26
www.aktobe-orleu.kz
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
äàìó
äàìó
СПАНОВ Ə. Н.,
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пəні
мұғалімі
Елбасы Н.Ə. Назарбаев əрбір жылғы
халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып
келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отан-
дық мəдениетті бойында қалыптастырған;
шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру» деп атап өткен болатын.
Бүгінде білім – қоғамның əлеуметтік-
экономикалық, интеллектуалдық жəне рухани
дамуының стратегиялық бағдары ғана емес,
с о н ы м е н қ а т а р б і з д і ң қ о ғ а м ы м ы з д ы ң
қауіпсіздігінің кепілі.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті
педагогикалық мəселелердің шешімдерін
табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін
тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа
технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың
негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушы-
ларға өз бетімен жəне бірлесіп шығармашылық
жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді жəне оны
педагогикалық мақсатта пайдалану оқушы-
лардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына əсер
е т е о т ы р ы п о н ы ң и н т е л л е к т у а л д ы қ
мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тəрбиесінің əлеуметтік жүйе жəне
қоғамдық құбылыс есебінде дене тəрбиесі
жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының
негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен
құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен
тəрбие талаптарына сəйкес өсіп келе жатқан
ұрпақтың дене тəрбиесін қамтамасыз ету үшін
керек. Дене тəрбиесі тек мектептегі дене
шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс,
мектептен де тыс денсаулыққа байланысты
шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі
кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тəрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықта-
рын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы
биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің
жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным
мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Мұндай маңызды əдістеме ғылыми жəне оқу
пəні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене
тəрбиесі саласындағы кəсіптік бағытта бола-
шақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыра-
тын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйе-
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ САБАҒЫНДА
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН
ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
27
Білім мазмұны/Образовательный контент
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
сіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде
жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламала-
рын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда,
бұлардың бəрінде мектеп оқушыларын қайда
оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі
тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу
нормасын тапсыруға арналған шарттар
көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығулары-
ның орындалуы қозғалыс дайындығының
деңгейі туралы мəлімет береді. Дегенмен, бұл
бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие,
сондықтан оларды əрбір педагог жергілікті
жағдай мен салт-дəстүрлерге орай өзгертулер
мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Дене тəрбиесі мəселелерін шығармашылық
тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында
инновациялық процестер мен жаңашыл
бағыттарды дер кезінде меңгере отырып,
тəжірибеге сын көзбен қарап, дене тəрбиесі
міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауат-
тылық пен дене мəдениетін меңгерген маман
даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тəрбиесін, жаңа технология мен озат
тəжірибені ұлттық жəне жалпыадамзаттық
құндылық қағидаларымен сабақтастыра
зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап
отырған педагогика ғылымының міндеттерінің
бірі.
Дене тəрбиесінің мəнін бүгінгі жаңа заман
талабына сəйкес қарастыру – бұл адамды өзі
өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол
ортадағы дене мəдениеті, адамгершілік қарым-
қатынасы əрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі
ө з г е р і с т е р г е т ү с у і , а д а м н ы ң м а қ с а т -
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-
құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да
субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне
қоғамдағы салауаттылық, дене мəдениеті мен
рухани құндылықтардың табиғаты, мəні, шығу
тегі жəне атқаратын қызметтері туралы жан-
жақты зерттеу, оқушылардың дене тəрбиесін
салауаттылық дене мəдениеті мəселесімен
байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақы-
рыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Елімізде бəсекеге қабілетті білім – білім
беру саласының ең басты міндеті болып отыр.
Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім
дəрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясаты-
ның негізгі көздегені. Дамыған елу елдің
қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы
сапалы да бəсекеге қабілетті білім. Сондықтан
да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты
ұстанымдары мен міндеттері, əрекеттері,
жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырыла-
ды.
Дене тəрбиесі өсіп келе жатқан жас
ұрпаққа білім мен тəрбие беру саласының бір
тармағы болып табылады жəне ол жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты
болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық
еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға,
оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында
жəне əртүрлі қолдану салаларына байланысты
жаңа бағыттағы спорт, дене тəрбиесі жүйесі
бойынша мамандарға деген сұраныстардың
артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен
қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай
болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқару-
ды талап етеді жəне болашақ педагогтардың
кəсіби даярлығын, білім стандартына,
мазмұнына сай жетілдіру мəселелері көкей-
кесті мəселе болып отыр. Көрсетілген міндет-
терді толық жүзеге асыру дене тəрбиесі