Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба
Үстел теннисте ойын техникасынын және құрал-жабдықтардың дамуы
Тексерген: Кулембаева А.Г.
Тобы: МДОжТ-202
Ақтөбе - 2020 жыл
Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен бөтелкенің тығынын соғып ойнаған.
Пинг-понг сөзі 1901 жылдардан бастап кездесе бастады. Оған дейін, ойын кезінде шығатын әр түрлі дыбыстарға байланысты "Флим-флам", "Виф-ваф", "Госсим" деп аталып жүрді. Яғни, ресми түрде "Пинг-понг" атауын бір ғасырдай бұрын американдық Джон Джаквес тіркеді. "Пинг" - ракеткамен допты соққан кезде шығатын дыбыс, "понг" - доп ойын үстеліне тигенде шығатын дыбыс.
Ойын ұзындығы 2,74 метр (9 фут), ал ені 1,525 метр (5 фут) болатын үстел үстінде ойналады. Үстелдің биіктігі 76 см (30 дюйм). Үстел әдетте жоңқадан не оған ұқсас материалдан жасалып, жасыл, қара көк немесе қара түске боялады. Үстелдің ортасында биіктігі 15.25 см (6 дюйм) болатын тор орналасқан. Ойын кезінде екі жағы бір немесе екі қабат арнайы резеңкемен қапталынған ағаштан жасалған қалақша қолданылады. Үстел теннисіне арналған кішкене шар целлулоидтан жасалады. Шардың диаметрі – 40 мм, салмағы – 2,7 г., түсі ақ немесе қызғылт сары болып келеді.
Алғашқы кезде ракеткалар ретінде жылтыр ағаштар қолданылды. Оларда қазіргі таңдағыдай қаптамалар мүлде болған жоқ. Мұндай ракеткалармен қазіргі таңдағыдай түрлі әдістердегі соққылар жасау мүмкін болған жоқ. 1903 жылы Ч.Гуд алғаш рет каучуктың борпылдақ қабатынан жасалған ракетканы ойлап тапты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бұндай ракеткалар өте кең түрде таралып, өзге ракеткалардың бәрін қолданыстан ығыстырып шығарды. Борпылдақ каучуктан жасалған ракетка ойынды жеңіл бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ойын техникасына да өзгерістер енді. 1950 жылдары шыққан губкалық қабатты ракеткалар ғана качук қаптамасындағы ракеткаларды жеңе алды. Губкалық ракетка Еуропада өте кең таралып кетті. 1952 жылы Бомбейде өткен чемпионатта жапониялық Хиродзи Сато губкалық ракеткамен әлем чемпионы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |