Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 1,92 Mb.
бет13/24
Дата19.11.2018
өлшемі1,92 Mb.
#21344
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің обьективті проблемаларының өзгешелігі қандай?

2.Зерттеуші мен зерттеулшінің қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?

3.Зерттеулушінің обьективті –субьективті табиғаты қандай?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


22 Дәріс.

Тақырып:Психологиялық эмпирикалық зерттеулердің принциптері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Каузальды бағыт.

2. Психологиядағы герментивтік әдіс.

3.Психологиядағы эмпирикалық әдістердің үштік класификациясы.

Мақсаты: Каузальды бағыт, психологиядағы герментивтік әдіс, психологиядағы эмпирикалық әдістердің үштік класификациясы жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Дәрістің мазмұны

1.Картезиандық детерменизмді жеңу психикаға деген көзқарасты көбіне психофизиологтар атымен, соның ішінде Н.А.Бернштейн және П.К.Анохин есімдерімен байланыстырады. Алайда функционалды теологиялық бағыттың бастаушысын У.Джемс деген жөн.

XX ғасыр басында интроспективті психолгия өкілдері үшін таным мазмұны мен сырттай бақыланатын мінез-құлық арасындағы қатынас мәселесі болған жоқ, өйткені басқа адамның мінез-құлқы психологиялық зерттеу аймағы ретінде саналмайды.

Тереңдету психологиясы бойынша мінез-құлықты сана басқарады, және мінез-құлықты санасмыхздық басқарудағы басты рөлді шегереді. Бірақ бұл жағдайда да басқа адамның санасыз мінез-құлқы интерпретацияланатын және зерттеушімен бақыланатын мінез-құлық актілерінде көрінеді.

П.Я.Гальперин бұған өзгеше көзқараспен қарайды, ол психикалық реттеуді іс-әрекетті бағыттау фазасымен байланыстырады. Іс-әрекетті автоматты түрде орындау, іс-әрекеттің орындаушы бөлігі психикамен басқарылмайды және бұл психологиялық зерттеу мазмұны емес, дәлірек айтқанда, нейрофизиологиялық, биомеханикалық зерттеу мазмұнына жатпайды. Егер бұл көзқарасты қабылдасақ, онда мінез-құлық актілерінің жиынына қарағанда психикалық күйлер жиыны әлсіздеу. Бірақ бұндай позиция тереңдету психологтарының позициясына ұқсауы мүмкін. Ол үшін П.Я.Гальперин схемасында «сана» сөзін «психикамен» ауыстырып, ал әрекеттің автоматтандырылған бөлігін санасыз психикалық реттеуге бағындыру керек.

Ақырында тіпті өзгеше методологиялық бағыт болуы мүмкін. Сана мазмұны мінез-құлық көріністерінде жүзеге асуы түгелдей емес деуге болады. Сонымен қатар психикалық күйлер жиынының «күші» зерттелуші өз өмірінде жүзеге асыратын мінез-құлықтың әртүрлі сапалы формалар жиынының «күшінен» әлде қайда жоғары. Бұдан мынадай қорытындылар шығарамыз. Біріншіден, бір мінез-құлық актіне әртүрлі психикалық күйлер сай келеді. Екіншіден, көптеген психикалық күйлер, білімдер және т.б. мінез-құлықта ешқашан жүзеге аспайды.

Қысқаша айтқанда индивид өмірінің рухани, психикалық байлықтары оның мінез-құлық көріністерінің байлықтарынан әлде қайда көп. Мінез-құлықтың психикаға қатынасының бұл нұсқасы адамның рухани өмірінің тәуелсіздігі мен қатысты автономия принципінен шығады. Бұндағы тәуелсіздік деп мінез-құлықты реттеу функциясынан тәуелсіздік түсіндіріледі.

Әртүрлі психикалық күйлер, сырттай бақыланатын мінез-құлық және субьективті шындық арасындағы өзара қатынасты мына схема көмегімен көрсетуге болады.





Субьективті шындықта көрінуі

Мінез-құлықта көрінуі

Иә

Жоқ

Иә

1.Мінез-құлықты реттеуші сана

2.Субьекттің ішкі рухани әлемі

Жоқ

3.Мінез-құлықты реттеуші сана асты

4.Санасыздық

1. Мінез-құлықты реттеуші сана кез-келген эксперименталды зерттеудің пәні болып табылады. Классикалық нұсқасы: В.Вундт бойынша интроспекция эксперименті. Бұнда табиғи - ғылыми және түсіну бағыттары қиысады.

2.Субьекттің ішкі рухани әлемі - бұл ойлар, образдар, сезімдар, түс көрулер, қиялдар байлығы, бұлар тек оны кешетін индивидке беріледі. Бұлар жөнінде білім алушы жалғыз жан - адамның өзі.

3. Мінез-құлықты реттеуші сана асты - бұл дәстүрлі тереңдету психологиясының пән аймағы.Адам өзі түсіндіре алмайтын оның қылықтарын, мотивтерін, дүниеге келу заңдарын түсіндіру үшін зерттеуші басқа адамның сана асты моделін құрайды.

4.Санасыздық. Оны З.Фрейд түсінігі бойынша - бұл мінез-құлық көзі және реттеушісі деп түсіну керек. Бұл өз алдына «психикалық вакуум», онда психикалық білімдар пайда болады және өшеді, бірақ олардың болуы жөнінде тек рухани өмір мен мінез-құлық реттеу ерекшеліктері бойынша айтуға болады.

2.Психологияда герменевтика әдісін қолданудың теориялық негізі В.Дильтей есімімен байланысты. В.Дильтей тәжірибенің екі формасын шектеді: ішкі өмірлік тәжірибе (біріншілей, психикалық) және сыртқы сезімдік тәжірибе. Өмірлік тәжірибе ғалымға бастапқы керек нәрсе. Ол адам туралығылымда» («жан туралы ғылымға» тең) зерттеу фундаменті болып табылады.

В.Дильтей адам туралы және табиғат туралы ғылымдар - эмпирикалық ғылымдар, бірақ эмпирикалық білімнің табиғаты бұл ғылымдарда әртүрлі. Табиғи ғылымдарда тәжірибе сипаты басынан бастап антропорморфты сапалардан(құндылықтар, мақсаттар) айырылған, сондықтан бұл білім өмірлік тәжірибе шегінен шығарылады(экзотерикалық білім). Гуманитарлы білім өмірлік тәжірибеге жақын, оның мазмұны эзотерикалық және оның үлкен бөлігі белгілі.

Кейін В.Дильтей пәні бойынша әртүрлі түсіну түрлерін көрсетті:



  1. түсіну теоретикалық әдіс ретінде, оның критерилері: шындық - жалған;

  2. іс - әрекет бағытталған мақсаттарды құрастыруды талап ететін іс - әрекетті түсіну, оның критерилері: сәттілік - сәтсіздік;

  3. «тірі тәжірибенің» көрінуін түсіну: шығармашылық өнімдерінен өмірлік мінез - құлық актілеріне (жест, иннотация, т.б.) дейін, оның критериі: аутентикалық.

Кейінгі кезде герменевтика өкілдерінің еңбектерінде В.Дильтей критериі бойынша ғылым бағыттарын бөлу сақталған. Солайша, А.Демер барлық таным бағыттарын:1.гермневтикалық(феноменология,экзистенционализм, психоанализ, структурализм, марксизм және т.б.) және 2. антигерменевтикалық( бихевиоризм, сыни рационализм және т.б.). Г.Х. фон Врихт осы бағыттарды позитивті және антипозитивті дәстүрлер ретінде қарастырады.

2.Герменевтикалық әдісті өңдеуде Х.Ю.Хабермас пен Х.Г. Гадамер арасындағы дискуссия үлкен мәнге ие. Біздің зерттеу үшін бірінші автордың көзқарасы маңыздырақ. Х.Ю.Хабермас герменевтикалық интерпретацияның бастапқы моделі ретінде дәрігер мен пациент арасындағы психоаналитикалық өзара әсерді қарастырды. Оның көзқарасы бойынша психоанализ В.Дильтей герменевтикасынан алшақ, өйткені бұл жағдайда психоанализ символикалық константтарға жүгінеді, сезінетін қайғырулар, көңіл-күйлер шегінде қалып қоймайды. Сондықтан Х.Ю.Хабермас түсіну әдісін дамыту ретінде «тереңдету герменевтикасы» түсінігін енгізді.

Қазіргі кезде көптеген авторлар, соның ішінде Е.Д.Хирш «интерпретация» және «түсіну» түсініктерін бөліп көрсетті. Хирш көзқарасы бойынша, интерпретация өнері мен түсіну өнері әртүрлі процесстер, өйткені дұрыс түсіну тек біреу болуы мүмкін, ал интерпретациялар көп немесе интерпретатор терминологиясына, ал түсіну - текст терминологиясына негізделген. Бұл жағдайда Хирш трактовкасындағы интерпретацияны Дильтей бойынша түсінудің бірінші нұсқасына (теоретикалық), ал түсінуді - үшінші нұсқасына сәйкестендіруге болады.

«Түсіну» термині мағынасының аумағы өте кең. В.К.Нишанов бойынша, оған:



  1. декодирование;

  2. зерттеушінің «сыртқы» тілін «ішкі» тіліне аудару;

  3. интерпретация;

  4. түсіну баға ретінде;

  5. уникалдыға қол жеткізу;

  6. түсіну түсіндіру нәтижесі ретінде;

  7. түсіну тұтастық синтезі ретінде анықтама берген.

Герменевтикалық әдіст¢ң негізгі ерекшеліктері мен шектеулеріне тоқталайық. Біріншіден, интерпретация нәтижелері интерпретатор ескеретін эксплицидті және имплицидті схемалар, концепциялар, психикалық шындық теорияларға тәуелді. Екіншіден, интерпретация сапасы психолог басшылық ететін қауымның мәдени деңгейімен анықталады. Үшіншіден, герменевтикалық әдіс субьективті емес, өйткені, кейбір бастапқы заттық, вербальды және мінез-құлықтық материал және теоретикалық схемалар мен табиғи тілде интерпретациялау үшін тірек бар, бірақ оның нәтижелері интерсубьективті білімдер болып табылмайды. Әрбір жаңа интерпретатор материалға өзгешелеу талдау жасайды. Тек әртүрлі концепцияларды (мыс., психоанализдің әртүрлі бағыт өкілдері) ұстанушылар ғана диктаторлардың (Гитлер, Сталин, Муссолини) өмірлік жолдары жайлы әртүрлі зерттеулер жазып қоймай, сонымен қатар бір концепцияны ұстанушылар да сәйкес емес нәтижелер беруі мүмкін.

Герменевтикалық білімде зерттеушінің нақты өмірлік тәжірибесі ғылыми сенімділік талаптарымен үйлесімділік мәселесі герменевтика аумағында әлі өз шешімін тапқан жоқ.

Герменевтикалық әдіс өзінің пайда болуынан бастап жеке психологиялық әдіс болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі - басқаның психикалық шындығын тікелей тану.

Герменевтикалық әдістің қолдану аймағы - уникалды, тұтас, «ақыл-ойы» бар обьектілер.

Психологиялық герменевтикалық әдістің әртүрлі модификациялары бар, оларға: биографиялық әдіс, іс-әрекет нәтижелерін анализдеу, психоаналитикалық әдіс жатады.

Герменевтикалық әдіс зерттеушілік іс-әрекет субьектісіне қатысты білімдердің инварианттылық талаптарын қанағаттандырмайды.

3. Бастапқы модель ретінде R ( SuB, J, Ob ) қатынастары бар 3 элементтен тұратын жүйнеі қарастырамыз, онда Sub – зерттеу субьекті, J –құрал- жабдық ( тест, эксперимент тапсырмасы, т.б.), Ob- зерттеу обьекті, ол да субьект ( Sub2) болып табылады.

Соған сәйкес 3 бинарлы қатынас болады:



  1. R1 (Sub Ob) қатынасы, тікелей өзара әсер ( қарым- қатынас) ретінде интерпретациялануы мүмкін,

  2. R2 ( Sub J ) – зерттеуші мен құрал- жабдықтың өзара әсері, экспериментатор тапсырмасы

  3. R3 (Ob J) қатынасы – зерттелуші мен құрал- жабдықтың өзара әсері, зерттелуші тапсырмасы.

3.Психологиялық эмперикалық зерттеу әдістерін активті және пассивті деп бөлуге болады. Активті әдіске лабороториялық эксперимент, пассивті әдіске- өзін бақылау жатады.

Сонымен бірге бұл әдістерді инструменталды және субьективті деп бөлуге болады, субьективті әдісте түсіну процестері, талқылау, интерпретациялар көп орын алады. Инструменталдыға тестілеу, инструменталды бақылау (техникалық құралдар, видеокамера, магнитафон арқылы бақылау) жатады. Субьективті әдіске психоаналетикалық әдіс, контент- анализ, ашық әңгіме және т.б. жатқызуға болады.

Зерттеушінің белсенділігі (зерттеушімен өзара әсері) мен субьективті құраушы (түсіну) үлкен мәнге ие, бірақ құрал- жабдықтарды қолдану бәсеңдетілген әдістенді коммуникативті әдістер деп атауға болады.

Зерттеуші мен зерттелушінің өзар әсерімен қатар зерттелушілік құрал- жабдықтарды қолдану басты рөлге ие әдістерді іс- әрекеттік әдістер деп атаймыз. Шынымен де лабороториялық экспеоиментте де, тестілеуде де зерттелушімен экспериментатордың өзара пәндік іс- әрекетін ұйымдастыру шешуші мәнге ие.Қарым- қатынас бұл жерде қосымша рөл атқарады.

Басқа әдістер класында құрал- жабдық үлкен мәнге ие, ал зерттелуші мен зерттеуші ара қатынасы минимумға жақын, бұларды обсервациялық әдістер деп атаймыз.

Түсіну әдісі – кейбір шартты тұтастықты тікелей ойлау. В.Дильтей оны түсіндіру әдісіне қарма- қарсы қойды. В. Дильтей бойынша, өзінің ішкі тәжірибесін түсінуді адам интроспекция көмегімен жүзеге асырады.

Табиғи экспериментте зерттелушімен экспериментатор тікелей қарым- қатынас жағдайында болады, ал жасанды құралдардың ( құрал- жабдықтар, тапсырмалар, т.б.) рөлі кең емес. Лабороториялық эксперимент эксперименттің жасанды құралдарын максималды қолданумен ерекшеленеді. Инстументалды бақылауды обсервациялық әдістерге жатқызады. Бір жағынан, мұнда техникалық құрал- жабдықтар максималды түрде қолданылады. Келесі жағынан, зерттеушінің белсенділігі таы да көбірек азаяды.

«Герменевтикалық» әдістерге түсіну мен интроспекцияны жатқызамыз. Герменевтикалық әдістерде басқа субъектпен сырттай өзара әсер нөлге теңелген.Бұл әдісте басты рөлді рефлексия,басқа адамның орнына өзін қоя білу,барлық болуы мүмкін мінез-қылық дағдыларын қарастыру алады.

Коммуникативті әдістер класына көшсек,оның екі плюсін еркін (ашық)және мақсатқа бағытталған сауалнама(интервью)құрайды.Олардың айырмашылықтарыөте үлкен .

Еркін әңгіме герменевтикалық әдістерге ұқсастығы мынада,оны жүргізгенде зерттелуші паритетті бастамаларда көрінеді.Зерттеушінің әсері тек зерттелуші күйін ескеруімен және әңгіме барысына тәуелді жүзеге асады.Бұндай жұмысқа мысал зерттеушінің өз өмірі жайында еркін әңгімелеуі.Коммуникация құралдары бұл әдісте минималды,басты рөлді өзара түсінушілік пен эмпатия құрайды.

Мақсатқа бағытталған сауалнама немесе стандартталған интервью алдын-ала зерттеуші анықтаған мақсаттармен жүргізіледі.Әрине,бұл интервью барысы зерттелушінің мінез-құлқы мен оның зерттеушімен қарым-қатынасқа түсу тілегі болған жағдайда жүреді.Сонымен қатар мақсатқа бағытталған сауалнамада зерттеушінің белсендігі максималды,және оның техникалық қаруланғаны да (мыс,диктафон)өте маңызды.

Өзінің ерекшелітеріне қарай аралық болып табылатын,өзіне инструменталды бақылау мен лабортиялық эксперименттің кейбір элементтерін енгізетін әдісті психологиялық өлшем деп атайды. Психологиялық өлшем мінез-құлықтың объективті қалыптасуына көмектесетін құралдарды максималды қолдану арқылы жүргізеді.Өлшем процедурасы максималды түрде стандартталған.Тесттерді ғылыми-психологиялық өлшем әдістерінің жеңілдетіген категориясына жатқызады.Біріншіден,өлшемді өткізген кезде инструкцияның,материалдың,уақыттың,зерттеушімен қатынасқа түсу тәсілдерінің өзгеруі мүмкін.Екіншіден,барлық зерттеушілерге бірдей талаптар қою керек.

Табиғи эксперимент пен мақсатқа бағытталған сауалнаманың синтезі «клиникалық әдіс» болып табылады. Оған осындай мән берген Ж. Пиаже. «Клиникалық әдіс» түсінігінің кем дегенде үш мағынасын айтуға болады. Біріншіден, бұл терминмен патопсихологиялық мәселелерге бағытталған әдістер жүйесі түсіндіріледі. Екіншіден, қазіргі психологиялық әдебиеттерде «клиникалық» деп бөлек жеке тұлғалықты интенсивті, сапалы және тұтас зерттеуді атаған. Үшіншіден, клиникалық әдіс Ж.Пиаже түсінігі бойынша табиғи өмірлік жағдайларда баламен үлкеннің тікелей өзара әсер ету контексті кірістірілген ғылыми эксперимент. Оны өткізуде басты рөлге зерттеуші мен зерттелуші арасындағы диалог ие.

Проективті әдіс кейбір сыртқы құралдардың (сурет, сұрақнама, материалдар және т.б.) зерттелушінің зерттеушімен қарым-қатынасын және минималды стандартталған оның жауаптарын интерпретациялаудың болуын көрсетеді. Бұл әдіс өзіне герменевтикалық, іс-әрекеттік және коммуникативті, дәлірек айтқанда – психодиагностика мен кеңес беру кезіндегі таным түсінуін кірістіреді.

Бұндай классификацияға байланысты психологиялық зерттеу артефакттарын бөлуге болады:

Бірінші топ: өзара әсер және изоляция артефакттары.

Екінші топ: инструменталды және интерпретация артефакттары.

Үшінші топ: қабылдау – қабылдамау және зерттеуші тапсырмасын трансформациялау артефакттары.

Жалпы барлық әдістер: іс-әрекеттік, коммуникативті, обсервациялық, герменевтикалық болып бөлінеді. Сегіз «таза» зерттеу әдістері бөлінген: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперимент, инструменталды бақылау, интроспекция, түсіну, еркін әңгіме, мақсатқа бағытталған интервью. Кейбір әдістер қатары «синтетикалық» болып табылады. «Синтетикалық» әдістер өзіне «таза» әдістердің кейбір сипаттарын енгізеді, бірақ оларға теңелмейді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Каузальды бағыт дегеніміз не?

2. Психологиядағы герментивтік әдіс қалай жүзеге асады?

3.Психологиядағы эмпирикалық әдістердің үштік класификациясы.

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


23 Дәріс

Таным процестерін анықтау әдістері және оларды өңдеу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Түйсіну

2.Қабылдау

3.Елестету және қиял

4.Ес

Мақсаты: Таным процестерін анықтау әдістері және оларды өңдеу жөнінде білімдерді беру.

Дәрістің мазмұны

1.Әдістеме.

Тақырыбы: Кеңістіктік көру табалдырығын айыруды анықтау

(көз өлшемінің нақтылығы)

Кіріспе ескертулер. Кеңістіктің үлкендігін бағалау көру анолизаторының функцияларын құраушыларының бірі. Бұған сәйкес берілген объектінің абсолюттік метрлік үлкендігін көрсету талап етілмейді, бірақ 2 стимулдың ( эталонды және ауыспалы) теңдік және әртүрлілігін бағалау керек.

Адамның көзі объектінің өлшемін жеткілікті түрде нақты бағалауға қабілетті келеді, бұл қабілеттілікті көздік өлшем деп атайды.

Тапсырмадан эксперименталды мәлімет алу үшін орташа қателік әдісі қолданылады. Сондықтан экспериментатор берген эталонды стимулды ( тәжірибеде - сызғыштың кез-келген бөлігі) зерттелуші ауыспалы стимулмен салыстыру керек. Ауыспалы стимул эталонды стимулға қарағанда ұзынырақ немесе қысқарақ болады. Зерттелушінің міндеті ауыспалы стимулдың ұзындығын эталонның ұзындығымен мүмкіндігінше нақты теңестіру.

Құрал – жабдықтары: Эксперименталды психологияда көздің нақтылығын бағалап үйрену және көру өлшемінің әртүрлі табалдырығын өлшеу үшін Лемонның сызғышын қолданады. Ол горизонтальды бағанға бекітілген болады. Сызғыш нақты белгіленген әртүрлі 2 бөлікке бөлінген, зерттелушіге де, экспериментаторға да көрінуі керек. Оның екі жағында жеңіл жылжитын қозғағыш орналасқан. Экспериментатор жағында зерттелушіге көрінбейтін см. Шкаласы сызылған. Тәжірибе алдында студенттер протокол дайындайды.

Жүру барысы: Экспериментті өткізу үшін бір студент экспериментатор қызметін, ал екіншісі зерттелуші рөлін алады. Зеріттелуші сызғыштан созылған қол қашықтығында отырады. Бұл жағдайда басы бекітілген болғаны жөн. Содан соң зерттелушіге инструкция беріледі.

Инструкциясы: « Сіздің көз алдыңызда көздік өлшеу сызғышы орналасқан. Онда орталық белгі оң және сол жақ қозғағыш көмегімен сізге белгісіз ұзындықта үзік көрсетіледі. Оң қолыңыз арқылы орталық белгінің келесі жағынан дәл осындай үзік жасаңыз. Тәжерибе барысында ара қашықтығыңызды өзгертпеуге тырысыңыз.»

Табалдырықтарды өлшеу процедурасын мыналар құрайды. Экспериментатор көп рет сол немесе оң жақтан үзіктер көрсетеді. Зеріттелуші мүмкіндігінше нақты осы үзіктерді белгілейді. Оған 4 эталонды үзік көрсетіледі, олардың ұзындықтары: 8,5; 12,5; 15,0 ; 19,5 см. 10 рет сол жақтан, 10 рет оң жақтан көрсетіледі. Сонымен қатар әрбір жағынан берілген үзік эталондарға қарағанда 5 рет үлкен немесе кіші болуы керек.

Эксперименттің өңделуі: Ең алдымен қателіктерді санайды. Әрі қарай өңдеу бірнеше эталон бойынша жүргізіледі:

1 . Абсолютті қайталаудың орташа арифметикалық үлкендігі мен қате қайталауды санау,

2 . Болуы мүмкін қателіктерді мына формула бойынша есептеу:

ВО= 0, 6745 о

3 . Үнемі қайталанатын белгілер мен өлшемдерді анықтау, субъектілерді теңестіру әртүрлі және берілген эталон ұзындығын есептеу.

Сараптау кезінде қорытынды Вебер заңына бағына ма соны тексеру керек.

2.Әдістеме.

Тақырыбы: Геометриялық иллюзияны көз арқылы қабылдау.

( Мюллер – Лайер иллюзиясы)

Кіріспе ескертулер. Геометриялық иллюзия - көз арқылы қабылдау иллюзиясын зерттеуде жиі қолданылады. Оны көбіне қабылдау үлкендігімен ( ұзындығы мен өлшемі) немесе сызықтық бағытталуын қабылдаумен қарастыруға болады. Ұзындық үзігінің иллюзиясына жақсы мысал болып Мюллер – Лайер иллюзиясы табылады, 2 бір-біріне тең сызық, олардың біреуі төмен , біреуі жоғары қарай бағытталған, сондықтан адамдарға тең емес сияқты көрінеді.Адам тіпті оның қалай қабылданып тұрғанын білсе де иллюзияның эффектісі сол күйінде көрінеді, ол өте тұрақты.

Құрал - жабдықтары. Вертикальды түссіз экранда ақ қағаз қартон бекітіледі. (297 + 210 мм.) Онда 3 мм және 230 мм ұзындық шамасында тегіс горизонталды сызық тушпен берілген. Сол жақ сызық (соңы садақ тәрізді) жиылған сына, ал оң жақ сызық тарқаған сына түрінде болады. Экранның жоғарғы жағына қозғалмалы планка ілінеді, онда горизантальды сызық бойымен оңға қарай өткір бұрышпен бекітілген сына сызылған. Зерттелушіге көрінбейтін жағында мм. Сызғыш бекітілген, нөлдік нүкте 2 әртүрлі үзік сызығының ұзындық нүктесіне сәйкес келеді.

Жүру барысы: Тәжірибеде орташа қателік әдісі қолданылады. Ол еркін бақылау жағдайында өткізіледі.

Инструкциясы: Қозғалтпаны оңға немесе солға жылжытып, үзікті 2 әртүрлі бөлікке бөлесіз. Тапсырманы мүмкіндігінше дәл орындауға тырысыңыз. Экспериментатор қозғалманы тең емес түрде орналастырады. Содан соң зерттелуші қозғалманы тең еткенше жылжытады.

Қортындының өңделуі:

1. Орташа қателікті «+» және «-» таңбасымен санау;

2. Орташа квадратты ауытқуды санау;

3. Орташа қателік және орташа квадратты ауытқуды алмай, тек жалпы мәнін санау.

3.Әдістеме.

Тақырыбы: Елестетудің анықтық және нақтылығын бағалау.

Кіріспе ескертулер:Екіншілік бейнені зерттеуде өзін-өзі бақылау принципі негізгі әдіс болып қолданылады. Бұны объективті әдіспен бірге қолдану нақты әрі толық мәлімет береді. Бұл жағдайларда зерттелетін сапа полярлы бағамен мінезделеді, олардың арасында үзілмейтін бірізділік болады. Процедура шкалаға салу арқылы бағаланады. Анықтық- нақтылық елестетуді бағалауда көбіне Д.Маркс сауалнамасы қолданылады. Сауалнамада 5 баллды бағалау шкаласы бар.

Экспериментті жабдықтандыру: Әрбір студентке сауалнама парағы берілуі керек.

Д.Маркс сауалнамасы.

Шкала


5.абсолютті анық, таза, нақты, қабылдау бейнесі сияқты елестету;

4.анық, нақты, таза елестету;

3.орташа анық, нақты елестету;

2.бұлдыр, анық емес, түсініксіз елестету;

1.елестету мүлдем жоқ, сіз тек зат туралы ойлауды білесіз.

Тапсырма.

Өзіңіз жиі көретін достарыңыз немесе жақындарыңыздың біреуін ойлаңыз. Өз ойыңызды бейнемен байланыстырыңыз. Қойылған сұрақтар арқылы елестету шкаласын бағалаңыз.

1.Ол адамның нақты басының, бетінің, иығының, денесінің контурын елестетіңіз.

2. Басының орналасуы мен денесінің тұрқын елестетіңіз.

3. Оның жүрісін, адым ұзындығын, өзін ұстауын барлығын бір бейнеде елестетіңіз.

4. Оның өзіңізге жақсы таныс киімінің түсін елестетіңіз.

Күннің атуын өзіңізге елестетіңіз және шкалада бағалаңыз.

1.Күн бұлтты аспанда көрінді.

2.Көк аспанда күн шықты.

3.Таң атқанымен аспанда бұлт, күн күркіреп , найзағай жарқылы көрінді.

4.Күн шықты, кемпірқосақ көрінді

Өзіңнің жиі баратын дүкенмен байланысты келесі көріністерді шкалада бағалаңыз.


  1. Көшенің қарсы бетінен дүкеннің толық бейнесін елестетіңіз

  2. Бұл дүкеннің заттарын елестетіңіз

  3. Сіз есікке жақындадыңыз, есіктің түсін, өлшемін, детальін елестетіңіз

  4. Сіз дүкенге кірдіңіз, дүкеншінің қолын, зат және артық ақша қайтарғанын елестетіңіз

  5. Берілген ландшафтты бұтіндей елестетіңіз

  6. Ағаштарды, олардың түстері мен өлшемдерін елестетіңіз

  7. Өзеннің түсі мен өлшемін елестетіңіз

  8. Жел тұрып, ағаштар шулады, өзен тасыды , осы кездерді елестетіңіз

Әрбір қатысушы бланка толтырады.

Жүру барысы: Тәжерибеден бұрын экспериментатор зерттелушілерге инструкциясын хабарлайды.

Инструкциясы. « Сіздің мақсатыңыз елестетудің анықтық-нақтылығын анықтау. Сауалнама тапсырмалары сізде анық бейнелер тудырады. Сіз оларды бағалау шкаласына салуларыңыз керек.»

Елес бейнесін нақты белгілермен шатастыруға болмайды. Қортынды ұпай неғұрлым көп болса, соған сай елестету анық.

Елестетудің анықтық-нақтылығын ес, зейін, сөзбен қалай байланысты екендігін талдаңыз.


жүктеу 1,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау