кайраткерлерінің көмегімен мектеп ашу талаптары түрғысынан Торғай
облысының барлық бес уездік қалаларында бес екі сыныптык училище
ашты, кейін оны жанында 50 орындық интернаты бар мектепке
айналдырды. Ы.Алтынсарин Ресейдің үлт аймақтарында бірінші болып
Қазақ кыздарының мектебін ашып, оларға білім беру ісін жолға қойды.
1944 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының
ашыл>' қүрметінде сөйлеген сөзінде, сол кездегі Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Жүмабай Шаяхметов:
«Сіздердің институтты ашуда осыдан бір ғасыр бүрын ашқан
ЬІ.Алтынсариннің қыздар мектебінің үлгісіне сүйендік» - деп атап
көрсеткен.
XX ғасырдағы қазақ мектебінің тұңғыш ашылуы А.Ьайтұрсьшовтьщ
есімімен тығыз байланысты. Кеңес дәуіріндегі жалпы мектептер ашудың
үлгісі мен тәжірибесі Н.К.Крупскаяның 1915 жылы жазған «Халық ағарту
ісі және демократия» атты еңбегінде жан-жақты қарастырылды. Сондай-
ақ, Н.К.Крупская мүғалімдердің бүкіл Ресейлік I съезінде 1925 жылы
жасаған баяндамасында Кеңес мектептерінің, оның ішінде үлттық
мектептердің ашылу тәжірибесін көрсетіп берді. Сондай-ақ, Н.К.Крупская
1927 жылы мәдениет қызметкерлерінің Қызылорда қаласында еткен
кеңесінде, Қазақстандағы алғаш ашылған мектептердің жағдайын,
олардың бүдан әрі даму жолдарын айта келіп, ашылған қазақ
мектептерін электрлендіру және радиоландыру мүмкіндіктеріне талдау
жасады және қолдады. Осы кеңестің материалы 1928 жылы жеке
кітапша болып қазақ тілінде жарық көрді. 1922 жылдардан бастап,
Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында Республикада қазақ
мектептерін ашуда, әсіресе, ауылдық-қазақ мектептерін ашуда
С.Сейфулиннің, сол кезеңдері оқу министрі - Т.Жөргенов,
САспендияров, Х.Досмұхаметов, Шарапи Әлжанов, Спандияр Көбеевтің
еңбектерінің маңызы зор болды.
Егемендігімізді алып еңселі ел болып, дамыған елдермен иық
теңестіре өркендеп келеміз. Осындай өркениетті ел болуды аңсаған ата-
бабаларымыздың арманы орындалды. Ертеңгі күннің бүгінгіден де
нүрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамьш алға апаратын кұдіретті
күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орьш алуы оның үлттық білім жүйесінің
дещейіне, даму бағытына байланысты екені ақиқат. Қай заманда да
үлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізі, алғашқы шарты -
білім.
Мектеп - қазіргі жеке тұлғаның, келешек ұрпақтың рухани жаңарып-
жандаудың қайнар көзі. Қазақтың кемел ақыны М.Жұмабаев мектеп
жайлы кезінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік
24
һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде қүра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады». Мүхтар Әуезов: "¥лт пен үлтты, ел
мен елді теңестіретін бір-ак нәрсе - білім" деген екен. Бүл сөз жалғыз
М.Әуезовтың ғана үні емес, сонау XIX ғасырдың басында үлттың үстазы
болған Ахметтің, жалын мен жігері жанған Міржақып сияқты ел ертеңін
ойлаған ерлердің үлы мүраты еді.
1937-1940 жылдардағы мәліметтерге сүйенсек, қазақ тілінде білім
беретін мектептердің санының артканын байқау қиын емес. Бүл сол
кездегі Кеңес үкіметінің ұлт саясатына тікелей байланысты. Жалпыға
бірдей бастауыш білім беру іске асқанмен, жетіжылдық және орта білім
беретін мектептер өте аз болып қала берді.
¥лы Отан соғысыньш басталуы мектептердің дамуына кері әсерін
тигізді. Мүғалімдер мен оқушылардың бір бөлігінің әскерге және
өндіріске кетуіне байланысты 1941-1946 жылдар аралығында оқушылар
саны 30%-ға, мүғалімдер саны 14%-ға азайды.
1940-1941 жылдар аралығында қазақ мектептерінің саны 2-ге
қысқарғанда, орыс мектептерінің саны 53-ке артьш отырғаны саясаттағы
езгерістердің білім беру жүйесіне тікелей әсер ететіндігін бүдан кейінгі
жылдардағы статистикалык мәліметтер де дәлелдейді.
Оку-тәрбие жүмысын идеологияландырудың нәтижесінде, үлттық
мектептердің қысқаруы басталды. 1948-1949 оқу жылында қазақ балалары
республика бойынша оқушылардың 36%-ын, қазақ мектептері оқу
министрлігіндегі мектептердің 48% -ын қүрады. Ал 1955-1956 оқу
жылында жалпы білім беретін мектептердің 43%-ьш орыс тілінде жүмыс
істей бастады. Олар жалпы оқушылардың 66% -ын қамтыды.
КСРО ыдырағаннан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазакстан
өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сол жьшы Қазақстанның
жалпы білім берегін мектебінде 3 миллион 229 мың балалар мен
жасөспірімдер, оның ішінде 3 миллион 147 мың бала күндізгі мектептің
оқушысы болды. Олардың ішінде қазақ балалары 2992 қазақ мектебінде,
1848 бала аралас мектептерде оқыды.
1998 жылы республикада мектептердің саны барлығы 3 миллионнан
аса окушы білім алатын 7925 мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке
жетті. 1999 жылы маусымда Қазакстан Республикасында «Білім
беру туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасында білім
берудегі негізгі принциптерде барлық азаматтардың тең қү^аьщтьілығы
Төмендегі бағытгар бойынша айқындалған: халықтың барлығы бірдей
білім алу мүмкіндігі; білім берудің зайырлылық сипаты; жеке түлғаның
білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамыту: білім беру
сатыларының жалғасын қамтамасыз ететін процесгің үздіксіздігі; оқыту
мен тәрбие берудің түтастығы; білім беру үйымдарыньщ академиялық
еркіндік өкілеттігін кеңейту, білім беруді басқарудағы демократиялық
25
сипат. білім берудің гуманистік және өркендеу сипаты; білім беру, ғылым
және өндіріс интеграциясы; оқушылардың кәсіби бағдарлануы; білім беру
жүйесін компьютерлендіру.
Қазір қазақ мектептерінде үлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбиені оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелеріне назар аударыла бастады. Оқыту,
білім берудің отандық және шетелдік озық технологияларын игеру
мүмкіндіктері қарастырылуда.
Сонымен қазақ мектебінің қалыптасу тарихы мынадай кезеңдерден
етті деген ойға келеміз:
1. Орта ғасырлардан XX ғасырдың басына дейінгі қадим оқуы қазақ
мектебі қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Ол ислам діні
мен араб жазуына негізделген.
2. Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты ХІХ-ХХ ғасырдың
басында өмір сүрген орыс-қазақ мектебі. Ол орыс жазуы мен орыс мектебі
негізінде қүрылған. Оның ең озық үлгісі Ы.Алтынсарин ашқан қазақ
мектептері болып табылады.
3. Қазақтың төте оқу мектебі. онда араб жазуы негізінде түзілген
үлттық әліпби қолданылды.
4. Кеңес дәуіріндегі қазақ мектебі. Ол педагогкалық талаптарға сай
қүрылған ұлттық мектеп болып табылады. Бүл кезеңде қазақ мектебі шын
мәнінде толық қалыптасу деңгейіне жетті.
5. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектебі. Бүл мектеп қазір
өзінің жаңаша қалыптасу кезеңінде түр.
Қазіргі кезде ғалымдардьщ да, мұғалімдердің арасьюда
«компотенттілік» (көптеген ғалымдар «құзіреттілік» деп аударып жүр)
деген ұғым көп кездеседі.
Құзіреттілік - қызмет атқарушының жеке м.мкіншілігі, оның
квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе
белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл
ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің
теориясы мен әдістеріңде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық
ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде
зерттелуде.
Қүзіреттілік - жеке түлғаның теориялық білімі мен практикалық
тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол
жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке түлғаньщ танымға, ойлауға
қатысьш және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға,
оның барысы мен нәтижелерін талдауға, үдайы түрде ұтымды түзетулер
енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов қүзіретгіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші
жақты танымдық және практикалык жаңалық енгізуді (инновация)
26
Достарыңызбен бөлісу: |