тептің міндеті болса, баланың өзін тануда,
басқаны тануында, баланың дамуында жан
дүниесінде рухани –адамгершілік қасиеттерінің
көзін ашып ізгілік жолын табуына көмектесу
тəрбиелі адамның қайырымды ісі.
Күн тəртібіне қойылып отырған ұрпақ
тəрбиесін жан-жақты дамытып, баланың ішкі
жан дүниесін тану арқылы өмірдің маңызы мен
мəнін пайымдауға, өзіндік «менін» қалыптасты-
руға үйретуді мақсат ететін құндылықтардың
қайнар бұлағы–ұлттық, жалпыадамзаттық
құндылықтардан нəр алады. Əр баланың
бойынан жылылық, мейірімділік, сүйіспеншілік
сынды асыл қасиеттерді көре білген педагог оны
əрі қарай дамытады, нəрлендіреді. Сонымен
қатар тəрбиенің өзіндік ерекшелігін байқататын
«Ақиқат»,«Дұрыс əрекет», «Сүйіспеншілік»,
«Тыныштық», «Қиянат жасамау», балаларды
шындыққа (ойын еркін айтуға), достыққа,
сүйіспеншілікке, яғни сабақ барысында кезде-
сетін əр айдар бала бойына жалпыадамзаттық
құндылықтардың дəнін себеді. Бұл құндылықты
қайдан аламыз деген сұраққа халқымыздың
аңыз–əңгімесі, ертегісі, мақал-мəтелі,нақыл
с ө з д е р і , ұ л ы л а р д ы ң ұ л а ғ а т ы , а қ ы н -
жазушыларымыздың шығармаларындағы
тəрбие қаймағы еріксіз қалқып шығады. Бұл
рухани қасиет адамды жеке тұлға ретінде
тəрбиелеуге бағыт ұстайды. Əрбір жеке тұлға,
жеке адамзат өмірдің мəнін түсініп, өзіндік орнын
табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет.
Осыған орай əрбір сəт баланы өзінше ойлауға,
шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға
баулиды.
Жас ұрпаққа тəлім-тəрбие беруде, оларды
адами ізгі қатынастарға үйретуде «.Ғұлама
ғалым Əбу-Насыр əл-Фараби: «Ұстаздық
мінез–құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол
тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да
жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық
шəкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым
ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді,
оның берген сабағы мен оның ғылымына, шəкірті
селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан
барынша ынталылық пен табандылық қажет.
Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас
тесетін бейнебір су тəрізді»,-деп нағыз рухани
құндылықты өз бойына жинай білген əр адам
ұстаздың бейнесін осылай жасайды.
Жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі
мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер
абзал азамат болуына да себепші нағыз ұстаз.
Сол себепті жүрегі жалындаған əр баланың
бойынан ата-аналардың нендей адами қасиет
күтетінін осылай қорытындылар едім. «Əрине
адам бойындағы барлық адамгершілік қасиет-
тердің болғанын қалаймыз» деген жауапты
есепке алмағанда, мейірімділік пен қайырымды-
лық–отансүйгіштік пен патриоттық сезім,
еңбексүйгіштік пен білімділік, сұлулық пен
əсемдікке құштарлық, адалдық пен шыншылдық
орнап отыратынына көзіміз жететін болады.Осы
жалын отын лаулату біздің, яғни, елінің болаша-
ғын ойлаған əрбір тəрбие ісіндегі мұғалімінің
көтерер жүгі екендігін еш уақыт естен шығармау-
ымыз керек.
Қорыта айтқанда, əр адам өзін-өзі, өзінің
қажеттілігін, өмірдегі жəне қоғамдағы рөлін
толық түсіну нəтижесінде өз мүмкіндіктерін
таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін
толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына
жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды
ө з д і г і н е н і з д е с т і р у ж а қ с ы н ə т и ж е г е
жеткізеді.Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниет-
терін дамыту барысында өзін – өзі тəрбиелейді.
Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну,
іздену адам көркі мен мінезін шынықтырып,
шыңдайды.Өмірдегі əртүрлі жағдайлардағы
қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтыл-
дырып,талпындырады. Сондықтан ізденіп,
алдымызға қойған мақсатымызға жетейік. «Өзін-
өзі тану» пəні баланы өзінің қадірін өзі білуге,
өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани
өмірде жəне қоршаған өмір жағдайларында
өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше
шешім қабылдай алуына жəне өз сөзі мен
əрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге
тəрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін»
табуға жетелейтін пəн.
Пайдаланған əдебиеттер:
1.Методика преподавания дисциплины в
школе «Самопознание». Учебно-методическое
пособие для учителей. Алматы, 2013
2.Методическое пособие по оформлению и
организации деятельности учебного кабинета
«Самопознание», Алматы, 2009
3.Өзін-өзі тану. Əдістемелік оқу құралы 1-11
сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010
4.Өзін-өзі тану пəнінің оқу бағдарламасы 1-
11 сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010
5.Өзін-өзі тану пəнінің оқу əдістемелік
құралдары 1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы,
2010
6.«Самопознание» и другие учебные
предметы: возможности интеграции содержания
и методов. Учебно-методическое пособие для
учителей. Алматы, 2013
7.«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашы-
лық педагогикасы».Халықаралық педагогика-
лық оқулар материалдары. (31 қазан-1қараша,
2012 жыл) 1-2 том. Алматы, 2012
8. "Өзіндік таным" журналы - Самопознание
–KZ Республикалық ғылыми-əдістемелік
55
Тəрбие тағылымы/ Вопросы воспитания
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION