«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасының заңЫ


III тарау. Педагог құқығы



жүктеу 49,92 Kb.
бет5/10
Дата20.10.2023
өлшемі49,92 Kb.
#43940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мугалим мартебеси зан жобасы

III тарау. Педагог құқығы


11-бап. Педагогтің кәсіптік қызметіндегі құқығы

1. Педагог өзінің кәсіптік қызметінде келесі академиялық бостандыққа:



  1. өзінің ойын білдіруге;

2)  оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негізделген нысандарын, құралдарын, әдістерін таңдауға және қолдануға;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыстың нысандары мен әдістерін таңдауға;
4) білім алушылардың оқу жетістіктерін нақты бағалау үшін әдістерді таңдауға және қолдануға;
5) кәсіптік қызметіне араласудан бостандыққа ие.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогтің кәсіптік қызметіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар тарапынан араласуға тыйым салынады.
3. Білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеуде өзара қатынастарының жағдайы, тәртібі мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары тарапынан басшысы және басқа тараптан білім алушының ата-аналары (немесе өзге де заңды өкілдері) арасындағы шартпен реттеледі.
4. Педагог:
1) кәсіптік қызметі үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету арқылы педагогикалық қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістер мен технологияларды енгізуге;
3) жеке педагогикалық қызметке;
4) педагог қызметін ұйымдастырудың әдістері мен түрлеріне сәйкес білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда еркін таңдау жасауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың ұжымдық органдарының жұмысына қатысуға;
6) үш жылда бір реттен кем емес біліктілікті арттыруға;
7) біліктілік санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйақы және атаулы стипендиялар түріндегі кәсіптік қызметтегі жетістіктері үшін моральді және материалды ынталандыруға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес емделу-профилактикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру арқылы денсаулықты қорғауға;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11) педагогтің өтілін сақтай отырып, ғылыми қызметпен айналысуы үшін шығармашылық демалысқа;
12)білім беру ұйымының бұйрықтарына және өкімдеріне шағымдануға;
13) шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбие берудің авторлық бағдарламаларын әзірлеу және пайдалануға;
14) оқулықтар мен оқу құралдарын, оқыту мен тәрбиелеудің басқа да құралдары мен материалдарын таңдауға;
15) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кестелерін, әдістемелік материалдарды және басқа да білім беру бағдарламаларының компоненттерін әзірлеуге қатысуға;
16) білім беру ұйымының қызметіне қатысты, оның ішінде қоғамдық ұйымдар мен басқару органдары арқылы мәселелерді талқылауға қатысуға;
17) білім беру ұйымдарында бес күндік оқыту аптасы қарастырылған жағдайда екі демалыс (сенбі, жексенбі) күніне;
18) білім беру саласындағы уәкілетті органмен анықталған жағдайда және белгіленген тәртіппен кәсіби дағдыларды қолдау және арттыру үшін өндіріс базасында тағылымдамадан өтуге;
19) кітапханалар мен ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен деректер базасына, кәсіби қызметін сапалы жүзеге асыруға қажетті білім беру қызметін қамтамасыз ететін оқу және әдістемелік материалдарға қол жетімділікке;
20) қызметі заңнамаға қайшы келмейтін кәсіподаққа, басқа қоғамдық бірлестіктерге бірігуге;
21) педагогтің кәсіптік әдеп нормаларын бұзуды объективті және әділетті тексеруге;
22) көрсетілмеген тексерулерден шектеуге құқығы бар.
5. Білім беру ұйымдарына алғаш рет жұмысқа түскен жас және жаңа бастаған мамандарға бір оқу жылы бойына тәжірибелі мұғалімдер қатарынан тәлімгер бекітіледі.
6. Педагог Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған басқа да құқықтарға ие болуы мүмкін.

жүктеу 49,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау