Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет13/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

24

www.aktobe-orleu.kz



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

äàìó


äàìó

НҰРМАНОВ Е.М.,

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Белшер негізгі орта мектебінің мұғалімі

Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Тілдің  міндеті-

ақылдың  аңдауын  аңдағанша,  қиялдың 

меңзеуін  меңзегенше,  көңілдің  түйуін  түйге-

нінше айтуға жарау. Айта білетін адам табыл-

са,  тіл  пайдалануға  əрқашан  жарайды.  Тек 

айта білетін адам табылуы қиын»,-деген.

Қазақстан  əлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

енуі  отандық  білім  дамуының  стратегиялық 

жоспарын  əзірлеуді  жəне  соған  орай  ұлттық 

білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуын-

дағы жалпы əлемдік үрдістерді ескеретін жаңа 

үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, 

тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптас-

тыру  əр  ұстаздың  мақсаты  екені  анық.  Білім 

мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізінде 

оқушы  белгілі бір қажетті біліктер мен дағдыл-

ларының  иесі,  оқу  əрекетінің  субъектісі,  əр 

түрлі мəдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысы-

нан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс əрі шебер 

жеткізе білетін, мəдениетті тұлға.

Сыни  ойлау  –  ашық  қоғам  негізі.  Сыни 

ойлау  деген  –  əр  жеке  тұлғаның  кез-келген 

жағдайдағы мəселені ойлап, зерттеп қорытып, 

өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.  Сыни 

тұрғыдан  ойлау,  өзіндік,  жеке  ойлау  боп 

табылады. Ол өз алдына сұрақтар қойып жəне 

үнемі  оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды 

қажет  ететін  мəселені  анықтау,  əр  мəселеге 

байланысты өз пікірін айту, оны дəлелдей алу, 

сонымен қатар басқалардың пікірлерін дəлірек 

қарастыруды  жəне  сол  дəлелдемелердің 

қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.  Нағыз 

сабақ – ол əрқашан диалог, іздене, дайындала, 

үйрене, шəкірттер болашағын ойлай жасалған 

еңбек пен тəжірибенің бірлігі. Сын тұрғысынан 

ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден: сын тұрғысынан ойлау өзіндік 

жəне жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден: сын тұрғысынан оқыту жаттан-

ды  қағидаларды  дəлелдеп  айта  беру  емес, 

оқушы  оқып,  оны  еске  сақтап  айту  қабілеті 

жоқ,  керісінше  терең  ойлау  арқылы  ескіге 

жаңаша  көзқарас  қалыптастыру  мүмкін,  тың 

идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақ-

тар  қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін 

мəселені  анықтаудан  басталады.  Жалпы 

адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып 

келеді.  Өзінің  жеке  қызығушылықтарымен 

қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы 

қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой 

толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  жəне 

жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші 

жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы 

білімін  жаңа  ақпаратпен  толықтырады, 

кеңейте түседі.

Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы 

тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта 

алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы 

арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына 

тітіркенгіш    арқылы  арқылы  əсер  ету  жүзеге 

асады.  Осы  кезеңге  қызмет  ететін  «Топтау», 

«Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта  талқылау»,  

«Болжау», «Əлемді шарлау» деген аттары бар 

əдістер  жинақталған.  Қызығушылықты  ояту 

кезеңінің  екінші  мақсаты  –үйренушінің  бел-

сенділігін   арттыру. Өйткені, үйрену – енжар-

лықтан  гөрі  белсенділікті  талап  ететіндігі 

даусыз.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді, 

қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында 

талқылайды.  Яғни  айту,  бөлісу,  ортаға  салу 

арқылы  оның  ойы  ашылады,  тазарады.  Осы-

лайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте   қадам 

жасала  бастайды.  Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа 

білім  жайлы  ақпарат  жинап,  оны  байырғы 



ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА 

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП 

ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


25

Білім мазмұны/Образовательный контент

2(6) 2018



Advising Applicants

 

 

 

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

біліммен  ұштастырады.  Ойлау  мен    үйренуге 

бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі 

мағынаны  ашу  яғни,  түсіне  білу.  Бұл  кезеңде 

үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып 

бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орын-

дайды.  Оны  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  бел-

сенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушы-

лардың  тақырып  бойынша    жұмыс  жасауына 

көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның  

бірі  –  INSERT.  Ол  бойынша  оқушыға  оқу, 

тақырыппен  танысу барысында Y»–білемін»,--

-м- «мен үшін түсініксіз» ,+ –«мен үшін жаңа 

ақпарат» , ?- «мені таң қалдырады» белгілерін 

қойып  отырып,  оқу  тапсырылады.  INSERT  – 

оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, 

ойын  білдіруге  үйрететін  ұтымды  құрал.  Бір 

əңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте 

сақтау,  мəнін  жете  түсіну  –  күрделі  жұмыс. 

Сондықтан  да,  оқушылар  арасында  оқуға 

жеңіл-желпі  қарау  салдарынан  түсіне  алмау, 

өмірмен  ұштастыра  алмау  жиі  кездеседі. 

Мағынаны  түсіндіруді  жоғарыдағыдай  ұйым-

дастыру–аталған кемшіліктерді болдырмаудың 

бірден – бір кепілі.

Үйретушілер  білетіндерін  анықтап, 

білмейтіндерін  белгілеп  сұрауға  əзірленеді. 

Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрын-

ғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни 

байланыстар  құруға  дағдыландырады.Тақы-

рып  туралы  ой-толғаныс  –  бағдарламаның 

үшінші  кезеңі.  Күнделікті  оқыту  процесінде 

оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне 

басқаға  сын  көзбен  қарап,  баға  беруге  үйре-

теді.  Оқушылар  өз  ойларын,  өздері  байқаған 

ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта  алады.  Бұл 

сатыда  оқушылар  бір-бірімен əсерлі  түрде  ой 

алмастыру,  ой  түйістіру,  өз  үйрену  жолын, 

кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  əр 

түрлі  кестесін  біліп  үйренеді.  Бұл  үйрену 

сатысы  –  ойды  қайта  түйіп,  жаңа  өзгерістер 

жасайтын  кезең  болып  табылады.  Əр  түрлі 

шығармашылықпен  ой  түйістіру  болашақта 

қолданылатын  мақсатты  құрылымға  жете-

лейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес 



жолды  өлең»,  «Венн  диаграммасы»,  «Еркін 

жазу»,  «Семантикалық  карта»,  «Т  кестесі» 

сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне 

ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданыла-

ды.

Сабақта  оқушыға  білім  дайын  күйінде 



берілмеуі  керек.  Мұғалім  шеберлігі  арқылы 

баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту 

қажет.  Ал  ол  сұрақ  əр  түрлі  əдіс  тəсілдер 

арқылы  баланың  алдына  жан-жақты  мақсат 

қойып, іске асыруына жол көрсетеді.

Технологиялық  басты  мақсаты  –  дамыта 

оқыту  негізінде  «Сын  тұрғысынан  ойлау 

арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарлама-

сын іске асыру, балаларға терең білім беру.

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 

1998ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа  технология  ретінде  ең  озық 

əдістерді  дер  кезінде  игеру,  іздену  арқылы 

бала  бойына  дарыту,  одан  өнімді  нəтиже 

шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.

RWCT  бағдарламасы  –  ағылшын  тілінен 

аударғанда  «Сын  тұрғысынан  ойлау  үшін  оқу 

мен  жазу»  дегенді  білдіреді.  Бұл  бағдарлама 

оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: əдістер-

інен  тұрады.  Мақсаты  –  шығармашылық 

ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың мақсаты:

а)қызығушылықты ояту – сұрақ қою;

ə)мағынаны  ажырату  –  жауаптар  іздеу, 

мəселені зерттеу;

б)ой  толғаныс  –  ойлау  процесінің  ең 

жоғарғы  сатысында  мəселені  талқылау,  яғни 

үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу 

процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.

Тарих сабақтарында оқу мен жазу арқылы 

сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана 

отырып  тұлға  қалыптастыру  тəжірибесін 

сабақтарда  қолданудамын.  Сын  тұрғысынан 

ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, 

өз ойын жеткізеді, негізін ашады сұрыптайды, 

талқылайды,  сын  көзбен  қарайды,  пікірін 

дəлелдейді,  пікір  алмасады,  ортақ  пікірге 

келеді,  мақсатқа  жетеді,  өзін-өзі  басқарады, 

топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін 

өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылық-

ты  дамытады,  қызығушылықты  арттырады, 

кез-келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі 

тəрбиелейді.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу 

бағдарламасына  сəйкес  бірізді  жүйелі  түрде 

қолданып  келдім.  Сабақта  қолданып  жүрген 

əдістерім мынандай:

I-қызығушылықты  ояту  фазасында  ой 

қозғау (шақыру)

II-мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 

5 жолды өлең.

III-ой толғаныс фазасында Венн диаграм-

масы,  еркін  жазу  т.б.  стратегиялар  арқылы 

баланың  дамуына,  оның  бойындағы  жеке 

қабілеттердің  ашылуына,  шығармашылықпен 

іздденуге жол саламыз.




жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау