Ойын техникасы
Спортшының дұрыс тұруы, бұл аяқтарын иықтың көлемінен кеңірек, тізені сәл бүгіп, ішке қарай ұстау, табанды толық жерде ұстау, аяқ үші сәл ғана екі жаққа қаратылған, өзі аздап алға еңкейіп тұрады. әр ойыншы өзіне ыңғайлы тұрысты таңдап алады. Бұл ойыншының бойына, физикалық күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне байланысты. ҚозғалыстыңҚозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың жылдамдығының сапасына әсер етеді. Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл соққыны жүзеге асыру. Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық. БейтарапБейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе тұсында аяқ аздап бүгіледі.
.
Допты қабылдау және ойынды өз жағына алмастыру үшін қолданылатын жаттығулар.
1. Теннисшілер соққыны қабылдау үшін бірнеше соққылар жасап, уақытты үнемдеп және соққылардың жиілігін арттыра алады. Жаттығулар төмендегідей болуы мүмкін. Жұптар үстелдің шеттерінде тұрады, ойыншылардың біреуі допты беріп тұрады, екіншісі оны қабылдайды, беруші алушының өтініші бойынша допты береді (доптың ұшу бағытын, ұзындығын, доптың айналымын қоса). Одан кейін допты қабылдаушы ойыншы, жылдам соққы және жылдам жазу, соққыны жылдам кесіп алумен және басқа да әрекеттерді қолдана отырып жасайды. Допты алу кезінде жоғары жылдамдыққа және доптың төменгі траекториясына және доптың аумаққа құлау заңдылығын білуі керек.бұл жаттығу допты алудың техникалық деңгейін көтеруге әсер етеді. 2. Бұл жаттығуды орындаған кезде жаттықтырушылар ойыншының қарсыласының қимылын дұрыс бағалауын дамыту керек, жылдам орын ауыстырып және жылдам жауапты соққы жасау керек. Бірнеше жүйелі жаттығулардан кейін допты алу тәсілдері дағдыланады, ойыншының допты иықалдымен және қол буындарымен бақылау қабілеті дамиды. Допты қабылдау қабілетін игерген кезде теннисші тордың алдында негізгі құрал ретінде соққы беру тәсілін қолданушы доптың төменгі жанынан берілетін қысқа және ұзақтан келетін тәсілдерді үйренген кезде қолданады. Қосымша құрал ретінде жоғарғы жанынан айналмалы күшті допты алуда жаттығу жасауда мән беруі керек. Кей жағдайда спортшының кейбір кемшіліктерін жою үшін және допты беру сапасын жақсарту үшін арнаулы жаттығулар жасалуы керек. 3. Допты беруші дағдысын дамыту үшін, ойынды ойынды алып қоя отырып, жиі жиі соққылар жасауына болады. Бір ойыншы доп беріп тұрады, жұп құрып тұрған ойыншылар оны қабылдап тұрады.4. Ойыншылар жарыс тәсілімен допты беруді ойынды алып қою, сонымен бірге арнайы жарыстарда допты беруді ойынды алып қоюды жұппенойнауды дамыту. Жаттықтырушы ойыншылардың ұпай санын бақылап және доп беруді ойынды алып қою тәсілімен өткізуін бақылайды. Жаттығу төмендегідей болады. Допты қабылдаушы ойыншы күшті соққы жасайды, ал жұптағы қарсыласы ойынды ары қарай дамытып ойнай береді, егер де ойын кезінде үш соққыдан кейін ұпай ұтпаса, онда бәрі де жоғалғаны. Жарыс күнделігінде спортшылардың допты беру ойынды алып қойып ойнаудағы ұпай саны есептеледі. Ұпай саны неғұрлым көп болса, соғұрлым осы тәсілді жоғары игергенін білдіреді 5. Жобалау бойынша допқа жиі, жедел соққылар жасау. Жұппен ойнаған кезде бұл жиі қолданылады. Бұл бірінші жұп бастаған соққылар нәтижесінде, қарсыластар столдан ұзап кету себебінен белсенділіктерін жоғалтып доптың жоғары траекториясынан үлгере алмайды. Егер де ойыншы жиі, жылдам техникасын немесе жедел аяқталған соққыларды қозғала отырып орындауды жақсы игермесе, бұл қарсыласына дем алуына және белсенділікті өз қолына алып қарсы ойын ойнауға мүмкіндік береді. Бірнеше жылдам келетін доптармен жұмыс техникасын игеру жаттығулары.
Достарыңызбен бөлісу: |