Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет11/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33

темірді  бір-біріне  бекіту  арқылы  жасалынған. 

Сол  замандағы  пошта  қатынасының  маңызды 

жолының бойында орналасқан.

СҰҢҚАРҚИЯ  -  тарихи  мəні  бар  биік  шоқы 

Қозыкөш жерден көрініп, көркіне сүйінші сұрап 

тұратын қазақ рухының асқақ бір көрінісі былай 

деп сыр ағытады: Бір алып құс Əлеке ханның 

малбасы,  дəулетінің  құты  санаған  боз  биенің 

құлынын жылда көтеріп əкетіп, шыңның басына 

апарып жейді екен. Хан əлгі құсты тірілей қолға 

т ү с і р с е м   д е п   а р м а н   е т е д і .   Б і р   к ү н і 

Асанқайғының  баласы  Абат  батыр  қиядан 

көздеп, топшысынан атып ханға əкеліп береді. 

Абат батыр атып, құс тірі құлаған сол биікті ел 

Сұңқарқия деп атапты.

ҚОСБҮЙРЕК  –  тау.  Ертеректе  бүтін  тау 

болған деседі. Қуғын сүргінге толы Құбақалмақ 

заманында осы өлкені қалмақтың ханы Əуірке 

басып алған. Оған қарсы күреске Абат батыр-

дың жер қайысқан қолы шығады да оның əскері 

төбені  айналып  өтпей,  тіке  үстімен  салады. 

Қалың қолдың ат тұяғы тауды ойып жібереді де 

екіге бөліп кетеді. Екіге бөлінген тау, алыстан 

қарағанда  қос  бүйрек  сияқты  болып  қана 

көрінеді.  Таудың  атауы  осыған  байланысты 

қойылған. 

ХАН  МОЛАСЫ  ҚОРЫМЫ  (ХІХ  ғасырдағы 

ескерткіші)  -  Ырғыз  ауданы,  Өлкейек  өзеніне 

Қабырға өзенінің Құяр сағасынан 4 км жерде. 

А.Левшиннің, Н.Рычковтың деректері бойынша 

бұл қорымда Кіші жүз ханы Əбілқайыр жерлен-

ген. Капитан Н.Рычковтың 1771 жылы «Қазақ 

даласына  жорығының  күнделік  жазбаларын-

да»: «Ханның зираты – күйдірілмеген кірпіштен 

қаланып, ақ балшықпен сыланған, төрт бұрыш-

ты кесене. Бұл ғимараттың батыс қабырғасын-

да  кең  ашық  кірме  қалдырылған,  мұның  өзі 

салынған  жайдың  қақпасы  іспетті.  Тамның 

батысындағы  есіктен  кіргенде,  бейіт  ішіндегі 

шұңқырда кəдімгі киімімен адам жатыр. Қасын-

да  қылыш,  садақ  оғымен  қойылған.  Қазақтар 

бұл моланы əулие тұтады, əсіресе хан бейітінің 

аяқ жағына шыққан биік ағаш хан моласының 

əулиелігін тіптен көтерген...» деп сипаттайды. 

Қорым  бірнеше  құлыптастар  мен  төмпешіктен 

тұрады.  Төмпешіктің  көлемі  15х10,  ондағы 

құлыптастар  ақшыл  көк  мрамор  тасқа  ұқсас, 

жазуы  араб  əрпімен  терілген,  ал  өрнектердің 

орналасуы əртүрлі. Биіктігі əртүрлі - 0,62-0,84 

м .   Б і р   е р е к ш е л і г і   –   п а р а л л е л е п и-

пед–құлыптастар  сыртқы  түрімен  Батыс 

Қазақстан  қойтастарына,  белгі-өрнектері 

о ң т ү с т і к   ү л г і л е р і н е   ( т ү р к і с т а н д ы қ -

сырдариялық)  келеді.  Бұл  құлыптастар  жерге 

көмілмеген,  биіктігі  көмуге  келмейді.  Тағы  бір 

дəлелі  Əбілхайыр  ханның  қазақ  халқының 

тағдырына байланысты батыл шешім қабылда-

ған орны, яғни тарихи құжатқа 1731 жылы 10 

қазанда  қол  қойылған  жер  –  Ырғыздан  25 

шақырым  шамасында.  Ол  –  Маңтөбе  деп 

аталады. 

Ы Р Ғ Ы З Д А   А З А М А Т   С О Ғ Ы С Ы 

ҚҰРБАНДАРЫНА  ОРНАТЫЛҒАН  ЕСКЕРТКІШ. 

Осында азамат соғысының (1918-1920) құрбан-

дарына арнап, 1968 жылы қойылған ескерткіш. 

К е й і н   Ж ү р г е н о в   к ө ш е с і н і ң   б о й ы н д а ғ ы 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп алаңына 

көшіріліп қойылды

ЫРҒЫЗДАҒЫ Ы.АЛТЫНСАРИН ЕСКЕРТКІШІ. 

Аудан орталығындағы орта мектептің алдында 

1976  жылы  Ы.Алтынсариннің  бюст-ескерткіші 

орнатылды.  Оны  Алматының  көркемсурет 

шеберханасы қоладан құйып жасады.

ЫРҒЫЗДАҒЫ  Т.ЖҮРГЕНОВ  ЕСКЕРТКІШІ. 

Қазақстан мен Орта Азия Республикаларының 

мемлеткет  қайраткері  Темірбек  Жүргеновке 

1986 жылы орнатылған ескерткіш. Оны белгілі 

мүсінші Х.Наурызбаев граниттен мүсіндеген.

Ж А М А Н Ш Ы Ң   –   Ы р ғ ы з   с е л о с ы н а н 

оңтүстікке қарай 40 км қашықтықтағы шыңдар 

жотасы.  Ғалымдардың  болжамы  бойынша 

мұнан миллион жыл шамасы бұрын осы жерге 

36-40  млн  тонналық  космостық  дене  салмағы 

бар  метеорит  құлаған.  Соның  нəтижесінде  он 

мыңдаған  мегатонна  бомбаның  қуатындай 

жарылыстан  аумағы  5-6  км,  тереңдігі  700 

метрдей  қазан  шұңқыр,  түскен  жер  төңкеріл-

геннен  шыңдар  пайда  болған.  Жарылыс 

төңірегіндегі  қысым  жүздеген  килобарға, 

температура  бірнеше  мың  градусқа  жеткен. 

Жарылыс толқынының, шектен тыс температу-

ра мен қысымның əсерінен жер қойнауындағы 

жыныстардың ауқымды бөлігі араласып, еріген 

жəне буланған. Осының нəтижесінде импактит, 

тектит  породалары  пайда  болған.  Бұл  екі 

породаның  жер  бетінде  бір  жерден  табылуы 

алғашқы рет Жаманшың кратерінің үлесіне тиіп 

отыр.  Табылған  импактиттерге  –  Жаманшың, 

тектиттерге  –  Ырғызит  деген  ғылыми  атаулар 

қойылды  жəне  дүние  жүзіне  мəлім  болды. 

Тектиттер  тұңғыш  рет  осы  жерден  кездескен. 

Бұл айтылымдардың бəрін 1937-39, 1946, 1957, 

1969,  1975-76,  1980,  1986-88,  1989  жылдарда 

жүргізілген  ғылыми  зерттеулерінде  ғалымдар 

А.Яшин, В.Вохрамеев, Е.Бойцов, П.Плоренский, 

А.Дабажи,  Р.Гриев,  Д.Гарвин,  Д.Шторнер  өз 

тұжырымдамаларына енгізген. Ырғызит тектиті 

–  ірілігі  2-3  мм-ден  2-3  см-ге  дейін  жететін 

тамшы,  сопақ  шар,  иірілген  көпіршік  пішінді 

келген, күңгірт шыны тəрізді зат. Ырғызит басқа 

елдерден табылған тектиттерге ұқсас.

21

Білім мазмұны/Образовательный контент

2(6) 2018

Advising Applicants

 

 

 

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION


жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау