Ғûëûìíûң øûí æàíàøûðû
Байғанин - Ақтөбе облысы аймағындағы
іргелі аудан. Еліміздің ғылым мен мəдениет, əдебиет пен
өнер салаларын дамытуда мақтан тұтарлық тұлғалардың
қатарынан көрінген өңірдің дарабоздары көптеп саналады.
Олардың өнегелі өмірін, еңбегін, шығармашылықтары мен
жетістіктерін танып, танымын кеңейту – ұрпақ парызы.
Жеткербай Қайдасов – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов ат. АӨМУ профессо-
ры, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР педагогика ғылымдары Академиясының академигі.
Ол 1951 жылы 29 маусымда Ақтөбе облысының Байғанин ауданында қарасты Қораши ауылында дүниеге
келген. Орта мектепті Ноғайты станциясындағы Сағыз орта мектебінен бітірген. Ол өз сөзінде: «Мен геомет-
рияға бала кезімнен қызығатынмын. Мектепте оқып жүрген кезімде 1968 жылы «Математика жəне матема-
тиктер жайлы əңгімелер» деген Мыңбай Ысқақовтың кітабы қолыма түсті. Сол кезден бастап математикаға
деген қызығушылығым одан сайын арта түсті. Кейіннен студенттік кездерімде сол кісіден дəріс алдым, менің
ұстазым болды. Бұл мен үшін үлкен бақыт болатын»,-деген еді.
Геометрия саласын терең меңгеруге ден қойған жас жігіт 1973 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ге түсіп,
«Математика» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сол жылдары үш жаңа облыс – Жезқазған, Торғай,
Маңғыстау облыстары құрылып, жас маманды Торғай облысына жібереді. Еңбек жолын математика мұғалімі
қызметінен бастап, 1975 жылы жаңадан ашылған Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогика-
лық институтында аға оқытушы, доцент, факультет деканы болып қызмет етеді.
1976-1977 жылдары Рязань мемлекеттік пединститутында ғылыми стажировкадан өтеді. 1980 жылы
С.М. Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасына қабылданып, «Геометрия жəне топология» мамандығы
бойынша диссертация дайындау мақсатында Мəскеу мемлекеттік университетіне жіберіледі.
1987 жылы «О регулярном изометрическом погружении в Е3 некоторых некомпактных частей плоскости
Лобачевского» тақырыбында «Геометрия и топология» мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы
ММПИ–дің арнайы Кеңесінде (Мəскеу қ.) кандидаттық диссертациясын қорғап шығады.
1990 жылы Алгебра жəне геометрия кафедрасының доценті ғылыми дəрежесіне, 1997 жылы Қазақстан
Республикасы білім беру ісінің үздігі атағына ие болады. Сонымен қатар Халықаралық ақпараттандыру
Академиясының академигі, ҚР педагогика ғылымдар Академиясының академигі атағын иеленген.
Ғылыммен айналысуды өзіне мақсат етіп қойған ғалым қарапайымдылық пен еңбекқорлықтың арқасын-
да биік жетістіктерге жетті. Тектінің, дарынның, таланттың қай-қайсы да тегінен тамыр тартып, туып-өскен
жерінің топырағынан бастау алатыны белгілі.
2000 жылы туған елге қоныс аударған ғалым ағамыз Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы педаго-
гикалық университетіне жұмысқа орналасады. Қызмет атқарған жылдары «Алгебра жəне дифференциаль-
дық теңдеулер кафедрасында» доцент, профессор академиялық атағы беріледі.
Айналысатын ғылыми саласы қазіргі заманғы дифференциальдық геометрия, орта білім беретін мектеп
жəне жоғарғы оқу орнындағы математиканы оқыту əдістемесімен байланысты. 100-ден астам ғылыми,
ғылыми-əдістемелік жəне оқу-əдістемелік еңбектері «Вестник МГУ», «Математические заметки», «Фунда-
ментальная и прикладная математика», «Поиск», «Проблемы науки», «Қазақстан мектебі», «Математика
жəне физика» журналдарында жарияланған. Қазақстан бойынша алғаш Thomson reuters базасына енген
мақала да Жеткербай ағамыздікі еді. Студенттердің дипломдық, магистранттардың диссертациялық жұмыс-
тарына үзбей жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігімен 6 магистр қорғаған.
Қайдасов Жеткербай жаңа буын оқулықтары авторлар ұжымының жетекшісі. ҚР БжҒМ бекіткен 7-11
кластарға арналған «Геометрия» оқулықтары республика бойынша негізгі оқулық ретінде жалпы білім
беретін мектептерде қолданылуда. 2003 жылы «Геометрия» пəні бойынша 7-8 кластарға арналған алғаш
электрондық оқулығын қазақ тілінде жасап шығарады.
Бар саналы ғұмырын ғылымға арнаған ғалым бүгінде шəкірттерін білім нəрімен сусындатып, ғылымға
бағыт бұрған жастардың қабілетін шыңдап келеді. Жеткербай ағайдың біздің институтымыздың ғылыми
серіктесі болып жүргеніне өте қуаныштымыз.
МАТСАЛАЕВА Жазира Калдыбаевна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жетекші маманы
03
2(6) 2018
институтының журналы
№2 (6) 2018 жыл
Басылым Қазақстан Республикасы ақпарат
жəне коммуникация министрлігінің байланыс,
ақпараттандыру жəне БАҚ саласындағы
2016 жылғы 06 желтоқсанында берілген.
Бас редактор / Главный редактор:
Редакция алқасы / Редакционная коллегия
Бас редактордың орынбасары /
Дизайн:
Меншік иесі / Собственник
Авторлар қолжазбасы, суреттер
өңделмейді жəне кері қайтарылмайды.
Редакция авторлар мақаласының
мазмұнына жауап бермейді.
Журналда жарияланған материалдарды
көшіріп немесе өңдеп басу үшін
редакцияның жазбаша рұқсаты
алынып, сілтеме жасалуы міндетті.
Редакцияның мекен-жайы:
030020, Ақтөбе қаласы
Тургенев көшесі, 86
тел.:+7/7132/ 56-06-09, 56-05-37
Таралымы: 166 дана
Қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде
«Педагогикалық даму» журналына байланысты
өздеріңіздің ұсыныстарыңыз
бен тілектеріңізді
redaktsiyaorleu@mail.ru
электронды поштасына жіберулеріңізге болады.
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты” (Ақтөбе қаласы)
Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
МАЗМҰНЫ/
Содержание
3
äàìó
алынып, есепке қою туралы №16242-Ж куəлігі
мемлекеттік бақылау комитетінде тіркеуге
Матсалаева Ж.К.
Ғылымның шын жанашыры
Абишева Н.М., кандидат филологических наук
Заместитель главного редактора
Кибатаева Н.К., кандидат педагогических наук
Ахметова Г.К., доктор пед. наук, профессор
Сальцева С.В., доктор пед. наук, профессор
(Россия)
Бекназаров Р.А., доктор ист. наук, профессор
Жапакова Г.К., магистр фил. наук
Сугурбаева А.С., магистр фил. наук
Трнабаева Н.С., магистр техн. наук
Уақыт тынысы
6
Абишева Н.М.
Три флага, три страны,
три опыта образования
Журнал 2017 жылдан бастап шығарылды.
Кезеңдік басылым 1 жылда 4 рет
Ресми сайт: www.aktobe-orleu.kz
8
Байтақова Г.Қ.
Оқушыларды география пəнінен
олимпиадаға дайындау жұмыстары
Бөлекбайев А.С.
Спорт – денсаулық кепілі
Конысбаева Г.К.
Жаңа əлемдегі мұғалім келбеті
Қорғанов С.Т.
Оқушылардың логикалық ойлауын түрлі
тапсырмалар арқылы дамыту жолдары
Құрмашева А.Қ.
Оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Нарегеева А.М.
Тарихи-мəдени ескерткіштер
Нугманова Г.Д.
Оқуды бағалау мен
оқу үшін бағалаудың маңызы
10
12
14
Білім мазмұны
16
17
22
6
7
36