«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 49,92 Kb.
бет8/10
Дата20.10.2023
өлшемі49,92 Kb.
#43940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мугалим мартебеси зан жобасы

15-бап. Мадақтауға құқық

1. Адал еңбек және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілік орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен қарастырылған мадақтаулар қолданылады.


2. Білім беру саласының уәкілетті органының «Ы.Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері түріндегі мадақтауларға лайықты болған тұлғаларға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіпте үстемеақы және жеңілдік беріледі.
3. Республика алдында педагогикалық қызметтегі аса көрнекті қызметі үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» (Заслуженный педагог Казахстана) атты мемлекеттік наградасы беріледі, қосымша үстемеақы төленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасынада белгіленген тәртіпте жеңілдіктер беріледі.
4. Жергілікті атқарушы органдар педагогтердің еңбегін ынталандыруға қосымша шаралар, соның ішінде Қазақстан Республикасымен белгіленген мерекелік күндерге, сондай-ақ, жергілікті үздік белгілерін және құрмет атақтарын, соның ішінде біржолғы төленетін сыйақыны белгілейді.


IV тарау. Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі


16-бап. Педагогтің міндеттері

  1. Педагог:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында педагогтің кәсіби стандартына сәйкес тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық принциптерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеуге, үлкендерге, ата-анаға, еліміздің мәдени-тарихи құндылықтарын, оның мемлекеттік құрылымын құрметтеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) белгіленген тәртіппен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен анықталатын жағдайда аттестаттаудан өтуге;
7) академиялық адалдық принциптерін сақтауға;
8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары мен өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша түсіндіру, оқыту мен тәрбиелеу үшін ынтымақтастықтағы жауапкершілік принциптерін түсіндіруге міндетті.



жүктеу 49,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау