Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет25/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

46

www.aktobe-orleu.kz



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

äàìó


äàìó

АБДИРОВ Р.Т., 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы

Білім  беруді  дамыту  үрдісінде  білім  сапа-

сын  арттыру,  қарқынды  ғылыми-зерттеу 

қызметімен  ықпалдастырылған  инновациялық 

білімді дамыту – өзекті мəселелердің бірі. 

Жаңа  білім  беру  парадигмасы  мен  білім 

беру  модернизациясын  қалыптастыруды 

қамтамасыз ететін негізгі механизмдердің бірі – 

білім  беруді  ақпараттандыру.  Білім  беру 

құрылымы  қамтамасыздандыратын  үрдіс 

ретінде  қазіргі  ақпараттық  құралдарды  жəне 

коммуникациялық  технологияларды  тиімді 

қолдану қарастырылады.

Болашақта  өркениетті  елдердің  жоғары 

технологиясын  меңгерту,  дүниежүзілік  білім 

кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың 

мүмкіндіктерінің  таралуы  оқу  үлгісінің 

түрлерінің кеңейуін, дамуын жəне жаңа ұйым-

дастырылған  оқыту  əдістері  мен  формалары-

ның  туындауына  түрткі  болып  отыр.  Білім 

беруді  ақпараттандыру  жалпы  білім  беру 

мамандарын ақпараттық жабдықтарды қолда-

на  отырып,  мультимедиялық  технологиялар-

дың негізінде оқыту мəселелері болып табыла-

ды.  Елімізде  білім  беруде  ақпараттандыру 

жүйесін  ары  қарай  дамыту  процесін  оқып 

үйренудің ақпараттық ресурсы болып табыла-

тын  оқытуға  арналған  программалық  құрал-

дарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. 

Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы 

кең,  мысалы:  ақпараттық  жүйелер,  оқыту 

орталары,  электрондық  оқулықтар  жəне 

мультимедиялық программалар. Осыған орай, 

кез келген пəннен дидактикалық материалдар 

дайындауға болады. 

Білім беру жүйесінде электронды оқулық-

тарды  пайдаланып,  үлкен  табыстарға  жетуге 

болады.  Электронды  оқулықтарды  пайдалану 

барысында  оқушы  екі  жақты  білім  алады: 

біріншісі – пəндік білім, екіншісі – компьютерлік 

білім.  Электронды  оқулықтарды  пайдалану 

оқушының  өз  бетінше  шығармашылық  жұмыс 

жасауына,  теориялық  білімін  практикамен 

ұштастыруына  мүмкіндік  береді.  Электронды 

оқулық  арқылы  оқушы  көптеген  қосымша 

материал  ала  алады,  осы  алған  мəліметтерін 

компьютерден  көргендіктен  есінде  жақсы 

сақтайды,  өз  бетінше  жұмыс  жасау  қабілеті 

қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда 

инновацияны пайдаланудың – шығармашылық 

жетістіктің негізгі көзі.

Оқыту үрдісінде компьютерлік технология-

ларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағыт-

талады:


-   к о м п ь ю т е р л і к   т е х н о л о г и я л а р д ы ң 

мүмкіндіктерін  іске  асыру  арқылы  оқыту 



КƏСІБИ ҚЫЗМЕТТЕ 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ



ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ 


47

IT: Білім/ Образование

2(6) 2018



Advising Applicants

 

 

 

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

үрдісінің  ықпалдығы  мен  сапасының  деңгейін 

көтеру;

-  танымдық  əрекеттердің  белсенділігін 



арттыратын ынталарды қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын 

пайдалану  негізінде  пəнаралық  байланысты 

тереңдету.

Қазіргі  кезеңдерде  негізгі  мəселелердің 

бірі – оқыту процесін де білім, тəрбие берудің 

пəрменділігін,  білімнің  тəрбиелік,  тəрбиенің 

білімдік мəнін жоғары дəрежеге жеткізу болып 

табылады. Білім берудің кез келген саласында 

электрондық  оқулықтарды  пайдалану  оқушы-

лардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырып 

қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалып-

тастыруға  шығармашылықпен  еңбек  етуіне 

жағдай жасайды. Əлі де білім беру саласында 

тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты 

пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттан-

дырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру 

қоғамында  электрондық  оқулықтарды  пайда-

ланбай алға жылжу мүмкін емес.

Электрондық  оқулықты  қолдану  саласы 

өте кең: электрондық – оқыту жүйесі қашықтан 

оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы 

білімге  деген  талпыныс  бар  оқушыларға  өте 

тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін 

көп  дербес  компьютерлерді  өңдей  отырып, 

тарау  бойынша  оқушылардың  дағдыларды 

қалыптастыру,  білім  бақылау  жұмыстарын 

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Осы  арқылы 

компьютерлік  технологияның  дамуының 

тереңдетілуі  білім  сапасын  жоғарылата  оты-

рып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі. 

Электрондық  оқулықты  пайдалану  арқы-

лы:

- сабақта техникалық құралдарды, дидак-



тикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

- мұғалімнің ақпараттық – коммуникация-

лық технологияны меңгеруі;

- оқушының пəнге қызығушылығы;

- алынған білім, дағды деңгейі;

- білімнің тереңдігі;

- тексеру түрлері, бағалау;

-   п р а к т и к а л ы қ   д а ғ д ы л а р д ы   и г е р у 

мүмкіндігі артады.

О қ у д ы   қ о л д а й т ы н   а қ п а р а т т ы қ -

коммуникациялық технологиялардың бірқатар 

сипаттамалары  анықталды.  АКТ  ықпалы 

мұғалімнің пəндік білімінің деңгейіне, педагоги-

калық ұстанымдарына, оқытудағы тəсілдеріне, 

сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы жəне ол 

құралдарды  пайдалану  құзырлылығына 

байланысты.  АКТ-ны  пайдаланғаннан  нəтиже 

б о л у ы   ү ш і н   м ұ ғ а л і м д е р   а қ п а р а т т ы қ -

коммуникациялық  технологияларды  есепке 

а л а   о т ы р ы п ,   ө з д е р і н і ң   п е д а г о г и к а л ы қ 

білімдерін дамытуға тиісті жəне мұғалімдердің 

осы технологияны пайдаланудағы құзыреттілігі 

мен  сенімділік  деңгейімен  үйлесуі  керек. 

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы 

кездері  информатика  пəні  сабақтарында 

ақпараттық  технологиялар  жиі  қолданылуда. 

Осыған  байланысты  күнделікті  сабаққа:  -

мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен 

теледидарды,  электрондық  оқулықтарды);  -

компьютер  (компьютерлік  бағдарламалар, 

интерактивті тақта), интернет жəне т.б. көрнекі 

материалдарды  пайдалану  айтарлықтай 

нəтиже  береді.  Мұндай  қондырғылар  оқушы-

лардың  қызығушылығын  арттырып,  зейін 

қойып  тыңдауға  жəне  алған  мəліметтерді 

нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың 

сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің 

сабақ  өткізу  тəсіліне  де  байланысты.  Қазіргі 

таңда  оқудың  интерактивті  əдіс-тəсілдері  өте 

көп.  Педагогикалық  ғалым  мен  озық  тəжіри-

бенің  бүгінгі  даму  деңгейінде  белгілі  болған 

оқыту  əдіс-тəсілдерінің  бəрін  де  еркін  игеріп, 

əрбір  нақтылы  жағдайларға  орай  ең  тиімдісін 

таңдап алу жəне олардың бірнешеуінің жиын-

тығын түрлендіре тиімді, үйлесімді əрі шығар-

машылықпен қолдану – сабақтың сəтті өтуінің 

кепілі. Осы ретте мына мəселелерге баса назар 

аударған дұрыс: 

1. Мұғалім сəтсіз өткен сабақтарға өзіндік 

талдау  жасап  өз  кемшілігін  іздеуге  əрекет 

жасау керек.

2.  Білім  мен  тəрбие  беруде  жариялылық, 

педагогикалық,  ынтымақтастық,  ғылыми-

əдістемелік,  тың  ізденістерге  сүйене  отырып 

жаңашылдыққа талпыну қажет. 

3. Мұғалім күнделікті əр сабағына шығар-

машылықпен  дайындалуы  керек.  Өйткені, 

сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. 

Сондықтан əр сабақты тиімді ұйымдасты-

руда  оқушыны  жалықтырмайтын,  қабілетін 

арттыратын жағдай туғызуға ықпал ету қажет. 

Ақпараттық  технология  негіздері  тұлғаның 

информатика  пəнінен  алған  білім  сапасы  мен 

сауаттылығын  кеңейтуге  жəрдемдеседі, 

мысалы:  интернет  сайты  арқылы  жоғары 

деңгейдегі  көрнекіліктерді  пайдалануға 

болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, 

аудио  қондырғылары  мен  теледидарды, 

компьютерді  қолдану  оқушының  дүниетаны-

мын кеңейтеді. Əсіресе, оқулықтағы тараулар-

ды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша 

материалдар  жинақтап,  білімдерін  кеңейтіп, 

танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, 

қисынды  ойлау  жүйесін  қалыптастырып, 

шығармашылығын  дамытады.  Тесттік  тапсыр-

малар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту 

оң  нəтижелер  береді.  Ақпараттық  мəдениет 

дегеніміз  –  тек  компьютермен  дұрыс  жұмыс 

істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: 



жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау