«Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру»



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет4/27
Дата17.11.2017
өлшемі0,83 Mb.
#837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 

11 


 

 

Жүйе  құрудың  екінші  кезеңінің  мәні  -  әр  әлементтің  қызметтік 



қасиеттерін  ашу,  әр  элементтің  жүйеде  қандай  қызмет  атқаратынын 

айқындау.  Жүйедегі  әр  элементтің  дербес  қызмет  атқаратынын  есте 

сақтау  қажет.  Егер  жүйеде  артық  элементтер  болып,  кейбір 

функциялар  қайталанса  немесе  керісінше  қажетті  функциялар 

жетпесе, демек, жүйе құрудағы бірінші қадамға қайта оралу қажет.  

Жүйе  қалыптастырудағы  үшінші  кезең  элементтердің  өзара 

байланыс  және  өзара  әрекеттесуінің  негізделген  формалары  мен 

әдістерін  іздестірумен  байланысты.  Жүйедегі  әр  элемент  өз  қызметі 

ғана  емес,  тұтастық  ішіндегі  орны  тұрғысынан  да  қарастырылады. 

Элементтің жүйедегі орны қалай айқындалады? Ол функция, дәлірек 

айтсақ оның басқа элементтерге деген бағыттылығ арқылы, сонымен 

қатар белгілі бір элементтер арасындағы байланыстардың «беріктігі» 

арқылы анықталады.  

Мұғалімнің  педагогикалық  еңбек  жүйесі  моделінің  жалпы 

үлгісін ұсынайық, оған негізгі параметрлер ретінде енетіндер:  

жүйе іс-әрекетін анықтайтын мақсат пен міндеттер



іс-әрекет мазмұны; 

ұйымдастыру және басқару; 



іс-әрекетке  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерді  жүзеге 

асыруға,  оның  мазмұны  мен  ұйымдастырылуын  анықтауға 

шақырылған педагог; 

оқушылар  (оларды  оқыту  және  тәрбиелеу  –  берілген 



жүйенің мақсаты); 

материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 



еңбек шарттары. 

ПЕҒҰ  –  педагогикалық  еңбекті  рационалдандыру  және 

оптимизациялауға негіз болатын эталон, үлгі. 

Педагогтар  мен  психологтар  зерттеулері,  сонымен  қатар  ЕҒҰ 

жөніндегі  алуан  түрлі  ғылыми  практикалық  конференциялардың 

материалдары көрсеткендей, уақыт, күш, құрал үнемдеудің нәтижелі 

тәсілдерінің бірі – орта оқу мекемелерінің жетекшілері, оқытушылар 

мен  оқушылардың  іс-әрекетіне  ЕҒҰ-ны  енгізу.  Жоғарыда  аталған 

зерттеулерден  көргеніміздей,  ЕҒҰ-ның  мәні  –  ең  аз  мөлшерде 

жұмсалатын  күш,  құрал,  уақыт  пен  энергия  және  ең  жоғары 

деңгейдегі  нәтиже.  Кез-келген  нәтиже  емес,  ең  алдымен,  тез,  оңай, 

үнемді нәтиже маңызды. Ең аз мөлшерде күш жұмсауға деген жол ең 

жоғары деңгейдегі ой мен шығармашылық арқылы өтеді.  




 

12 


 

 

Орта  оқу  мекемелерінің  міндеті  –  тұлға  дамуына  жан-жақты 



септесу,  оны  ғылыми  ақпаратты  дербес  игерудің  рационалды 

тәсілдеріне үйрету. Бұл мәселе – оқушыларды өз бетімен оқуға, білім 

алуға  үйрету  –  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  тұрақты  түрде 

талқыланады.  өз  бетімен  оқи  алмайтын,  оқытушысы  айтқанды  ғана 

игеретін,  тізгінмен  ғана  жүре  алатын  оқушы  келешектегі  жеке 

өмірінде де көп нәрсеге бейім болмайды. 

Орта  мектептің  міндеті  -  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  білімді  өз 

бетінше  игеруге  үйрету.  Ең  алдымен,  бұл  орта  мектеп  мекемелері 

жетекшілері  мен  оқытушылары  еңбегінің  рационалды  (ғылыми) 

ұйымдастырылуы  мен  оқытушы  бақылаудағы  оқушылардың 

еңбегінің  ғылыми  ұйымдастырылуын  талап  етеді.  Жасалған 

зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, орта мектепте ЕҒҰ-ның негізгі 

міндеттері: 

оқыту  мен  тәрбие  тәсілдері  мен  әдістерін  (оқытушы  іс 



әрекеті),  сонымен  қатар  оқу  әдістері  мен  тәсілдерін  (оқушы  іс 

әрекеті) жетілдіру, белгісі бір оқу мекемесінің барлық әкімшілік, оқу-

педагогикалық көмекші персоналының рационалды және эффективті 

еңбек тәсілдерін қалыптастыру; 

уақытты үнемсіз шығындауды, әсіресе жоғалтуды жою



-  оқу-педагогикалық  ұжым  мен  оқушылардың  еңбек  және  оқу 

дисциплинасын бекіту; 

-  оқу-тәрбие  мекемелерінің  барлық  құрамдас  біліктерінің  іс-

әрекеттерін  нақты  ғылыми  ұйымдастыру  негізінде  оқушыларды 

тәрбиелеу; 

-  педагогикалық іс-әрекеттегі ЕҒҰ мәні мынада:  

-  - орта мектептің барлық оқытушылары мектеп жетекшілерінің 

іскерлік біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін нақты жоғарылату

-  олардың еңбек әдістері мен тәсілдерін жетілдіру; 

-  олардың  жұмысын  уақыт  факторын  есепке  ала  отырып 

жоспарлау; 

-  жұмыс  орнын  ғылыми  нұсқауларды  есепке  ала  отырып 

ұйымдастыру; 

-  әкімшілік 

пен  қоғамдық  ұйымдар  арасында  еңбекті 

кооперациялау және бөлу; 

-  қолайлы  еңбек  пен  демалыс  режимі,  оларды  ғылыми 

нұсқауларды есепке ала отырып кезектестіру және ыңғайластыру

-  еңбек шарттарын тұрақты жетілдіру; 



 

13 


 

 

-  еңбек  және  оқу  дисциплинасын  бекіту  шараларын  жүзеге 



асыру; 

-  білім  беру  үрдісіне  техникалық  құралдарды  енгізу  және 

оларды басқару. 

Орта  мектеп  іс-әрекетінің  төмендегі,  ең  алдымен,  жағдайларда 

көрініс табатын ЕҒҰ-ның негізгі элементтерін қарастырайық: 

білім беру үрдісін айқын, нақты жоспарлау; 



оқытушылардың 

оқыту-тәрбиелік 

іс-әрекеті 

мен 

оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін рационалды ұйымдастыру



жалпы  педагогикалық  ұжымның  бейресми  тәрбиелік  іс-

әрекеті; 

-  сабақ  үстінде  оқушылардың  өздік  белсенді  іс-әрекеті 

(оқытушыда сауатты менеджерлік іскерлік бар болса). 

Жоғарыда  аталғандардың  бәрі  –  ЕҒҰ-ның  әрекеттік  жақтары. 

Алайда  шынайы  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  жүйесінде  субъект-

субъект  қатынастары  маңызды  роль  атқарады:  оқытушы-оқушылар; 

оқытушы  -  әр  оқушы;  тұтас  педагогикалық  ұжым  –  оқушылар 

ұжымы;  орта  оқу  мекемесінің  басшылығы  –  тұтас  педагогикалық 

ұжым;  басшы-оқытушы,  т.б.  Жалпы  алғанда  ЕҒҰ  әр  оқытушы  мен 

әрбір  оқу  мекемесі  басшысы  тұлғасының  белгілі  бір  қасиеттері  мен 

ұйымдасу  дәрежесінің  нәтижесі  болып  табылады.  Оқушылар 

еңбегінің  ғылыми  ұйымдастырылуы,  ең  алдымен,  орта  мектеп 

оқытушылары  мен  басшыларының  ЕҒҰ  үлгісі  болғанда  ғана 

қалыптасады. 



2. ПЕҒҰ мәні және оның құрылымы. 

Біз  жүргізген  зерттеу  көрсеткендей,  оқу  мекемелерінде  ЕҒҰ 

жүйесі  қалыптасуы  үшін  төмендегі  бірқатар  әрекеттер  мен 

іскерліктер қажет: 

педагогикалық  ұжым  мен  әр  қызметкердің  іс  әрекетін 



уақыт  факторын  есепке  ала  отырып  жоспарлау  және  өздік  жұмыс 

күнін осының негізінде реттеу; 

білім  беру  үрдісін  тұтас,  дербес  дамитын  жүйе  ретінде 



тани білу; 

басты 



көкейкесті 

мәселелерді 

іріктеп, 

екінші 


кезектегілерін айыру; 

топтастыру жүйесін әрекеттік жүйеден айыра білу және 



олардың  негізгі  айырмашылықтарын  білу;  күрделі  мәселелерді 


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау