білім алуына жағдай жасайды. Деңгейлеп
оқыту əртүрлі категориядағы балаларға бірдей
зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту құрылы-
мында білімді игерудің негізгі 3 деңгейі қарас-
тырылады. Ең төменгі деңгей базалық, бағдар-
ламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт
бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондық-
тан оны əрбір оқушы меңгеруі тиіс. Ең төменгі
деңгей бойынша үлгерімі төмен оқушылармен
жұмыс жүргіземін. Білім деңгейлері жақсы
дамыған оқушыларға бағдарламалық деңгей
бойынша тапсырмалар беремін. Үздік оқитын
оқушыларға осы үш деңгей бойынша барлық
тапсырмаларды орындатуға тырысамын.
Əдістемелік тақырыбымның өзі «сабақта үш
өлшемді оқыту тəсілін негізге ала отырып
оқушылардың шығармашылық, логикалық
мəдениеттілікке, ізденімпаздыққа тəрбиелеу»
тақырыбында оқушының ғылыми жан-дүниесін
біліммен ұштастыру мақсатында қойылған.
Осы тақырыптың І кезеңі бойынша жұмыс
істеудемін.
Ұстаз – еркін шығармашылық иесі. Өз
бетінше іздене көре жүріп, əрекетіңе сарапта-
ма, талдау жасаумен қатар шығармашылығын
шыңдай түседі. Ұстаз – шəкіртін үнемі қадаға-
лаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын
өткізуін қадағалаумен қатар баланың жан
дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге
көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаз-
дың тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі –
жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеуші-
лерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында
еңбектенсе, қиын оқушыларды тəрбиелі
оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарын-
ды оқушыларды биіктен көрсету жолында
аянбай тер төгу керек. Сондықтан қоғамдық
даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздың түпкі
мұраты шəкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана
емес өзінен озып, ілгері кетуіне ықпал етеді.
Халық: «шəкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін
айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз
болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолым-
да қолданып, одан əрі дамыту үстіндемін.
Ғылыми педагогиканың негізін салушы
ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам
алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып
жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік
жəне мықты қалануына байланысты
болатыны сияқты, біздің қолға алып
отырған ісімізді де, қазақ мектеп-
терінің бар келешегі көбінесе істің
қазіргі басталуына байланысты.
Сондықтан да мен қазір жақсы
о қ ы т у ш ы н ы д ү н и е д е г і з а т т ы ң
бəрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі
күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан
қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы деп
ойлаймын. Əр сабағымды осылай қызғылықты,
құштарлықпен, оқушы талпынысын одан əрі
өрбітіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа техно-
логияның элементтерін қолдана отырып, жеке
тұлғаны оқытып, тəрбиелеу мақсатында оқу
жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін
енгізіп, сабақ жүргізу əдісін пайдаланамын.
Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы
ретінде шығармашылық жұмыс беремін.
Оқушылар берілген тапсырмаларды өздігінен
ізденіп, көптеген көрнекілік суреттер, жинақ-
тап, ребус, сөзжұмбақтар, мақал-мəтелдер,
ұлылардан қалған ұлы сөз жазып орындап
келеді. Сонымен қатар жаңа ақпараттан
хабардар болып, бір тамшы білім нəрімен
сусындайды. Өнегелі ұстаз – өнерлі шəкірт.
Шəкірт жеңісі – ұстаз жемісі. 2016-2017 оқу
жылында интеллектуалдық «Ақ бота» марафо-
нына 8-сынып оқушылары Талдыбай Аружан,
Нұршекен Меруерт, Есеналы Бексұлтан
қатысып, ІІІ орындарды иеленді, ал аудандық
олимпиадаға математика пəнінен Дəулетов
Ықылас қатысып II орынды иеленді, «Кенгу-
ру–математика для всех» халықаралық
сайысында Салютбекқызы Фариза ІІІ орын, 5-
сынып оқушысы Əбдіғалиұлы Аслан I орынға
ие болды. Беріліп жатқан білімнің нəтижесі
білім сапасының көрсеткіші. Ұлы жазушы əрі
ғұлама ғалым М. Əуезовтің: «Ел болам десең,
бесігіңді түзе!» - деген өте терең мəнді нақылы
бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсы-
лап өсір дегені. Осы міндеттің көп салмағы,
ұстаздар, біздерге түсетіні сөзсіз. Ендеше «ел
келешегі - ұстаз қолында»- деген лепті тұжы-
рымды баса айта отырып, шебер ұстаздары-
мыздың саны жыл санап, арта берсін деген
тілегімді білдіремін.
31
Білім мазмұны/Образовательный контент
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION