Сабақта кеткен кемшіліктер: Ойынға тіркелу кезінде уақытты тиімді пайдалана алмадым.
Өз сабағын талдау
Мектеп: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Күні: 23.02.23
Сынып: 8 Ә
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы. Естудің бұзылу себептері. Есту мүшесінің гигиенасы.»
Сабақтың мақсаты: Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау
Білімділігі: Адам үшін есту мүшесінің маңызын сипаттайды
Тәрбиелік: Оқушылар бір-бірін тыңдауға,нақты жауап беруге,тәртіптілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың үлгісі: Жаңа тақырыпты меңгеру, практикалық жұмыстар жасау.
Көрнекілігі құралдар: Дидактикалық материалдар, АҚТ, ДК экран, үлестірмелі материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағаладым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Сабақ барысы оқушылардан үй тапсырмасын “Миға шабуыл” әдісімен сұрақ қою арқылы басталды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жауаптарына байланыста бағаланды.
Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты презентация, видеоролик көрсету арқылы түсіндірдім. Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, оқушыларға “Сызықты диктант” әдісімен мәліметтердің дұрыс не бұрыстығын анықтаттым. Келесі тапсырма “Сөзжұмбақ” болды. Мұнда оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бос тор көздерін толтырды. Келесі әдісім “Kahoot”, оқушылар сілтеме немесе Qr код арқылы ойынға қосылып, жеке жұмыс жасады. Кейін сергіту сәтін “Қаражорға” орындату арқылы, оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттырып келесі тапсырмаға көштік. Кестемен жұмыс әдісінде құлақ құрылысының ерекшеліктері мен қызметін әдістемелік жұмыс парағына толтырды. Соңында “Lays” әдісі арқылы сабақты қорытындыладым.
Қорытынды: Соңында кері байланыс ретінде, заман талабына сай «Тик ток» әдісін қолдандым. Бұл кезеңде оқушылар жекелей жұмыс жасады.
Сабақта: Жалпы сабақта оқушылар жекелей де топ бойынша да жұмыс жасап жақсы нәтижеге жетті. Оқушылардың тәртібі де және сабаққа қатысуы да жоғары дәрежеде болды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдім. Оқушылардың барлығы сабақты түсінгенін және қызықты болғанын айтты. Мен бұл сабақта өзімнің қойған мақсатыма жеттім.
Достарыңызбен бөлісу: |