«Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру»



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет14/27
Дата17.11.2017
өлшемі0,83 Mb.
#837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

 

42 


 

 

Оқушылардың  білім,  іскерлік  дағдысының  сапасы  —  көлемі, 



тереңдігі,  жүйелілігі,  түсініктілігі,  танымдылығы;  оқушылардың 

жалпы  білім  берудің  барлық  сатысындағы  білім сапасы;  окушылар 

біліміндегі 

типтік 


олқылықтар 

мен 


олардың 

себептері; 

оқушылардың компьютерлік білімі және т.б. 

Оқушылардың  тәрбиелік  деңгейі;  мектептегі  әдістемелік 

жұмыстың жағдайы мен сапасы; 

Ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тиімділігі; 

Оқушылар 

денсаулығы 

жайлы 

санитарлық-гигиеналық 



мәдениет; 

Мектеп  кеңесінің,  педагогикалық  кеңес  қызметінің  нәтижелігі; 

он  бір  жылдық  оқу  және  тәрбие  циклындағы  мектеп  жұмысы; 

мектептің есепті баяндамасы. 

Қорытынды  талдау  жасау  оның  объективтілігі,  терендігі, 

перспективлігі  жаңа  оқу  жылының  жоспарын  жасауға  дайындық 

қызметін атқарады.  

 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12 



Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4 

 

№5 дәрістің  тақырыбы: Педагогтың оқушылардың іс-әрекетін 

ғылыми ұйымдастыруы  



Жоспар 

1.  Оқушылардың 

іс-әрекетін 

ұйымдастырудың 

негізгі 

құралдары.  

2.  Іс-әрекет түрлері бойынша ұйымдастыруды жетілдіру. 

3.  Оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын негізгі факторлар. 

4.  Оқушының  еңбегін  ғылыми  негізде  ұйымдастыру  бойынша 

тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың кейбір нәтижелері. 

5.  Қиындықтар  және  оларды  болдырмаудың    мүмкін  болатын 

жолдары. 

 

1.  Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі 

құралдары. 

Оқушының  күн  тәртібі  –  физиология  мен  гигиена  тұрғысынан 

алғанда  -  өмірдің  дәл  тұрақтандырылған  тәртібі,    ол  тәулік  ішінде 

еңбек, демалыс, тамақ және ұйқының дұрыс алмастырудың , жеке бас 

гигиенасы тәртібін дұрыс сақталуын қарастырады. 



 

43 


 

 

Оқушының  күн  тәртібін  қалыптастырумен  мұғалімдер,  ата-



аналар және оқущылар шұғылданады. 

ПЕҒҰ  жүйесінде  күн  тәртібі  –  бұл  оқу-тәрбие    процесінің 

бөлшектен  бес  бөлігі,  оқушының  өмірі  мен  іс-әрекетінің  нормативті 

негізі.   



Күн тәртібі: байланыстар, орны, маңызы. 

Оқушылардың  күн  тәртібіне  ұйымдасқан  түрде  қарау.  Күн 

тәртібіндегі  сәттердің  әрқайсысының  мазмұнын,  орнын  және 

маңызын,  олардың  арасындағы  байланыс  пен  сәйкестілікті 

анықтауды талап етеді. 

Сонымен,  ПЕҒҰ  тұрғысынан    оқушының  күн  тәртібін 

қалыптастыру  тәрбиелеу  мен  өзін-өзі  тәрбиелеуді  ұйымдастырумен 

байланысты маңызды педагогикалық міндет ретінде қарастырылады. 

Сонымен  қатар  күн  тәртібі  оқушының  еңбегін  ғылыми  негізде 

ұйымдастырудың  алғашқы  қадамы 

болғанымен,  ол 

басқа 


звенолардың,  оның  ішінде  оқушының  жұмыс  орнысыз  нәтижелі 

жүзеге асырылмайды. 

Оқушының жұмыс орны – бұл оның мектептегі, үйдегі еңбек іс-

әрекетінің зонасы. Бұл тек қана орындық, стол немесе парта, сондай-

ақ  оқушының  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес  құрал- 

жабдығын  қамтамасыз ету, жарық орналастыру.  

Оқушының  ЕҒҰ-н  мақсатты  ұйымдастырылмаған  жұмыс 

орнысыз  мүмкін  емес.  ПЕҒҰ  түрғысында  жұмыс  орны  -  өте  кең  

ұғым.  Ол  –  оқу  –  тәрбие  процесінің  органикалық  бір  бөлігі.  Сол 

себепті,  ЕҒҰ  жүйесіндегі  жұмыс  орны  –  оқушылардын  еңбегін 

ұйымдастыру  деңгейін  көтеру    факторы,  оны  тәрбиелеу    факторы. 

Нақ осы жерде күн тәртібінің еңбек функциялары жүзеге асырылады, 

оқу  еңбегінің  тиімділігі  туралы  мәселелер  шешіледі,  жеке  тұлғаның 

құнды қасиеттері-нақтылық, т.б. қалыптасады. 

Оқушының  еңбек  жағдайларына  материалдық-техникалық, 

санитарлық-гигиеналық, 

эстетикалық 

және 


әлеуметтік-

психологиялық  факторлар жатады.  

Оқушының  еңбек  жағдайлары  бұл-  оқу-тәрбие  процесінің 

органикалық бөлігі болып табылатын және оның тиімділігін көтеруге 

септігін тигізетін комплексті материалдық-техникалық фактор. Оның 

педагогикалық  –  маңызы  осында.  Еңбек  жағдайлары  жұмыс  орнын 

ұйымдастыру  және  күн  тәртібімен  тығыз  байланысты.  Еңбекті 

материалдық-техникалық    жағынан  қамтамасыз ету үшін мыналар 




 

44 


 

 

қажет:    оқу  және  тұрғын  үйлер,  сыныптар  мен  комнаталар,  



лабораториялар  мен    кабинеттер,  мастерлік  қызметтер,  оларды 

жоспарлау,  размерлері, құрал-жабдықтар, жарық жөніндегі құрылым 

жүйесі, жылу, сумен қамтамасыз ету, канализация, вентиляция, т.б. 

Оқу-тәрбие 

процесінің 

материалдық-техникалық 

базасы, 

еңбектің санитарлық-гигиеналық, эстетикалық т.б. шарттарын сақтау 

мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.  

Санитарлық-гигиеналық  фактор  –  таза  ауа,  дұрыс  жарықтың 

берілуі,  бөлменің  темпиратурасы,  ауаның  белгілі  ылғалдылығы, 

шаңның болмауы, т.б. Еңбек жағдайының әлеуметтік-психологиялық 

факторы  –  бір-біріне  әрекет  ететін  компоненттердің  күрделі 

комплексі, оқушылардың басқа оқушылармен қарым-қатынас жүйесі 

(мұғаліммен, семья мүшелерімен). 

2.  Іс-әрекет түрлері бойынша ұйымдастыруды жетілдіру. 

 

Жеке тұлғалық еңбекті ұйымдастыру техникасы – оқушылардың 



дербес іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін 

техникалық 

құралдар 

мен 


қарапайым 

құрал-жабдықтар, 

автоматтандырылған тәсілдер комплексі. 

     Жеке дара іс-әрекет технологиясы:  

1-қадам    іс-әрекет мақсаты, 

2-қадам    іс-әрекет міндеті 

3-қадам    іс-әрекет әдісі мен тәсілдері  

4-қадам    техниканы таңдау және қолдану 

5-қадам    жоспарлау 

6-қадам    нормаға келтіру 

7-қадам    есепке алу және бақылау  

8-қадам    перспективалық 

9-қадам    ынталандыру 

10-қадам  комплекстілік 

11-қадам  ғылымилылық 

  2-сұрақ.    Оқу    іс-әрекетінің  мәні-  мұғалімнің,  оқушылардың 

творчестволық белсенділігі мен дербес жұмыс істеуін қамтамасыз ете 

білу іскерлігінде жатыр. Ол үшін оқушыларды оқуға, өздігінен білім 

алуға,  іскерліктерді  шындауға,  дағдыларды  қалыптастыруға  үйрету 

керек.    Оқушыларға  белгілі  талаптарды  қоя  отырып,  қалай  тиімді 

оқуға  болатындығы  жөніндегі  мәліметтермен    қаруландыру  керек. 

Бастауыш  сынып  оқушыларында  жеткілікті  тәжірибе  жоқ,  оқу 




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау