Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба
Баскетбол ойынын білім берушілік, тәрбиелік, сауықтыру және қолданбалы манызы.
Тексерген: Кулембаева А.Г.
Тобы: МДОжТ-202
Ақтөбе - 2020 жыл
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Егер лақтырылған доп кәрзеңкеге дәл тиіп, кәрзеңкенің ішінен сырғанап жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде әрбір сәтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс.
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Баскетболшы киімі
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы әлемдік кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия. 1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді.
КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды деген болатын.
Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адамағза жүйесінде және ішкі қүрылыстарына жақсы әсер алады.Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды имене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жктілдіруге, ден саулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Дені сау халықтың ұрпағынан құралған сапалы қоғам – адамдардың еңбек және қоғамының іс-әрекетке жемісті қатысуының кепілі. Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адамды қалыптастыру- мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дене шынықтыру сабағында, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Баскетбол сабақтарындағы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінің бастапқы кезеңі баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ. Арнайы бағдарлы қабілеттілікті дамыту мектептеріндегі сабақ өткізу жүйесі маңызды орында болуы тиіс: ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады.
Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны белгілі. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қимыл-қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қимыл-қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беру қажет. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану мен оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор. Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандарт негізінде автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және оларды баскетбол сабақтарында ойын техникасын игеру үдерісінде қолдануды үйрету барысында оқушыларды қарапайым ойын кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру қажеттігі қарастырылып отыр.
Жасөспірімнің бойында қимыл дағдысы мен икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған арнайы жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.
Баскетбол ойынын мектеп оқушыларына үйретудің маңыздылығы,оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерінің,дене бітімінің дұрыс дамуы мен салауатты өмір салтын сақтау үрдісін қалыптастыруда және (көптеген пайдалы қылықтарға) білімді,сау денелі, бәсекеге қабілетті,ұлтжанды, өмірді сүйе білетін, ертеңгі еліміздің жарқын болашақ иесі болатын сапалы ұрпақты өмірге бейімдеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |