50
www.aktobe-orleu.kz
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
äàìó
äàìó
ƏЛІБЕКОВ Ө. Ж.,
Ə. Жангелдин атындағы орта мектебінің алғашқы əскери дайындық пəнінің
ұйымдастырушы мұғалімі
Қай дəуірде, қай кезеңде болмасын білім
берудің болашағы мол, ескермейтін факторла-
рының бірі, əрі бірегейі – патриоттық тəрбие.
Себебі, патриоттық тəрбие – тəрбиенің басты
бағыттарының бастауы. Елбасы Н.Ə.Назарбаев
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға
баспайды» деген болатын. Ендеше, жас ұрпақты
оқыту жəне оны тəрбиелеу тығыз байланысты.
Осы орайды Əл-Фараби бабамыздың мына бір
сөзін ескеруміз қажет: «Тəрбиесіз берілген білім
– адамзаттың қас жауы». Расында да, əрбір жас
ұрпақ, кейінгі буын білімді, білікті болып өсуі
үшін оның санасына алдымен ұлттық, патриот-
тық тəрбиені сіңіруіміз қажет.
Патриоттық тəрбие мəселесі адамзат
тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа
ғасырлап келе жатқан ұлы мақсат. Демек əрбір
жас буын, өскелең ұрпақ Отанын сүйетін, ұлттық
өткені мен тарихын, мəдени мұрасын шексіз
құрметтейтін, ұлттық рухты, салт-дəстүрді
бойына сіңіре білген қасиеттерге ие болып өсуі
үшін не істеуіміз қажет?! Əлбетте, болашақ Отан
қорғаушыларды тəрбиелеуде əр педагогты
толғандыратыны осы мəселе. Мен осы орайда
тəрбиенің қайнар бұлағы, бастауы – əдебиет дер
едім. Өзімнің бірнеше жылдық педагогикалық
тəжірибемде оқушыларға, яғни болашақ Отан
қорғаушы азаматтарға патриоттық тəрбие
беруде сонау халық ауыз əдебиеті үлгілерінен
бастап бүгінгі əдебиет өкілдерінің, анығында
ақын-жазушыларының рухы биік, өресі зор
шығармаларын оқыта, талдата отырып, əдеби
мұраларды, дастандарды əдістемелік негізге
алдым. Мұндағы мақсат – оқушыларға патриот-
тық тəлім-тəрбие беретін əдеби мұралар мен
əндерді жаттатып қана қоймай, оның шығу
тарихымен таныстыру жəне тарихпен байланыс-
тыра отырып, бұл өлеңдер мен дастандардың,
əндердің құдіретін, сондай-ақ ұлттық құндылы-
ғын, рөлін түсіндіру. Əр сабақтан бір маңызды
мағлұмат, сапалы дүниені бойына сіңірген
ұрпақтың əлбетте, жүрегі сүйіспеншілікке толы,
санасы ұлттық құндылықтарға бай, көкірегі ояу,
көзі ашық болары хақ. Өз тəжірибеме сүйене
отырып, Отан қоғаушыларға патриоттық тəрбие
беруде қолданып жүрген бірнеше халық мұрасы
«Ұëòòûқ æàңғûðó äåãåí ұғûìíûң өç³ ұëòòûқ ñàíàíûң êåìåëäåíó³í á³ëä³ðåä³. Ұëòòûқ ñàëò-
äәñòүðëåð³ì³ç, ò³ë³ì³ç áåí ìóçûêàìûç,әäåáèåò³ì³ç, æîðàëғûëàðûìûç, á³ð ñөçáåí àéòқàíäà
ұëòòûқ ðóõûìûç áîéûìûçäà ìәңã³ қàëóғà òè³ñ...»
Í.Ә.Íàçàðáàåâ
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ
АҚЫЛ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МƏНІ
51
Тəрбие тағылымы/ Вопросы воспитания
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
мен ақын өлеңдерінен мысал келтіре отырып,
қолдану аясы мен мəн-маңызын ашып көрсе-
тейін.
Тарихтан белгілі Жоңғар шапқыншылығы-
ның ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына
төнген қауіп-қатерді, қиыншылықты, босқан
елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең –
«Елім-ай». Бұл жыр дастаннан келтірілген үзінді.
Яғни, онда жоңғар шапқыншылығы жайлы ғана
емес, сондай-ақ Керей мен Жəнібектен бастап
Қазақ хандығы қалай құрылды, хандықты
қандай хандар билеген, көршілес басқа халық-
тармен қазақтардың қарым-қатынасы, туысты-
ғы, жоңғар-қалмақтар кімдер, сол кездегі
қазақтардың жағдайы қандай болғаны туралы
айтылған. Жалпы оқушылар бұл əнді тыңдай
отырып, Қазақ елінің басынан өткен үлкен
қайғылы кезең жайлы толығымен таныса алады.
«Желтоқсан желі» əні. Бұл 1986жылғы 17-
18 желтоқсандағы Алматыда болған қазақ
жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық,
əміршіл-əкімшіл жүйесіне наразылық іс-
қимылдарынан көрініс беретін «Желтоқсан
оқиғасына» байланысты туындаған əн. Бұл əнді
тыңдай отырып, оқушы санасында бостандыққа,
тəуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихында-
ғы елеулі оқиға жөнінде кадрлар тізбектеліп, сол
бір қанды оқиғаны елестете отырып, тəу-
елсіздіктің бізге қандай жолмен келген құнды,
бағалы сый екенін сезінері сөзсіз.
Азамат жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды – біз теңдік алайық! -деп жырла-
ған С.Сейфулиннің «Жас қазақ марсельезасы»
төңкеріс жылдары халық арасына кең тараған.
Ақын бұл өлеңде патшаның əділетсіз болғанын,
ұ л ы қ т а р д ы ң п а р а қ о р л ы ғ ы н , б а й л а р д ы ң
мейірімсіздігін əшкерелеп, қарапайым халықты
қол ұстасып, теңдік ұранын көтеруге шақырады.
Күрес дəуірінің рухын сездіру, жаңашыл күрестің
басымдығын аңғарту, бірлесіп, бірігіп күреске
үндеу ұраны көрініс тапқан бұл шығарманы оқи
отырып жас ұрпақ рухты, қайратты, қажырлы
болып қалыптастады.
Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсет-
кен жерлесіміздің, қазақ қызының Ə.Молдағұло-
ваның қайсарлығын көрсеткен «Əлия» əні де
ерлікті ұлықтайтын, тарихқа тағзым етерлік,
халық қазынасына айналған, орны ерекше
шығарма. Бұл əн патриоттық рух пен ұлттық
құндылықты оятады.
Міне, тізбектей берсек осы іспеттес жас
ұрпақты жігерлі, тəрбиелік мəні басым, айтар
ойы бар, сөзі астарлы, тарихтан сыр шерткен,
терең мағыналы рухын асқақ, намысын биіктете
отырып тəрбиелейтін патриоттық əндер
жетерлік. Тек соның тиімділігін сараптап,
салмақты түрде оқушы бойына сіңіре білсек
болғаны. Патриоттық əндерден бөлек əдебиет
мұраларынан да бірнеше нұсқаларын алып,
оқытуға болады. Мəселен М.Шахановтың
«Отырардың күйреуі», М.Мақатаевтың «Райым-
бек, Райымбек», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»
дастандары, Ж.Жабаевтың «Ленинградтық
өренім», М.Мақатаевтың «Шуағым менің»
кітабынан «Арнау», Н.Қосжанұлының «Сартай
батыр» дастаны т.б. ерлік, батырлықты дəріп-