Педагогикалық факультет


Тақырып: Психодиагностика



жүктеу 1,76 Mb.
бет9/21
Дата23.05.2018
өлшемі1,76 Mb.
#16528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Тақырып: Психодиагностика


1. Психоденелік айырмашылықтар: Темперамент, характер, анатомиялық конституция.

2. Темперамент теориялары.

3. Э.Кречмердің типологиялық моделі.

4. У.Шелдон типологиялық моделі.



Мақсаты: Студенттерді психоденелік айырмашылықтар туралы теориялық біліммен қаруландыру.

1.Темперамент туралы жалпы түсінік. “Темперамент” сөзі – “красис” грек сөзіне латынша темпераминтум деген сөздеріне шыққан. Мәні –нәрселердің немесе заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік ең алдымен адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс – тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сонда, темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.Адамның өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі гректің дәрігер ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 ж.ж.). Ол организм ерекшеліктері денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады.Темпераменттің физиологиялық негідерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген – академик И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі:



  1. қозу мен тежелудің күші

  2. олардың тепе-теңдігі

  3. қозғыштығы жиынтығынан құралады.

Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің барлығына әсер етеді.

2Темперамент– адамдардың психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барлық іс - әрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан (жест мимика) т.б көрініс береді.

Сангвиник. Ақжарқын, ақкөңіл, әрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді қозғалыс -қимылдары мәнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада өзін еркін ұстайды.

Холерик. Әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тәуекелшіл, алдына қойған мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. Тіке, ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.

Меланхоликтың эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз көрінеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс әрекетін толық аяқтап шығады.

Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.

Адамның жеке бас ерекшеліктеріне экстраверт, интроверт, амбоверт жатады.

Экстравертке тән қасиет – обьектілерге бағытталуы, қарым-қатынаста жеңіл, тез түседі. Агрессивтілігі жоғары. Лидерлікке талпынады. Импульсивті. Ашық, ішкі жан-дүниесіне қарамайды. Олардың іс-әрекетіне басқа адамдардың ойлары, жалпы нормалар, обьективті жағдайлар қатты әсер етеді. Олар әсер еткен кезде қоршаған ортаға деген обьективті қарым-қатынасы көбейеді. Ол адамға көмекке келушілігімен ерекшеленеді.

Интроверттерде қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы әрқашан обьективтіден субьективтінің басым болуымен сипатталады. Субьективтілік құндылық әрқашан жоғары тұрады. Интроверт белгілі бір эмоциялық жағдайда сол уақыттағы жағдай мен эмоцияны тудырған адамға зейінін аудармайды, оның көңіл-күйі, ойы, жан-дүниесіне көп мән береді, яғни осы сапасы - адамның қоршаған ортаның шындығынан жоғары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Психологиялық кеңес процесінде диагностика не үшін керек?

2. Клиенттің позициясын түсіну үшін психодиагностикада қандай типологиялық модельдер қолданылады?

3. Темперамен теорияларының психологиялық кеңестегі маңызы.

4 дәріс

Тақырып: Психодиагностика


1. Мінез акцентуациясы.

3. Инфантильды даму кезеңдерінің теориялары.

4. Базалық конфликтілер теориясы. К.Хорни.

Мақсаты: Психодиагностикалық әдістердің көмегімен клиентті зерттеу әдістерімен қаруландыру.

Жыныстық конституцияның мазмұны З.Фрейд үшін толық аық болмады. Ол көп көңілді инфантильді айымдарға бөлді. Фрейд пікірі бойынша онда либидо энергия фиксацияланады. Оның пікірінше әрбір жыныстық даму кезеңі жыныстық даму үшін алғы шарт жасайды.



1.Симбиотикалық (оральдық фаза) кезең. Бұл кезеңде елеулі мәнге ие-басқалардан қуаныш сезімін алу, өзін-өзі эмоционалды қабылдау, әлемге деген сенімнің қалыптасуы.Ағзаның қажеттіліктері басқа адаммен моторлық орталық ауыз аймағы арқылы динамикалық контактіге әкеледі. Э.Эриксонның периодизациясына сәйкес бұл кезеңде анамен қатынас негізінде қоршағандарға базалық сенімі сезімі немесе керсінше «тастандылық» сенімсіздік сезімі қалыптасады.

Шешімін таппаған бұл кезеңнің ішкі конфликтілері ересектік кезеңде Эриксонның пікірі бойынша «жалғыздықтан, тастандылықтан, депрессивті қорқу, аутизмге әкеліп соқтырады». Бұл кезеңнің ауытқуы –шизоидтілік. Эмоционалды қатынас қажеттілігі қанағаттандырылмағандықтан өзіне-өзі деген сезімталдық , тілдік даму моториканың дамуын басып озады.

Нарциссизм- адам өзінің персонасына , дене бітіміне ғана көңіл аударады. Психоастеникалық куй -өзінің және өзіне жақын адамның өмірі үшін қорқыныш, жаңалықтан қорқу , бірлікті бұзудан, эмоционалды қорқу, мазасыздық.

2Анальды фаза. Бұл кезеңде баланың дәретке отыру дағдылары қалыптасады. Баланың бұл дағдылары қалыптасу кезеңінде ата –ана жағынан дөрекі қатынас көретін болса бала шектен тыс таза, айналасындағыларды менсінбейтін болып қалыптасуы мүмкін.

3.Фалликалық фаза. Бұл кезең ерекшелігі «Эдипов және Электра комплексімен байланысты». Балада қарсы пол өкілі алғашында анасына деген жыныстық қатынас орнайды. Ал әкесі оның осы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына тиым салушы ретінде корінеді. Балада әкесіне деген жағымсыз сезім қалыптасуы мүмкін.Конфликтілі импульстер интеграция таппай ығыстырылып шығарылады. Конфликтілі тенденциялардың қарама-қарсы келуі либидоны босатпайды да невроздың әкелуіне алғы шарт болып табылады
Тұлғаға типологиялық үйлесім тұлға типі толық бітіс болып табылады деген тұжырымнан басталады. Оның мазмұны топ өкілінің типтік суреттелуімен ашылады.

Американ психологы Хорни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне байланысты тұлғаның үш психологиялық типін бөліп көрсетті:

«Жабысқақ тип»-мұндай адамның қарым-қатынасқа қажеттілігі жоғары, ло үшін ең бастысы сүйікті, сыйлы болу.

«Агерессивті тип»- басқа адамдарға тек өз мақсатына жету құралы ретінде қарайды- мұндай тадамдар басқаруға ұмтылады.

«Алшақ тип»мұндай адамдарға басқа адамдармен эмоционалдық қашықта болу керек,яғни олар қарым-қатынастықұтылмас зұлымдық деп қарастырады.

Тұлғаның клиникалық типологиясы

Шизойдты тип –сыртқы әлемнен байланыстың жоқтығымен сипатталады, психикадағы ішкі бірізділіктің жоқтығымен сипатталады.

Циклоидты тип- көңіл-күйі жиі өзгереді. Бұл жиі өзгеріс адамды қажытады, оның мінез-құлқын қарама-қайшы етеді.

Гипертимді тип-бұлар әрдайым көңілді, қамсыз, өмірге риза адамдар, белсенділігі жоғары, күш-жігері мол бірақ бұл күш-жігерді адекватты емес мақсаттарға жұмсайды.

Сензитивті тип- көңіл-күйлері төмен.

Психоастеникалық тип – шектен тыс шешім қабылдай алмаушылық, күдіктерге бейім, өзі үшін, өзінің туыстары үшін қорқады, мазасыздық пен қорқынышты басу үшін жалпы қолдау тапқан сенімдерді орындайды.

Эпилептоидты тип- шектен тыс тітіркенушілік, қоршаған адамдардың пікіріне шыдамсыздық, қарама-қайшылықтарға шыдамайды, тез ызаланады, өз қимыл қозғалыстарын бақылай алмай қалады.

Конформды тип-басқаларға еліктеу тән, өз позициясы жоқ..Жоғары жүйке қызметі типтерінің классикалық түсінігіне қарағанда, қазіргі кезде психологияда адам мінезінің жан-жақты классификациясы қолданылады. Өзінің байқалу дәрежесіне байланысты кейбір қасиеттерінің, қылығының басым болуы ол мінез акцентуациясы деп аталады. Зерттеуші өкілдері К.Юнга, Э. Кречмер, П.Б. Ганнушкин, К. Леонгард, Е.А. Личко, т.б.

Мінез акцентуациясы түрлері:

Гипертимді, циклоидты, психоастениялылық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, лобильді, комформды, секситивті, параноидты, дистимді типтер.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мінез акцентуациясы дегеніміз не?

2. Личко бойынша мінез акцентуацияларын атаңыз?

3. Базалық конфликтілер теориясының авторы кім?

4. Инфентильді даму кезеңдерін атаңыз.

5 дәріс



жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау