8-бап. Педагогті өзінің кәсіби қызметіне байланысты емес, тыс жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салу
1. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға;
2) педагогтің өз қаражаты есебінен оқу және /немесе тәрбиелеу процесін қамтамасыз ету үшін тауар-материалдық құндылықтарды алу міндеттерін жүктеуге тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзу бұзушылықтарға жол берген лауазымдық тұлғаны Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген нормаларға сәйкес жауапкершілікке тартады.
9-бап. Педагогикалық қызметке рұқсат беруге арналған сертификат
1. Педагогтік қызметке рұқсат беру үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден өтудің нәтижесі бойынша сертификат алудың тәртібі мен жағдайын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
2. Мамандыққа рұқсаттама үшін сертификат алуға талаптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне тиісті емес.
3. Ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы жөніндегі сертификат педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат беруге мыналар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
2) педагогикалық және бейінді білімі жоқ тұлғалар үшін негізгі шарттар болып табылады.
4. Педагогтің біліктілік стандартының негізінде белгіленген талаптарына жауап беретін, ал ол болмаған жағдайда біліктілік сипаттамаларына сай келетін тұлғаларға педагогикалық қайта даярлау және Ұлттық біліктілік тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі.
Аталған санатқа оқу пәнінің ерекшелігіне, білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында арнайы пәндерден сабақ беретін тұлғалар жатпайды.
10-бап. Педагогтің кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат беруді шектеу
Білім беру ұйымдарында педагог қызметімен айналысуға:
Заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогтік қызметпен айналысу құқығынан айырылған;
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған;
медициналық қарсы көрсетілімі бар;
4) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), адамдарға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |