Өзін-өзі бақылауға арналган сұрақтар
1. «Оқыту формасы», педагогикалық процестің компоненттерімен байланысы.
2. Оқытудың формасы сабаққа анықтама.
3. Неліктен оқытудың формасы сабақ болмақ?
4. Сабақтың қандай типтері кең қолданылады?
5. Сабақтың дидактикалық міндеттері.
6. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасына педагогикалық басшылық қалай байқалады?
7. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының үйлесімділігі.
8. Қазіргі сабаққа қойылаты» негізгі талаптар.
9. Сабаққа талдау жасау педагогикалық процестің басқа анализдерінен ерекшелігі.
Әдебиеттер
1. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. Москва, 1984.
2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Казучпедгиз, 1960, Алма-Аты.
3. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1981
4. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии.М. ,2005.
5. Хан Н.Н Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.
6. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алма-Аты, 1990
7.Хмель н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998
8. Цырлина Т.В. На пути к совершенству. Антология интересных школ и педагогических находок XX века. М.: Сентябрь, 1997
9. Чередов И.М. Система форм организации обучения в общеобразовательной школе. М.,1997.
280
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Педагогикалық процестің компоненті схемалық құрылымдық негізінде оқу формасының басқа компонентерімен байланысын көрсет.
2. Жеке оқу пәндеріндегі сабақтың типтеріне сипаттама.
3. Сабақ жоспраы бойынша дидактикалық және психологиялық құрылымның байланысын түсіндір.
Реферат тақырыптары
1. Қазіргі сабақтың проблемасы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
3. Сабақтағы қарым-қатынасқа педагогикалық басшылық.
4. Оқыту технологиясының дәстүрлі және альтернативті байланысы.
5. Сабаққа талдау және өздігінен талдау жасау.
281
2.12 Қазіргі мектептегі оқыту әдістері
Мақсаты: мұғалімнін іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және оқыту үрдісіндегі оқушылардың білім, білік дағдыларын меңгерте отырып, оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру.
Міндеттері:
а) оқыту әдісінің құрылымы мен мәнін ашу;
э) оқыту әдісінің салыстырмалы түрде тиімділігін көрсету;
б) оқыту әдістерін тандауды анықтайтын факторларға сипаттама беру.
Жоспар:
1. Оқыту әдісінің мәні, әдістері мен тәсілдерінің арақатынасы.
2. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.
3. Оқыту әдістерін таңдау.
Негізгі ұғымдар: әдіс, оқыту әдістері, тәсіл, оқыту тәсілдері, танымдық іс-әрекет, дидактикалық жүйе, түрлері.
Пәнаралық байланыс:. философия, гносеология, оқыту теориясы, психология, психофизиология, мәдениеттану.
Оқыту әдісінін мәні, әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс -жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат - мазмұн - форма - оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.
Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі
282
(Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі - бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі - үлгі болып табылады мұғалім - ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі - ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі - осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі - дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және' әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).
Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.
Ол мына суретте көрініс тапқан.
283
Сурет 1 .Кітаппен жұмыс істеу тәсілі.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі - зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан
284
қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі - уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.
Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Окыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.
Оқыту әдістері, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеті ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатқа бағытталған әдістерінің жүйесін құрайды. Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты технологиялар арқылы әр түрлі әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |