Педагогика факультеті Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы Мәнжазба Тақырыбы



жүктеу 152,16 Kb.
бет1/20
Дата16.01.2022
өлшемі152,16 Kb.
#32926
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ДШ деф102 СӨЖ2


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба

Тақырыбы: Жеңіл атлетика спорт және дене тәрбилеу құрал ретінде

Тексерген: Кулембаева А.Г.

Тобы: деф-102



Ақтөбе - 2020 жыл

Жеңіл атлетика - спорттың ең негізгі және көпшілік спорт түрлерінің бірі, дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақтылығы мен оңайлығы және қолданбалығы сипатымен негізгі орынға ие. Жеңіл атлетикада жоғары спорттық нәтижеге жету көбіне спортшылардың саналы түрде техникалық дайындығымен байланысты. Техника ұғымы неғұрлым биік нәтижеге жету мақсатында спорттық жаттығуларды барынша тиімді орындаумен анықталады. Жеңіл атлетикалық жаттығулар техникасына үйрету процесінде оның деңгейіне дамиды. Бұл процесті шартты түрде алғашқы қадам және толыққанды деңгей деп екіге бөлуге болады.

Оқытудың  алғашқы сайысында спорт техникасының негіздері қарастырылады. Бұл тұста айналысушылар (занимающиеся) үшін техника туралы жалпы ұғым қалыптасады және қарапайым қозғалыстар жасау кезеңінде салыстырмалы түрде техника жоғары деңгейге жетеді. Қозғалыс дағдылары мен қабілеті дене дамуымен әрдайым сәйкесе бермейтіндігін айту қажет. Сондықтан, спорттық техниканы дене сапасы деңгейімен тығыз байланыста қарау қажет. Техниканы үйрету барысында шәкірттің қажетті жағдайда бұлшық етке күш салуына, қозғалысының еркіндігі мен жылдамдығына, уақытылы бұлшық етін жаза білуіне назар аудару керек. Қарапайым техниканы меңгерту үшін орташа есеппен 5-8 сабақ қажет екендігін оқыту ісінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Дегенмен бұл дайындықпен шектелуге болмайды, сол себептен дұрыс әрі орнықты дағдыны қалыптастыру мақсатында жаттығуларды бірнеше мәрте қайталау қажет.

Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.

Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары. Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған. Жеңіл атлетика бойыншаәйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі. Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондай- ақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік.



Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен,

кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.

Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді.

Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

Шыдамдылылыққа жүгіру:

- орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

- алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

- өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.

- ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгірустадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін.

Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.

Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі.

Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін.



Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Биіктікке секіру.
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Жеңіл атлетикалық секірулердің бірінші тобы:

а) жүгіріп келіп биіктікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті,ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.

б) жүгіріп келіп сырықпен секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететн секрудің периодтық емес түрі. Техникалық жағынан жеңіл атлетиканың ең қиын түрлерінің бірі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.

Жеңіл атлетикалық секірістердің екінші тобы:

а) жүгіріп келіп ұзындыққа секіру (К) - құрылымы бойынша аралас түрге жатады, спортшыдан жылдамдық пен батылдықты талап етеді. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.

б) жүгіріп келіп үштікке секіру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Стадиондар мен манеждерде әйелдер мен ерлерге бірдей өткізіледі.

Жеңіл атлетиканы снарядты лақтыру және итерудеп бөлуге болады:

1.Аэродинамикалық қасиеті бар және аэродинамикалық қасиеті жоқ түрімен снарядты айналдырып лақтыру.

2. Шеңберден снарядты лақтыру.

3. Снарядты шеңбер ішінен итеру.

Сонымен қатар снарядты лақтырғанда жүгіріп келудің әртүрлі тәсілдері рұқсат етіледі. Бірақ финалдық күш тек ережеге ғана бағынады. Мысалы: гранатаны, допты бастан сәл төмен иықтың үстімен лақтыру қажет; дискті тек бір жақ шеттен лақтыруға болады; ядроны итергенде бұрылып және секіріп итеру қажет, тек, міндетті түрде итеру керек. Допты және гранатаны лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секірудің периодтық емес түрі. Тек стадиондар да өткізіледі, қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Найза аэродинамикалық қасиеттерге ие. Диск лақтыру және балға ( молот) лақтыру: (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті қажет ететін ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Тек стадиондар да өткізіледі, Қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей. Диск аэродинамикалық қасиеттерге ие. Ядро итеру (К) - спортшыдан жылдамдық пен күштілікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін секрудің периодтық емес түрі. Лақтыру арнайы шеңбер ішінде өтеді. Стадиондар мен манеждер де өткізіледі қашықтық әйелдер мен ерлерге бірдей.

«Жеңіл атлетика»курсының негізгіміндеттері:

дене шынықтыру факультетінің студентеріне теориялық білімін меңгерту;

жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру;

техникалық элементтерді орындағанда, сенімділікті, қателікті түзете білуді қалыптастыру;

оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету;

жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту;

жеңіл атлетикада бапкерлік қызметтің машықтары мен ептіліктерін қалыптастыру.

«Жеңіл атлетика» курсының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар кіреді. Жүйелі түрде жеңіл атлетика жаттығуларын үйрету тәсілдері мен техникалары қарастырылады. Спорттық жаттығулармен қатар теориялық және практикалық үлгілері кӛрсетіледі. Жеңіл атлетика курсына қатысқан адамның ӛмірге деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясыныңшеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йоркқаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты.




жүктеу 152,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау