Оқыту теориясы — педагогиканың оқыту процесінің заңдылықтары мен заңдарын зерттейтін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын және әдістерін, қағидаларын сипаттайтын, оқытудың мазмұны мен міндеттерін ашып көрсететін құрамды бөлігі. Педагогикада оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. Дидактиканың негізін алғаш қалаған Я.А.Коменский болған /7/.
Теория үшін оның ережесіне кіретін дәлелдемелер, негіздемелер міндетті болып табылады: егер негіздеме жоқ болса, онда теорияда жоқ болады. Кез-келген теорияның соңғы тағайындалуы оның практикада жүзеге асырылуы болып саналады.
Әдіс кең мағынада, субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір нәрсеге жетудің жолы деп анықталады. Кез-келген ғылыми әдіс оның қажетті алғы шарты ретіңде қарастырылатын, белгілі бір теория негізінде зерттеледі. Әдістің негізгі қызметі — іс-әрекетті ретеу және бағдарлау.
Оқыту әдістері педагогикада педагогикалық процеске қатысушьшардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі ретінде анықталады /2.12-ні қараңыз/.
«Әдістеме» ұғымы адамның әрекетіне қатыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.
Оқыту әдістемесі — пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану болып табылады. Мысалы, «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдістемесі математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының талаптарын және «интеграл» ұғымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жете зерттеледі. Сондықтан әдістеменің мақсаты теориялық ережені нақты құбылыс тұрғысына қарай алмастырумен қорытындыланады.
Теориялар, әдістер мен әдістемелер оқыту технологиясының айырмашылығы оқыту процесінің барлық байланыстылықтарын ұйымдастырушылықпен реттеуді, оның кезеңдерін құрастыруды, білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асыру жағдайларын бөліп көрсетуді талап етеді.
Сондықтан оқыту технологиясы - оқыту процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.
357
Г.И. Саранцевтің пікірінше, осы пәнге оқыту теориясы оқытудың әдістемелік жүйесінін іске асу заңдылықтарын айқындайды, әдістеме оны қолдануды қарастырады, ал технология бұл жүйенін үлгісін (моделін) жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Бұл тұрғыда технологияның рөлі мақсаттарды диагностикалауға және шарттарды айқындауға (әдістер, формалар, құралдар, байланыстар), яғни белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік беруді жүзеге асыратын жобалауға процесіне жүгінеді. Сондықтан технология теория мен әдістемені өзгертпейді, оларға негізделеді, оның тиімділігі олардың даму деңгейіне тәуелді болады.
Ал педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады. Кез-келген педагогикалық технологияның негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықгау және оның жетістігін бақылау болып табылады.
Анықтамаларды салыстыру теория, әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының дербестілігін және сонымен бірге оқыту процесін сипаттау үшін олардын өзара байланыстылығын, бір-бірімен толықтыратындығын көрсетеді.
Технологияларды процессуалды, сандық және есептік компоненттер көбірек ұсынылады. Әдістемелер мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлық жақтары көрсетілді. Педагогикалық технологиялар оқыту әдістемесінен өзінін өндірістілігімен, нәтижесінің тұрақтылығымен ажыратылады (А.М. Кушнир) /8/.
Оқыту әдістімесі тәрбиелеу мен оқытудын әртүрлі әдістерін енгізеді, бірақ оларды белгілі бір логикалық тізбекке тұрғызбайды. Ал технология барлық уақытта тәсілдердің белгілі бір алгоритмін, логикасы, бірізділігін ұсынады.
Дәстүрлі әдістемелерде оқытудың мақсаттары бағдармалар талаптары бойынша жалпылама көмескі айқын емес болып келеді,онда білім алушылардың нақты жағдайлары,білім деңгейлері дұрыс ескерілмейді.
Басқаша айтқанда, педагогикалық технологиялар білім алушы тұлғасын дамыту құралы болып табылады және педагогикалык процестің ерекше сипаттамасын бейнелейді.
Ғылыми негізделген технология педагог пен окушының іс-әрекетінде оқыту теориясы мен әдістерінің проекциясы болып табылады.Теория деңгейінде оқыту әдісі туралы жазу жеткілікті, технология деңгейінде оның барлық
358
компоненттерін ашып көрсету қажет. Технология әдістемеге қарағанда кеңірек. Әдістеме білім беру технологиясын пайдалану элементтеріне негізделген. Педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың субъект-субъектілі өзара әрекеті арқылы оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі белсендендіруге бағытталған. Оқыту әдістемесі педагогтың тәжірибесіне сүйенеді, ол оның шығармашылына, әртістілігіне жақын. Технология «қаңқасы», ал әдістеме оның «қабығы» болып табылады.
Бұл тұрғыда В.Зайцевтің көзқарасы қызығушылық тудырады: «Педагогикалық технология - әдістеме емес. Бұл кеңірек ұғым» жобалауға. Оның ойынша: педагогикалық технология 4 құрастырушыдан: нәтиже беретін белгіні бағалаудан, диагностикадан (негізгі факторды бөліп көрсету ретінде), әдістемеден (диагностика нәтижесін ескеріп құрастырылған) және оқытуды қарқындату құралынан тұрады. Педагагакалық технологиялардың түрлері.
Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары пайдаланылады. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселемен А.Я. Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксензова, Г.КСелевко, В.В. Юдин және басқалар шұғылданған.
Қазіргі уақьптағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі: өздерінің мақсаттық бағдарына қарай тармақталып, бөлінетін өңдірістік, өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. Өндірістік технологиялар алдын ала берілген параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен байланысты. Ал әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады. Технология түрлері мен олардың тармақты бөліктерін көрнекілікпен қабылдау үшін 1-суреттегідей сызба-нұсқада көрсетуге болады.
Қазіргі уақытта айқындың үшін макротехнологиялар мен микро-технологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық процесс стратегиясы мен даумын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологияларын,т.б.жатқызады. Микротехнологиялар педагогикалық әрекеттестік тактикасы, нақгы тәсілдері ретінде қарастырьшатын ойын технологияларын, пресс-конференция, диспут т.б.ұйымдастыру технологиялар жатқызады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар (Д.Т. Левитес және т.б.) педагогикалық технологиялар пәндік
359
бағдардағы және тұлғалык-бағдардағы техникалар деп жіктеуді ұсынады (9).
В.С. Безрукова (10) барлық педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізіне жататын идеялары бойынша 4 топқа топтастырады:
Достарыңызбен бөлісу: |