Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет26/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

анықтамаларды,  теледидар  бағдарлама-

ларын  т.с.с.  дұрыс  пайдалана  білу  деген  сөз. 

Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі 

ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе 

бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен 

шұғылдануға,  ізденуге,  өз  жұмысының  нəти-

жесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына жəне 

жеткен  жетістігінен  лəззат  алуға  мүмкіндік 

береді.  Ол  үшін  мұғалім  өткізетін  сабағының 

түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сəтті 

ұйымдастырудағы  басты  мақсат  –  оқушының 

сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырып, 

бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақ-

тың  сəтті  өтуі  біріншіден,  мұғалімнің  біліміне, 

іскерлігіне,  тəжірибесіне  байланысты  болса, 

екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден, 

сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушы-

ның  көңіл  –  күйіне  де  байланысты.  Сабақты 

тартымды  əрі  сəтті  өткізе  білу  мұғалімдер 

қауымынан  көп  ізденуді,  білімділікті,  қаб-

ілеттілікті жəне тапқырлықты қажет етеді. 

Ақпараттық  технологиялардың  бірі  – 

интерактивтік тақта, мультимедиялық жəне он-

лайн  сабақтары.  Оқыту  үрдісін  компьютерле-

ндіру  мақсатында  интерактивті  тақтамен 

жұмыс  жасау  тиімді.  Ақпараттық  технология-

ларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – 

ол электронды оқулық. Электрондық оқулық – 

бұл  дидактикалық  əдіс-тəсілдер  мен  ақпарат-

тық  технологияны  қолдануға  негізделген 

түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту 

оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей 

болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы 

үшін  емес,  мұғалімнің  дидактикалық  əдісте-

мелік  көмекші  құралы  да  болып  табылады. 

Сонымен  қоса  мұғалім  мен  оқушылардың 

уақытын  үнемдеуге  оқу  жұмысын  ұйымдасты-

руға  жағдай  жасайды.  Жалпы  оқушылардың 

ақпараттық  технология  негіздерінен  алған 

білімі арқылы: 

1. Оқушының пəнге деген қызығушылығы 

артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады. 

3.  Жылдам  ойлауға  машықтанады,  білім 

сапасы артады. 

4.  Оқушылар  өз  бетімен  жұмыс  жасауға 

дағдыланды. 

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың 

озық  технологияларын  меңгермейінше, 

сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 

интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік, 

рухани азаматтылық, адами келбетінің қалып-

тасуына  игі  əсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып, 

оқу  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмек-

теседі. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – əр сабағын 

түсінікті,  тартымды,  тиімді  өткізу.  Оны  жүзеге 

асырудың  бір  жолы  –  заман  талабына  сай 

ақпаратты  технологияларды  қолдану.  Қазақ 

психологы  М.  Мұқановтың  пайымдауынша 

баланы  оқуға  итермелейтін  күш  негізінде 

мынандай екі түрлі түрткіден құралады. Бірінші 

–  сыртқы  түрткіден,  бұл  жағдайда  бала  өзге-

лерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала 

тікелей  талпынбайды,  жанама  түрде  өзге-

лердің  оған  қолданған  шарасына  өзін  аман 

сақтап  қалудың  амалы  деп  түсінуі  керек. 

Екіншіден,  оқуға  іштей  талпыну  түрткісі 

дегеніміз  –  баланың  өзінің  ықыласы  мен  сан 

алуан  құбылыстардың  өзіне  тəн  сырларын 

білуге ұмтылуынан білуге болады. Бүгінгі күні 

инновациялық əдістер мен ақпараттық техно-

логияларды қолдану арқылы оқушының ойлау 

қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып, 

қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру 

ең  негізгі  мақсат  болып  айқындалады.  Білім 

беру  салаларында  ақпараттық  технологияны 

қолдану  мұғалімге  оқытудың  ұйымдастырыл-

ған түрлері мен əдістерін, мазмұнын өзгертуге 

жол береді. Жалпы, қазіргі заман талабына сай 

ө с і п   к е л е   ж а т қ а н   ж е т к і н ш е к   с а н д ы қ -

ақпараттық технологияларды кеңінен пайдала-

нуға  бейім  екені  баршамызға  аян.  Сондықтан 

оқушы  қызығушылығын  сабақтың  тиімділігін 

арттыру  үшін  жəне  жалпы  болашақ  қоғамға 

бейім  құзіретті  өкілдерді  тəрбиелеу  үшін 

қолданғанымыз  жөн.  «Сұранысқа  сəйкес 

ұсыныс  болуы  тиіс»  дегендей,  заманның 

сұранысына  қарай,  талабына  сай  мұғалім  де 

жұмыстануы тиіс.

Ұстаз  үшін  нəтижеге  жету  шəкіртінің 

білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы 

жəне алған білімдерін қажетіне қолдану болып 

табылады.  Бүгінгі  бала  –  ертенгі  жаңа  əлем. 

Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте  көп. 

Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез 

келген  педагог  өз  ойын  жүйелі  түрде  жеткізе 

алатындай,  коммуникативті  жəне  ақпараттық 

мəдениеті  дамыған,  интерактивтік  тақтаны 

пайдалана алатын, он-лайн режимінде жұмыс 

жасау əдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 

Сондықтан да, бəсекеге сай дамыған елдердің 

қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер 

жүктейді.

Қорыта  келгенде,  қазіргі  ақпараттық 

технологияның  дамыған  шағында  барлық  оқу 

орындары  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды  пайдалану  пəнді  оқытуда 

білім  алушылардың  ерекше  қабілеттерін, 

белсенділіктерін,  шығармашылықтарын 

арттыруға  бағытталуы  сөзсіз.  Білім  беру 

саласында  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман 

болуы мүмкін емес.

48

www.aktobe-orleu.kz



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

äàìó


äàìó


жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау