тапсырмасын “Ашық микрофон” әдісімен сұрақ қою арқылы басталды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жауаптарына байланыста бағаланды.
Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты презентация, видеоролик көрсету арқылы түсіндірдім. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, “Wordwoll” сайтынан “Ойын шоуы” арқылы сұрақтарға жауап берді. Келесі тапсырманы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту барысында “Қарбыз” әдісін ұсындым. Оқушылар мәліметтерді сәйкестендіріп, жаңа сабақ бойынша білімдерін толықтырды.”Kahoot” сайтының “Pazzle” айналымында оқушылар жекелей бағаланды. Ойынға сілтеме арқылы тіркеліп, тапсырманың дұрыс небұрыстығын анықтады. Әрі қарай сергіту сәтін “Кубик-рубик” ойыны арқылы өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа деген құлшынысын арттырдым. Соңғы тапсырмам “Фишбоун” әдісі болды. Мұнда оқушылар берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға, белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.
Қорытынды: Соңында кері байланыс ретінде, заман талабына сай «Тик ток» әдісін қолдандым. Бұл кезеңде оқушылар жекелей жұмыс жасады.
Сабақта: Жалпы сабақта оқушылар жекелей де топ бойынша да жұмыс жасап жақсы нәтижеге жетті. Оқушылардың тәртібі де және сабаққа қатысуы да жоғары дәрежеде болды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдім. Оқушылардың барлығы сабақты түсінгенін және қызықты болғанын айтты. Мен бұл сабақта өзімнің қойған мақсатыма жеттім.
Достарыңызбен бөлісу: |