Кіріспе. Мәселенің өзектілігі



жүктеу 411,28 Kb.
бет1/2
Дата14.05.2018
өлшемі411,28 Kb.
#12430
  1   2

Кіріспе.


Мәселенің өзектілігі.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.


Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық сі-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар,психологтарболды: Л.Божович,Б.Теплова,Н.Морозова,Л.Славина және тағы басқалары. Қарама –қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық бірлестіктерге,іс-әрекеттерге үйрету арқылы,оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара әрекеттестікте болуы қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субьекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі-оқушылардың қарым-қатынасы,өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің фономені психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет деп түсіндіріледі. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда пронтальды жұмыс ұғымымен қатар қалды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар жасалатын қарым-қатынастың зерттелінетін объектілері тұрғысындағы әр түрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні – мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесәмен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.

Ұжымдық таным іс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов т.б. зерттелінген.

Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттарды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:


  1. Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын педагогикалық-психологиялық шарттар жиынтығы.

Зерттеу объектісі: № 49 Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері.

Зерттеудің методологиялық негізі: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу; ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; оқушылардың ұжымдық жұмыстарын бақылау; оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушы қарым-қатынасын зерттеу, оқушылармен, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу, алдыңғы қатарлы психолоялық тәжірибелерді психологиялық тұрғыда саралау, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және психология тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін сараптап қорытындылау.

Зерттеу болжамы: Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымдық танымын ұйымдастыру негізінде ғылыми-педагогикалық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық негізде, бағдар бойынша талдау жасалып ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерінің негізінде білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасады.

І. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері.
Біз тақырыпты толық ашу үшін алдымен барлығына толық тоқталайық:

Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.

Таным теориясы (гнесология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибенегізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн.

Қабілет – баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.

Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:



  • тұрақты оқушылар тобы;

  • әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;

  • сабақтың мазмұнын сыныпта қабылдау.

Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.

Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:



  • әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

  • математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;

  • оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктілеу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды.

Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.

Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзі мұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер бжиі ауыстрылып отырғаны дұрыс.

Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.



  1. Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.

  2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).

  3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).

  4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

  5. Оқушылар кездесуі.

Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі – қызығушылық, яғни танымдық қызығу.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, М.Щеломенцова т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі № 7, 2005, 56-58 беттер).

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:



  • қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

  • танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;

  • танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

  • танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

  • жаңаны білуге ұмтылысы;

  • мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.

Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.

1.1. Ұжымдық таным теориясының педагогикалық-психологилық негізі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.

Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды., өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді (Жас ерекшелік №№№ Петровский).

Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.

Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.

Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды… балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.

Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.

Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ үрдіс.

1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.

3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арыснда белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.

Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші мектептік шақта басталады, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта болады. оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру болып табылады.

Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен байланысты:



  1. оқушылар әрекетінің мазмұнымен;

  2. бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде болатындығымен;

  3. танымдық іс-әрекетпроцесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды іс.

Оқушыларды ұжымдық танымдық іс-әрекеттерде ұйымдастыру – ол аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке, шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді. Осының барлығының негізінде әрбір оқушының меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап, шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер – танымдық белсенділікпен тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық, жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы көрсетуге болады.

Сонымен танымдық белсенділік балаға бірден-бір әсер ететін түрткі, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуына өзіндік үлесі зор (Пидкасистый П.И. Оқудағы оқушының өзара әрекеті. М-1980-181-183 беттер). Ұжымдық таным теориясының психологиялық негізінде жеке адамның жан-жақтылығы, қызығушылығы, қарым-қатынас деңгейі, ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, жігерлігі, белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық процестеріне, таным процестеріне енрекше көңіл бөлініп қарастырылды. Оқушылар ұжымы – мектептің ұйымдасқан бір формасы. әрбір оқушы осы ұжымның мүшесі, сондықтанда бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікіріне ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда ұжымдық таным іс-әрекеттерін әрбір сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану маңызды екені бәрімізге айғақ.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері.
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты коорпорация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екенідігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы – оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру болып табылады.

Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің бірліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікіті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.

Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы – ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова – “Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” - деп көрсеткен. (Психология Люблинская А.А. М-1997 144 б)

Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.

Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.

Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген (Д.Богоявинский, Н.Менчинская, Е.Кабанова-Меллер, В.Реметников және т.б.). Н.Менчинская өз еңбегінде “жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушыларды ақыл-ой дамыуна елеулі әсер береді”- деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің ролін анықтайды.

Педагогикалық психологияда оқу жұмысының тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. “Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі” – дейді Е.Кабанова-Меллер. Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда, оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі, тәсілдері жасырынған.

Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Гранит зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Педагогикалық психологияда және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі танымдық іс-әрекеттер топологияларын оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде толық функциональды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда - неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылықтық жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі бөлінеді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқу қызметінде әңгімелесу, пікір алмасу болады, яғни оқушылар мен оқушылар, ұстаздар мен оқушылар арасында кең дамыған әлеуметтік әрекеттестік жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ұжымдық оқу қызметі нәтижесінде біртіндеп оқуға деген ынта мен ептілік пайда болады. бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің падагогикалық ұйымдастырылуының мәнін толық шу үшін алдымызға мынадай міндеттерді қоялық:



  1. оқушылар алған білімдерін бірлікте, ұйымдасқанда көрсете білулері керек.

оқушылардың оқу міндеттері мен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру қажет.

  1. ең алдымен мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып алып, содан соң балалардың ептілігі мен ынталығын атқара алуларына жағдай туғызуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттінің педагогикалық ұйымдастырылуын мына жүйе ретінде көрсетуге болады:
Жоғарыда көрсетілгендей ұжымдық таным іс-әрекеттерінде ұйымдастыруда ең бірінші, маңызды орынға мұғалім ие болады.

Ұжымдық таным іс-әрекеттерді ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың бойынна ең бірінші – танымдық қызығушылықты, танымдық белсенділікті, танымдық шығармашылықты, танымдық ойлау қабілетін, осыдан барып танымдық іс-әрекеттерді көре алуы тиіс. Міне сонда ғана мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыра алады.



1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері.
Оқушының ғылым негіздерін оқып-үйренуге және оларды өмірде қолдана білуге қажетті қабілеттері оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оның іс-әрекетін белсенді ету жұмысын ұйымдастыру керек. Оқушының жан-жақты дамуы тек ұжымдық таным іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады және мақсатты болады.

Кез келген адамға тән әрекет болады. Сондай-ақ оқушы танымдық іс-әрекеті негізінде мыналар әрекеттер жасайды: білім алады, қосымша әдебиеттер оқиды, тапсырмалар орындайды, есептер шығарады, рефераттар жазады т.б. Осы әрекеттердің барлығы психикалық үрдістер түрінде көрініс береді: сезіну, қабылдау, ойлау, еске түсіру, көз алдына елестету т.б. оқушының танымдық іс-әрекетін оқу үрдісінде белсенді ету – оның ойлау қабілетін күшейту. Осы мәселенің маңыздылығын көрсеткен көрнекті психолог С.Рубенштейн төмендегідей түрде түсіндіреді: «Оқытудың негізгі мақсаты тәлімгердің ойлау білуін тәрбиелеу болап табылады. Бұл жағдайда ол бұрыннан белгілі емес құбылыстар арасындағы жаңа тәсілдерді аша алады, құбылыстардың ішкі құпияларына қатысты мәселелерді шеше алады» (Кулагина И.Ю. М.1997. 125-130 б).

Оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы оқып-үйренуге, ұжымдасуға деген жағымды мотив қалыптасады. Бұл мотив танымдық тапсырмаларды орындап қана қоймауы керек, сонымен қатар оқушыда сол тапсырмаларды орындау ынтасы, тапсырманы орындауға қызығу және шешілген тапсырманың нәтижесін көру қуанышы пайда болуы керек. Оқушының ұжымдық таным іс-әрекетін белсенді ету үшін ең алдымен олардың ойлау іс-әрекетін пәрменді ету керек. Оқушының ойлау іс-әрекеті 3 деңгейден тұрады:


  1. түсіну деңгейі

  2. қисынды ойлау деңгейі

  3. шығармашылық ойлау деңгейі.

Түсіну – мұғалімнің іс-әрекет негізінде берілетін әрекет. Мұғалім оқушыларға жаңа материалды берген кезде, онда талдау, абстракциялау, жалпылау, анықтау, салыстыру, қорытындылау және т.б. ой операциялары болып жатады. Аталған ой операциялары көмегімен оқушы мұғалімнің оқу материалының қисынын, дәлелділігін бақылап отырады. Оқушының ой белсенділігі оның өз бетімен тақырыпты оқып-үйренгенде күшейеді. Ол тақырыптың тек мазмұнын ғана ұғып қоймауы керек, сонымен қатар тақырыптағы баяндалған мәселелердің ең маңыздылығын бөліп ала білуі, қарастырылған деректік шындыққа жанасымдылығын, негізділігін және ой қорыту қисынын байқай білуі керек.

Қисынды ойлау деп оқушының танымдық тапсырмаларды ұжымдаса орындау үрдісін айтамыз. Танымдық іс-әрекеттің осы деңгейінде оқушы оқып-үйренетін құбылыстар мен нысангдарды таңдай алулары қажет. Сондықтан да мұғалім оқушының танымдық іс-әрекеттерін одан әрі дамыту үшін көптеген тапсырмалар берулері қажет.

Шығармашылық ойлау кезінде мұғалім өзінің алған білімдер жүйесін бұрыннан таныс емес құбылыстар мен нысандарға қатысты мәчселерді шешуде мақсатты түрде қолданады. Танымдық іс-әрекеттің аталған деңгейі өзіндік ұжымдық іс-әрекетінде, оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым баланың қоғамды байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм.

Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.

Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Ұжым – мектеп оқушысының жеке бсының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді (Петровский А.В. Жас ерекшелік психология А 1987 аудармасы – 237-244 б).

Балалар бірлескен танымдық іс-әрекеттің алуан түрлері - неше түрлі бірлестіктері болады. Ұжымда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі бір жолы қарым-қатынастың жоғары болуы. Бастауыш сыныпта көптеген үйірмелер болады. Мысалы, (көркем өнер, спорт, би, шешендік сөз, мәнерлеп оқу т.б.). міне осы үйірмелер негізінде ұжымдық таным іс-әрекеті жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастыру мыналармен:


  1. ұжым қаншалықты тұтас танымдық іс-әрекетінің; субъективті болатындығымен;

  2. балалардың танымдық іс-әрекетінің мазмұнымен;

  3. танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Әрбір бала ұғымының мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.

Балаларды жалпы бір тұтас, көп салалы ұжым құратын тұрақты және уақытша ұжымның бірлестіктерінде ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы зор, себебі, бұл бастауыш сынып оқушысының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Ұжымда әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың танымдық іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. ұжымда ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады.

Балалар ұжымын мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру шарты ретінде құру тәсілдерінің ішінде бірнешеуі өте маңызды орын алады.


  1. Балаларды түрлі ұжымдардың (оқу, еңбек, көркемөнер, спорт, ой-тұмар, қолөнер, би, дене әсемдігі және т.б.) арнайы ұйымдастырылған “жылжымалы жүйесіне” әр баланың қабілеттіліктерінің көп қырлы ашылуын, әрбір ұжымдағы оның орнын айқындауды ескере отырып сөзсіз енгізу.

  2. Ұжымның бақылау байланысын, олардың ісінің мазмұнды жағы, көлемі мен оның бағыттылық дәрежесі белгілі өзара шарытас болып, олардың танымдық іс-әрекетінің маңызды мақсатын барлық көп салалы ұжымның жалпы міндетін шешуге бағындыруды қамтамасыз ету.

  3. Әрбір оқушының ол жеке жауапкершілікті мойнына алатын және маңызды беделге жететін, ұжымдық байланыстарын ұйымдастырып, түзетіп отыруды қамтамасыз ету.

Әрбір баланы біртұтас қоғамдық маңызды міндеттерді шешудегі жеке нақтылы ұжымның мақсаттарының өзара тәуелділігін ойластырып құрудағы, арнайы берілген көп салалы жүйедегі дамытылған пайдалы танымдық іс-әрекетке бағдарлы қатынастыру өте маңызды.

Балалар ұжымы дамушының мақсатын, іс-әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратылады.

Оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап танымдық іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, қабілеттерін дамыту, ойларын ұшқырлау, зейінді болуға үйрету, зеректік пен нақтылыққа үйрету. Жалпы ұжымда – танымдық іс-әрекетті белсенді, ынталы, қызығушылығы жоғары, қабілетті оқушыларға сүйену қажет.

Ұжымда мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру.

Ұжымда танымдық іс-әрекетті дамытқан кезде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Ұжымда бала танымдық іс-әрекетті жасау үшін мысалы, бірігіп жоспарлау, әрбір ұжым мүшесіне көмектесу, оқу, іс-әрекеттерді бақылау, зейінді, ойлауды, қиялды дамыту.

Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжымның танымдық іс-әрекетінің мақсатты перспективасын таңдау.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттеріне қалыптастырудың психологиялық аспектілері өте маңызды орынға ие. Себебі бала осының негізінде өзінің бойында ұжымдық қатынастарды, танымдық іс-әрекеттерді, қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, зейінді, іс-әрекет түрлерін (еңбек, оқу, ойын), қабылдауды, қабілетті дамыта алады.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастырудың аспектілерін жүйе ретінде көрсетуге болады.

Жүйеде көрсетілгендей мұғалім, оқушы, ата-ана олар өздері бір бөлек ұжым танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға бірден-бір әсер ететін күштер. Осы күштердің өздерінің ортақ сапалары болады. осы сапаларды іске асыру барысында танымдық іс-әрекеттер қалыптасады. Танымдық іс-әрекеттер отбасында, мектепте – оның ішінде оқу үрдісінде, үйірмелерде қалыптасып дамиды. Осы аталғандардың ынтымақтастығы, ұйымдасуы, ортақтасуы, бір мақсатты көздеуі, қызығушылығы – ұжымға әкеледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды алға қарай жетелейді. Олардың бойында іскерлікті , дағдыны қалыптастырады. Сондай-ақ жақсы мінез-құлық қалыптасады.

Балалардың жауапкершілігі, зейінділігі, қабілеттілігі артады, оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастары нығая түседі. Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, баланың жеке басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал.

Танымдық іс-әрекеттің толық қалыптасуында В.В.Давыдовтың еңбегінде көрсетілгендей 70-10 жастағы балаларда сананың маңызды ерекшелігі ретінде психикалық процестердің, қимылдардың ішкі жобасы мен өзінің жеке қимылының рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болады.

әрбір танымдық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктері және ортақ сапалары бар. Мысалы, мектеп жасындағы баланың жетекші іс-әрекеті – оқу, яғни оның ойын, еңбек әрекеттерінде бала өзінің танымын дамыта алады. Ол еңбек, оқу, ойын кезінде ұжымға - түседі, танымын арттырады.

Ұжымдағы танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі принципі – іс-әрекеттердегі оқушылардың қызығушылығы мен өздерінің шешім табулары болып табылады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың жүйесін мына түрде көрсетуге болады.


Бағдар Түсінушілік Мотив Көзқарастарды

қарастыру

Оқушылар Олардың Көмекші

білетін ұсыныстары материалдар

ойлайтын сұрақ қою пайдаланылады

нәрселерді, арқылы (басылымдар,

ұғымдарды түсіндіріледі суреттер,

т

алқылау көрнекіліктер т.б)


Көзқарастарды, ойларды салыстыру
Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттер нәтижелі және қызықты дамуы үшін мына әдістемелерді қолдануға болады:

Кемушілік - бұл әдістеме оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Бұл жерде бір істі атқару үшін ұжым мүшелері ең бірінші бағыт – бағдар алады, іс-әрекеттің маңыздылығын ашады, көмекші материалдар пайдалана отырып бір шешімге келеді. Мұнда әркім өз көзқарасын айтады, содан ортақ шешім шығарады.

Бір ұжым әдістемесінде бір ортақ қырын береді. Бастапқыда әрбір оқушы өз бетінше ойланып өз көзқарастарын жазады. Кейініректе 2 адамнан, онан соң 4 адамнан, 8 адамнан ұжымдасып бастапқыда берілген тапсырманы ұжымдаса отырып шешеді.

Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттерді рольдік ойындар арқылы да қалыптастыруға да болады:

Ұжымда балаларға кімнің немесе ненің ролі деген сұрақ қойылады? Оқушылар қандай да бір адамның, әртістің, немесе жан-жануарлардың бейнесі н өзінің іс-әрекеттері, мимика, сөйлеуі т.б. арқылы келтіріледі. Бұл ойын балалардың шығармашылық ойлауын, байқағыштығын, зейінділігін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту штурмы – мұнда ұжыммен бірлесе отырып талқылауға ортақ тақырып таңдалады, ол тақырып тақтада немесе парақта жазылады. Ұжым мүшелері сол тақырыпта өз ойларын айтады. Мұғалім сол сәтте солардың көзқарастарын жазады. Түсініксіз ойлар мен пікірлерге жұлдызша қойылады. Соңына қарай ұқсас пікірлер біріктіріліп ортақ, қорытынды шешім қабылданады.

Міне осындай ойындар, штурмдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойында ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастыруға болады (Эко – бейне–шығармашыл ұстаздарға қосымша материал-13-21 б).

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің дамуы ұзақ процесс. Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, таным әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімдер, оқушылардың өз жастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, оқушылардың танымдық пен шығармашылық қабілеттері артады.

Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің дамыту белгілерін көрсетуге болады:



  • бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

  • әрбір білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

  • іс-әрекеттер барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

  • бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

  • жалпы нәтижелердің болуы.

Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны: барлық оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер бірлесе отырып жоспарлайды, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері оқу процесінде, еңбек процесінде дамиды.

Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі – сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады. Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы – оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады.

Ал сабақтан тыс уақытта, яғни бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері – экскурсия, интеллектуалдық ойындар, көңілді кештер, ұлттық меркелер, эстафеталық жарыстар негізінде жүзеге асады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта мұғалімдер ұжымдаса отырып жұмыс істесе, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері біршама дамиды. Мұғалімдер бірлесе істейтін жұмыс түрлері мыналар



  • логикалық тапсырмалар, есептер;

  • интеллектуалдық сұрақтар;

  • сурет салу;

  • ХХІ ғ көшбасшысын ұйымдастыру;

  • Жеті өнер үйірмесі;

  • Жиналыстар жасау;

  • Кітап, газет, журналдар оқыту.

А
лайда бұл істер күнделікті тәжірибеде көрініс таба бермейді. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытатын мұғалім болғандықтан, мұғалім бастауыш сынып оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатыстырып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.

2.1. Бастауыш сыныпта оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.
Бастауыш сыныптағы оқушылардың ұжымдық танымдлық іс-әрекеттерін дамыту қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді дамыту үшін ең алдымен оқушылар жеке тұлғасының сапаларын дамытқан жөн. бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінде оқушылардың жеке тұлғасының сапаларын мынадай үш тұрғыда көрсетуге болады:



  1. П
    жүктеу 411,28 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау