8
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
Барлығы 2 кредит
Тақырыптар атауы
Дәріс
Сем
Лаб
СОӨЖ
СӨЖ
1. Педагогикалық еңбекті
ғылыми
ұйымдастыру пәні, мақсаты мен
міндеттері
2
2
-
3
6
2. Мұғалімнің
дербес тұлғалық
еңбегінің техникасы
3
2
-
3
6
3.
Уақытты үнемдеу мәселесі
2
2
-
3
6
4. Педагогикалық еңбекті
басқарудың негізгі қызметі
2
2
-
3
6
5. Педагогтың
оқушылардың іс-
әрекетін ғылыми ұйымдастыруы
3
2
-
3
6
6. Педагогтың оқу үдерісін қадағалау
жүйесі
2
-
-
3
-
7. Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі
тәрбиелеуі
2
-
-
3
-
8. Мұғалім іс-әрекетін ғылыми
ұйымдастыру тәжірибесі
2
-
-
3
-
9. Мұғалімнің педагогикалық
стилінің жеке даралығы
2
-
-
3
-
10. Мұғалімнің педагогикалық
еңбегінің тиімділігі
-
-
-
3
-
Барлығы (сағат)
20
10
-
30
30
2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
№1 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық еңбекті ғылыми
ұйымдастыру пәні, мақсаты мен міндеттері
Жоспар:
1. ПЕҒҰ пәні мен мазмұны.
2. ПЕҒҰ мәні және оның құрылымы.
3. Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні мен принциптері.
1. ПЕҒҰ пәні мен мазмұны.
Адамзат еңбегінің пайда болған кезінен бастап, оны
ұйымдастырудың тұрақты жетілдірілетін әдістері бар. Оқушылар
еңбегін ұйымдастыру мәселелері балаларды жүйелі оқыту бастау
алғаннан бері (Ресейде Х-ХІ ғғ.) қарастырылуда, бұған төмендегі
әдебиет ескерткіштері дәлел:
Лаврентевская «Повесть временных лет» 988 ж.
9
Софийская первая летопись 1030 ж.
Каншинский список «Домострой» XV-XVI ғғ.
«Гражданство обычаев детских» Епифаний Славенецкий XVI ғ.
«Регламент или устав духовных коллегий» Феофан Прокоповия
XVIII ғ.
Бұл еңбектерде оқушылар еңбегін құру, оқу бөлмелері мен
сыныптарын
ұйымдастыруға
алғашқы
нұсқаулар
сақталып,
денсаулық сақтау, оқу іс-әрекеті гигиенасын ұстану, ұйқы мен
тамақтануды ұйымдастыру, оқу жүктемелерін жасқа қарай шектеуге
арналған кеңестер енгізіліп, еңбек пен демалыстың міндетті түрде
кезектестірілуі атап көрсетілген.
Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізін қалаушы болып
американ инженері Ф.Тэйлор саналады. Ол еңбекті ұйымдастырудың
маңызды принциптерін ойлап тауып, тәжірибе жүзінде ұсынды.
Ф.Тэйлор қазақ тіліне «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» деп
аударылатын «ғылыми басқару» ұғымын берді.
ЕҒҰ-ны қалыптастырумен Ресейде XVIII ғ. жабық балалар
мекемелерінің негізін қалаушы және жетекшісі И.И.Бецкой, орыс
дәрігері, педагог К.М.Амболдин-Максимович айналысты.
ХІХ ғ. І жартысында (1843-45 жж.) К.И.Грум-Гржимайло
Ресейде бірінші болып оқушы өмірінің кестесін ойлап тапты. Ол:
«Балалық шақтан қалыптасқан тәртіпке деген әдет бізде өмір бойына
қалады, істеріміз бен еңбектерімізді жеңілдетеді, жұмыстарымыздың
табыстылығына септеседі және денсаулық сақтауға оң әсер етеді», -
деп жазды.
ХІХ ғ. ортасынан бастап Ресейдің және басқа да көптеген
елдердің бірқатар педагогтары мен физиолог дәрігерлері өз
еңбектерін оқыту үрдісіне ЕҒҰ-ның ықпалын зерттегу арнады
(В.И.Фармаковский, Ф.К.Телятник, А.Кай, Л.Репфнер және т.б.).
ХХ ғ. 20-жж. ЕҒҰ бұқаралық қозғалысы пайда болды. Орталық
еңбек институты (ОЕИ) құрылды, Ленинградта, Харьковта, Қазанда
оның бөлімшелері ашылды. Бұл институтты А.К.Гастьев басқарды.
1921 ж. қаңтарында Мәскеуде ЕҒҰ мәселелеріне байланысты тұңғыш
бүкілресейлік конференция өтті. Конференция ЕҒҰ әдебиеттеріне
үлкен үлес қосты.
1924 ж. қаңтарында Мәскеуде ЕҒҰ мәселелеріне байланысты
екінші бүкілресейлік конференция өтті. Бұрынырақ, 1923 ж. халық
ағарту ісін ұйымдастырушылардың Е.А. Литкенс атындағы орталық
10
институты құрылды. Оның мақсаты – педагогикалық кадрлар
жетекшілерін даярлау.
Жалпы ХХ ғ. 20-30 жж. ЕҒҰ-ға байланысты бірқатар кітаптар
жарық көрді, неміс, американ, ағылшын авторлары аударылды, өз
кітаптары
басылды.
Мысалы:
П.М.Керженцев
«Принципы
организации», «Борьба за время».
ПЕҒҰ-ға мұғалімнің жаттығуы, ең алдымен, одан осы ғлыми
білімдер саласының негізгі ұйымдар мен категорияларынан хабардар
болуды талап етеді. «ПЕҒҰ» ұғымын ашу үшін әрбір терминнің
«еңбек», «ұйымдастыру», «ғылым», «педагогика» - мағынасын ғана
емес, жалпы сөз тіркесін талдайық.
Еңбек кең мағынасында адамның мақсатты іс-әрекетін білдіреді.
Педагогикалық еңбек – мұғалім мен оқушылар (соңғылары іс-
әрекет объектісі ғана емес, субъектісі ретінде де қатысады),
материалдық және рухани байлықтар, еңбек шарттары белсенді түрде
өзара әрекеттесетін кең мағынадағы еңбектің бір түрі.
Ұйымдастыру ұғымын жалпы мағынасында, бір жағынан,
біртұтас әрекет бөлшектерінің ішкі реттілігі, өзара әрекеттесу
келісімділігі ретінде, ал екінші жағынан, тұтастық бөлшектер
арасындағы өзара байланыстардың құрылуы мен жетілдіруіне
әкелетін үрдістер немесе әрекеттер жиынтығы ретінде түсіну қажет.
Ұйымдастыру екі аспектіге бөлінеді: реттілік және бағыттылық.
Еңбек ұйымдастырудағы «Педагогикалық» термині бұл
жағдайда педагогикалық еңбектің ерекшеліктерін есепке ала отырып,
ЕҒҰ-ның жалпы идеяларын өзгергендігін меңзейді. Кез-келген
еңбекті ұйымдастыруда ерекшелік, өзгешеліктен гөрі, ортақтық,
ұқсастық көбірек. Сонымен бірге еңбектің абстрактілі ұғымнан нақты
категорияға айналатындығының көрсеткіші болып табылатын осы
ерекшелікті де есепке алмау дұрым емес.
Төменде қолданылатын басқа да бірқатар терминдерге тоқталу
қажет. «Құрылым» термині ПЕҒҰ-да бір нәрсенің жай ғана
құрылымы емес.
«Жүйе» термині де ПЕҒҰ-да жай ғана элементтердің жиынтығы,
олардың қасиеттерінің әдеттегі қосындысы емес.
Ір әрекет жүйесін құру үшін не қажет? Ең алдымен, қажетті
элементтер жиынтығын табу керек. Олардың мөлшері қызмет етуге
жеткілікті шамада болуы тиіс. Берілген мақсатқа жетуге қажеттілері
ғана таңдалып алынады. Артықтары жойылады.