Тақырып: Қазақстан Республикасындағы халықтық педагогика
бойынша қазіргі бағдарламалар
Мақсаты: Халықтық педагогика бойынша бағдарламалар туралы білім беру
Дәріс мазмұны:
«Атамекен» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
«Елім- ай» бағдарламасының мақсаты, міндеттері
Атамекен бағдарламасы. Халықтық педагогика - әрбір халықтың ғасырда қалыптасқан үлгі өнегесі, өзіне тән ұлттық тәрбие көздері салаларына жатады. Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрінде, әдеп-ғұрпында, ырым-кәдесінде, мақал-мәтелінде, ауыз әңгімелерінде халықтың ұлттық үлгі өнеге, тәлім-тәрбие тұнып тұр. Сол таным-наным бүгінгі күннің талабына ешбір қайшы келмеді. Қайта талай кем-кетігімізді толтыруға мүмкіндік береді. Педагогика негізінде 1 – 10 сыныптар арасындағы оқу – тәрбие жұмыстарына көмекші құрал ретінде қазақ халық педагогикасының тәлім – тәрбие прнципін негізге ала отырып, Атамекен бағдарламасы жасалып шықты.
Атамекен бағдарламасының негізгі бағыттары 26 бөлімнен тұрады. Осы бөлімдерді жүзеге асыру үшін халықтың мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарын оқытуға тереңдеп меңгерту керек:
«Салт» бағытында салт – дәстүрлерді (бесік жыры, тұсау кесу, құда түсу т.б.) сияқты өзіндік ұлттық ерекшелігімен тану.
«Шежіре» бағытында ежелгі көшпелі қалалар «Отырар, Сығанақ, Созақ» туралы оқып, біліп, саяхат жасап, археологиялық жұмыстарға ат салысаы және де құнды деректер жинауға болады.
«Шежірелік» бағытында көшпелі өмірдегі салт – дәстүрлер туралы құнды деректер жинау.
«Жібек жолы» тарихи жер, су, от, тары, ұлы Жібек жолы, Орда басы Ұлытау, жоңғар қақпасы, оқжетпес т.б. қасиетті жерлердің отау тарихы.
«Сөнбес жұлдыздар» бағытында халықтың бір туар перзенттері, яғни хан, би, батыр, қоғам, өнер, саясат, қайраткерлер.
«Толғау» - халық ауыз әдебиетінің ұлттық төл мұралары (айтыс, терме, батырлар жыры, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар).
«Асыл мұра» - тарихи архетиктуралық ескерткіштер (мазар, бейіт, зират, жазбалы тастар мен мүсіннің қол өнері туындыларының зергерлік заттар жинақтары).
«Домбыра» - дастан, мейрам, діни мейрам (наурыз, айт, ерулік).
«Наурыз» бағытында ұлттық мейрам жолдарымен, діни мейрамдармен таныстыру.
«Зергер» - ұлттық өнер туындылары туралы және зергерлік бұйым.
«Төрт - түлік» - ежелгі ұлттық кәсіп.
«Көкпар» - ұлттық өнер түрі.
«Дулыға» - ұлттық шапан, тақия.
«Қасиет» - ол ішіндегі көрген, болжай алатын, құмалақ ашатын және санау, көрімкел адамдары болып табылады.
«Ас» - ұлттық тағам, шипалы су.
«Бабалар өсиеті» - өсиет болып қалатын мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, тәрбиелік мәні бар деректер.
«Зерде» бағдарламасы - аңдарды зерттеу.
«Заман-ай» бағыты шет елдерге қазақтар туралы, яғни экология, ядролық жарылыстар, экологиялық апаттар туралы.
«Достық» бағыты қазақ халқымен достық қарым – қатынас болған басқа ұлт өкілдері.
«Қыз бен жігіт» бағыты қыз және жігіт бойындағы салт - дәстүрге сай қасиеттер.
«Ата - ана» бағыты көшпенділік өмірдегі тұрмыс - салт бағытындағы жанұя тәрбиесі.
«Ою - өрнек» - ұлттық тәсілдік ерекшеліктері бейнеленген ою - өрнек көрмелері.
«Шариғат», «Құдай» бағыты балалар мен ересектер, ғасырлар бойы өскен жас ұрпақтар ауқымды ықпал қалдыру еткен қасиетті құран.
«Сәби» бағыты мұғалім, педагогтер мен оқушылар тұрғылықты жердегі мектепке дейінгі сәби баланы қамқорлыққа алуға белсене араласады.
«Қайырымдылық» атамекен бағдарламасы жалғыз басты әжелер мен қарияларға мұғалім мен оқушылардың көмектесуі.
«Құсбегі» бағытына аң аулау, құс ату т.б. жатады.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырып
|
Семинарлық сабақ мазмұны
|
апта
|
Әдеб Әдебиеттер.
|
1.
|
Этнопедагогика
ның әдіснамалық негіздері
|
Этнопедагогиканың принциптері
Этнопедагогиканың философиялық , мәдениеттану, психологиялық , этнографиялық негіздері.
|
1
|
1.
2.
3.
4.
|
2.
|
Этнопедагогика
лық білім беру тұжырымдамасы
|
Этнопедагогикалық білім беру мазмұны
Этнопедагогикалық білім тұжырымдамасын жзеге асыру шарттары
Этнопедагогикалық білім беруді дамыту перспективалары
|
2
|
3.
4.
6.
|
3.
|
ХҮ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі
|
ХҮ-ХІХғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі (Асан қайғы, Қазтуған, Шалқиіз, Ақтамберді, Шал, Дулат), олардың халықты басқаруға қатысуы, Отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбексүйгіштікті және өнерді насихаттауы.
ХҮІІІғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше рөлі(Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).
|
3
|
4.
5.
|
4.
|
Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты
|
Барлық этностағы тәрбие мақсатының ортақтығы
Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде
Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны
|
4
|
1.
3.
5.
|
5.
|
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
|
Жалпы тәрбие әдістеріне сипаттама
Еңбек –тәрбие құралы
Сөз - тәрбие құралы
|
5
|
1.
3.
|
6.
|
Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері
|
Дәстүр және салттардың құрылымы
Салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы
|
6
|
1.
3.
5.
|
7.
|
Патриотық тәрбиеге тәрбиелеу
|
Патриоттылықтың негізгі моделдері
Ааматтық , патриоттық тәрбиедегі мақал- мәтелдердің алатын орны
|
7
|
1.
3.
4.
|
8.
|
Халық педагогикасында
ғы дене тәрбиесі
|
Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері
|
8
|
1.
3.
4.
5.
|
9.
|
Халық педагогикасында
ғы эстетикалық тәрбие
|
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары
|
9
|
3.
4.
|
10.
|
Халық педагогикасында
ғы отбасы тәрбиесі
|
Отбасы тәрбиесінің мәні, маңыздылығы
Отбасындағы сыйласым дәстүрі
|
10
|
3.
4.
|
11.
|
Қазақ бала тәрбиесінің халық педагогикасында
ғы көрінісі
|
Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты туындаған ырым, жол- жоралар және олардың ауыз әдебиетіндегі көрінісі
Бесік жырлары және оның танымдық мәні
|
11
|
1.
2.
5.
6.
|
12.
|
Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы
|
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері
|
12
|
1.
3.
|
13.
|
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру
|
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру формалары
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру әдістері
|
13
|
2.
3.
|
14
|
Этнопедагогика
лық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістері
|
Этнопедагогикалық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістеріне жалпы сипаттама
Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны
|
14
|
1.
3.
1.
3.
4.
|
15.
|
Халықтық педагогика бойынша мектептерде бағдарламалардың жүзеге асырылуы
|
Жалпы білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибелері
Жас ұрпақты тәрбиелеуде және оқытуда халық педагогикасын пайдалану
|
15
|
1.
4.
5.
|
7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау.
№ 1 дәріс
Тақырып: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері
Мақсаты: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері туралы білім беру.
Дәріс мазмұны:
1.Этнопедагогиканың обьекті және пәні.
2.Этнопедагогиканың міндеттері, қызметі.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 2 дәріс
Тақырып: Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі (тегі).
Мақсаты: Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Дәріс мазмұны:
Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы Я.А.Коменскийдің қосқан үлесі.
К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№3 дәріс
Тақырып: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері.
Мақсаты: Ы. Алтынсарин , А. Құнанбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері жөінде білім беру.
Дәріс мазмұны:
Ы. Алтынсаринның мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы.
А. Құнанбаевтың қазақ педагогикасы мен психологиясының тереңірек дамытуға қосқан үлесі.
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 4 дәріс
Тақырып: Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық
ғалымдардың ой - пікірлері.
Мақсаты: Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық
ғалымдардың ой – пікірлері туралы білім беру.
Дәріс мазмұны:
Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық
ғалымдардың ой - пікірлері.
М. Дулатов, А.Байтұрсыновтың тәлім- тәрбиелік тағылымдары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 5 дәріс
Тақырып: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Мақсаты: Этнопедагогикадағы тәрбие әдістері және құралдары жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны:
Халықтық педагогикадағы тәрбие әдістері
Халықтық тәрбиенің құралдары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 6 дәріс
Тақырып:Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері- халықтық тәрбиенің негізі
Мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері туралы білім беру
Дәріс мазмұны:
Салт және дәстүр түсініктері (философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары)
Адам тәрбиесімен байланысты салт- дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 7 дәріс
Тақырып:Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие
Мақсаты: Халық педагогикасындағы рухани мінез- құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбиежөнінде білімдерін қалыптастыру
Дәріс мазмұны:
Салт дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі, мақал- мәтелдердегі руханилық жөніндегі халықтық түсініктер
Қазақ халқындағы рухани мінез- құлық тәрбиесінің ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 8 дәріс
Тақырып: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі
Мақсаты: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дәріс мазмұны:
Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Еңбек тәрбиесінің негізгі салалары
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 9 дәріс
Тақырып: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі
Мақсаты: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі туралы білім беру
Дәріс мазмұны:
Ежелгі түркі жазба ескеткіштеріндегі иманжүзділік, инабаттылық мәселесі
Қазақы тұрмыстағы діннің рөлі
Тәрбие негіздері және дін
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 10 дәріс
Тақырып: Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі
Мақсаты: Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі жөнінде білім беру
Дәріс мазмұны:
Зиялылық тәрбиесі
Жас ұрпақты зиялылыққа тәрбиелеудің рөлі
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 11 дәріс
Тақырып: Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі
Мақсаты: Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі жөнінде білім беру
Дәріс мазмұны
Адамгершілік тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі педагогикалық ой- пікірлер
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 12 дәріс
Тақырып: Халық педагогикасының қазіргі қызметі
Мақсаты:Халық педагогикасының қазіргі қызметі жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны:
Халықтардың этнопедагогикалық пансофиясы.
Халықтардың рухани мінез-құлықтарындағы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. мәселесі
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 13 дәріс
Тақырып: Білім жүйесіне этнопедагогиканы ендіру тәжірибелері
Мақсаты: Этномәдени технологиялар жөнінде білім беру
Дәріс мазмұны:
Этномәдени технологиялар
Тәрбие жүйесінің моделдік құрылымы
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 14 дәріс
Тақырып:Ұлттық тәрбиені сахна арқылы іске асыру жолдары
Мақсаты: Ұлттық тәрбиені іске асыру жолдары туралы білімдеін қалыптастыру
Дәріс мазмұны:
Эпостық шығармаларды сахнада лайықты көрсету жолдары
Батырлық жырларды оқыту кезінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Дәріс мазмұны:
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
№ 15 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы халықтық педагогика
бойынша қазіргі бағдарламалар
Мақсаты: Халықтық педагогика бойынша бағдарламалар туралы білім беру
Дәріс мазмұны:
«Атамекен» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
«Елім- ай» бағдарламасының мақсаты, міндеттері
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.
Дөңгелек үстел. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру. “Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.Сонымен “дөңгелек үстел” әдісін студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді.
Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариум әдісі- балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.
“Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.
Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.
Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.
“Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы студенттердің бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.
Интеративті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл – тренинг. Осы аталған әдістің жаңадан қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқыту да пайдаланылады. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекетің нәтежиелілігі үшін жауапкершіліпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысындағы әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі – топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтежиелілігі, яғни үйлесімділігі.
мақсатты айқындау;
тренингтің сценарийлік жоспарын құру;
оқушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету;
өзін дайындау (сұрақ қоюы, айтылған жауаптарға әсерленуі, өз ойын айтуы немесе оқушылардың пікірін талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге және не үшін оқушыларды бағалау);
қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру).
№ 1 практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |