«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасының заңЫ


-бап. Педагогті аттестаттау



жүктеу 49,92 Kb.
бет7/10
Дата20.10.2023
өлшемі49,92 Kb.
#43940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мугалим мартебеси зан жобасы

13-бап. Педагогті аттестаттау



  1. Педагогті аттестаттаудан өткізудің қағидасы, тәртібі мен жағдайы білім беру саласындағы уәкілетті органмен айқындалады.

  2. Педагогті аттестаттау жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамын қоспағанда, кәсіби және қызметтік өсу мүмкіндіктерін, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау қажеттілігін анықтау мақсатында өткізіледі.

  3. Педагогтің осы Заңның 16-бабының 1-тармағында қарастырылған міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, олардың аттестаттаудан өтуі кезінде ескеріледі.

4. Педагогтің өзінің лауазымына немесе аттестаттау қорытындысымен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі, атқарып отырған жұмысына сәйкессіздігі жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.


14-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

1. Педагог:


1) жеңілдікпен кредиттеу бойынша бастапқы жарнасыз баспана, сондай-ақ, қызметтік баспана және (немесе) жатақхана алуға басымдық құқыққа;
2) қызметтік тұрғын жайда бірге тұратын педагогтің отбасының мүшелері педагог қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда олардың қызметтік тұрғын жайды қалдық құн бойынша жеке меншікке сатып алуға ынта білдірген жағдайда ықтиярсыз шығарылмайды;
3) ұзақтығы 56 күнтізбелік күнге төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқылы;
4) белгіленген зейнеткерлік жасына толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз бес жылдық өтілі негізінде (выслуга лет) зейнеткерлікке шығуына әлеуметтік кепілдікке ие.
2. Жергілікті атқарушы органдар өңірлерде әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақтан педагогтерге баспана алуға сертификат беруге құқылы.
3.Білім берудің барлық деңгейінің педагогтері меншік түрлеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тегін жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуге міндетті.
4. Педагогтің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жер бойынша кезектен тыс мектепке дейінгі ұйымдарда орын береді.
5. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагогтеріне:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін бөлу ұсынылады;
4) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке меншігінде малы барларға жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері ұсынылады.
6. Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына сәйкес педагогтерге санитарлық-курорттық емделуге, демалуға тегін жолдама, қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік береді.
7. Жұмысқа жаңа келген жас педагогтер жергілікті өкілетті органдармен және жұмыс берушілермен бекітілген тәртіппен материалдық қолдауға (көтерме ақы алуға) құқылы.
8. Педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында екі лауазымдық жалақыдан кем емес мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2) жан басына шаққанда қаржыландыру аясында ынталандыру үстемеақылар;
3) «Үздік педагог» атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы;
4) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
9. Жергілікті атқарушы органдар педагогтердің жалақысына түрлі үстеме ақылар мен басқа да ақылар, оның ішінде «Үздік педагог» атағын иеленушіге айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы белгілеуге құқығы бар.
10. Барлық педагогке педагогикалық өтілі үшін лауазымдық жалақыға (тарифтік сеткаға) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген көтерме коэффициент айқындалады.
11. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының астанасында жұмыс істейтін педагогтерге лауазымдық жалақысы кемінде жиырма бес пайызға арттырылып, лауазымдық жалақысына коэффициент белгіленеді.



жүктеу 49,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау