монахтар сабақ жүргізді. Монах-мүғалім балалар бір бөлмеде отырса да,
әрбір баламен жеке жүмыс жүргізді.
Үлкен қалаларда сауда мен қоленердің дамуына орай
қолөнершілердің сүрауымен - цехтық мектептер, саудагерлердің
сүрауымен - гильдейские мектептер пайда болды. Бүл мектептер ақылы
негізде оқытты.
ХҮІ ғасырда бағындырушы таптың балаларына арналған жабық
интернаттар - иезуитгер мектебі немесе коллегиумдар пайда болды.
Мектептердің мақсаты - католик шіркеуінің ықпалын күшейту.
Мүнда жаңа қүрылымда - күшейтілген дене жаттықтыру, оқытудың
көрнекілігі, сырттай «жүмсақ» тәртіп пайда болды, жалпы білім беруге
көңіл бөліне бастады. Тәрбиенің осындай маңызды міндеттерін орындау
үшін білімді, арнайы дайындығы бар мүғалімдер керек болды. Иезуиттер
бірінші болып, өз мектептеріне қажет мүғалімдерді даярлай бастады. Ең
жақсы оқыған студентгерді алып қалып отырған.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда мүғалім мамандығы жалпы сипатта болды.
Мектептер мен әртүрлі училищелерде мүғалімдер штаттық бірлікте
болды. Гувернерство кең етек алды (отбасында арнайы мүғалімдер мен
жетекшілердің көмегімен бастауыш білім алу). Англияда джентелмендерді
тәрбиелеу жүйесі жүргізілді (автор Джон Локк). Нағыз джентелмендер
отбасында тәрбиеленеді деген.
Алғашында ешқандай мүғалімдік даярлықтан өтпеген адамдар
мұғалім болды. Оларды кім үйретті?
Ресейде Петров реформасы кезінде сауатты жазу мен арифметикаға
оқушыньщ өзі үйретті
1979 ж. Мәскеу университетінде педагогикалық оқу орны ретінде
мүғалімдер семинариясы ашылды. Онда бастауыш мектептеріне,
мәскеулік және қазан гимназиялары мен пансиондарына мүғалімдер
даярланды. 1803 ж. Петерборда қалалық училищелерге мүғалімдер
даярлайтын мүғалімдер гимназиясы ашылды. 1804 ж. бұл педагогикалық
институтқа айналды. XIX ғасырла Ресейде орта сыныптарға сабақ
жүргізетін алғашқы мұғалімдер институты қүрылды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыпты
жүмыс істеуін камтамасыз еткен бірден-бір оқу орны болып саналатын
медреселердің даму тарихы Орта Азия мен Қазақстан жерінде исламның
таралуымен тьгғыз байланысты жүзеге асты. Деректерге сүйенсек, XIX
ғасырдьщ алғашқы жартысында 600-ге жуық медреселер жүмыс істеген
екен. Медреселер көп жағдайда мсшітгердің жаньшан ашыльш, мешітке
түскен кіріс есебінен қаржыландырыльш отырған. Медреселердегі оқу үш
сатыға - төменгі, орта және жоғары сатыларға бөлініп, оқу мерзімі 9-12
жылға созылған.
18
Медреселердегі оқу бағдарламаларында негізінен: араб тілінің
грамматикасы; араб риторикасы; араб тарихы; діни ережелер; құранның
мазмұны; ислам діні тарихы; пайғамбарлар тарихы; шығыс халықгарыныц
тарихы оқытылған.
XIX ғасырдың соңына карай шығыстың мұсылман елдерінде
рухани қайта жаңгыру медреселердегі білім мазмұнының жаңа бағытта
дамуына жол ашты. Бүл мұсылмандық оқу жүйесін жетілдіруді қолға
алған жәдиттік қозғалыс болатын. Жәдиттік бағыттағы
медреселердің оқу бағдарламаларьгада діни іліммен бірге
жаратылыстану, логика ғылымдары кенднен окьггылдьі. Мәселен: Түркі тілі
және әдебиеті; Жалпы тарих; Философия тарихы; Математика; География;
Физика және химия; Астрономия, Каллиграфия және сурет; Психология;
Орыс тілі; Бухгалтерия; Гигиена.
Көріп отырғанымыздай, жәдиттік медреселердің оку
бағдарламалары баланың жан-жақты дамуьша, қоршаған әлем туралы
ғылыми түсінік калыптастыруға, өзге тілдерді меңгеруге, есеп-
қисапты үйретуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, біз қарастырып
отырған кезеңдегі медреселердің білім мазмүны баланы сол қоғамның
сұранысына жауап бере алатын, яғни, табысты іс-әрекетке бейім тұлға
ретінде калыптастыруды кездеген. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,
табысты іс-әрекет дегеніміз - оң нәтижеге қол жеткізу.
Табысты іс-әрекет идеясы туралы алғашқы мәліметтерді ежелгі грек
философтары мен ежелгі шығыс ойшылдарьшың енбектерінен
кездестіруге болады. Мәселен, Платон: «Кім қандай бағытта тәрбие
алса, оның болашақтағы жолы соғаы байланысты айқындалады» - деп,
адамның өмірде табысқа қол жеткізуін тікелей тәрбие ісімен
байланыстырады. Демокрит оқу барысындагы жетістіктерге тек қана
еңбек аркьшы жетуге болады дейді.
Белгілі ойшыл Сократ мүғалімнің табысты іс-әрекетін
анықтайтын фактор оның мейірімділігі мен интеллектісіне байланысты
деп көрсетгі.
Шығыстың үлы ойшылы әл-Фараби адамның негізгі міндеті
қоғамға пайда әкелу деп есептеді.
Ал, Қайта өрлеу дәуірінің ойшылы, педагог-гуманист Витторино де
Фельтре оқушылардың да, мұғалімдердің де табысты іс-әрекетін
үйымдастыруға барлық мүмкіндіктер жасалған «Қуаныш үйі» деп
аталатын оқу орнының негізін қалады. Аталған білім ордасының
ғимаратынан бастап ішкі безендірулері, оқушылардьң таптық тұрғыда тең
дәрежеде болуы т.б. факторлар оқу-тәрбие процесінің табысты
жүргізілуіне ықпал етті.
Қазақ жеріндегі түңғыш мектептердің ашыла бастауы
Қазақстанның Ресейге ез еркімен қосылу кезеңінен басталады.
19
Қазақтар арасында діни емес (дүниелік) білімді таратулардың алғашқы
бастамаларында осы тарихи оқиғамен байланысты болды. ХҮШ
ғасырда орыс дворяндарының ролінің артуына орай, патша екіметі
сол таптын мүддесін сай діннен тыс білім тарату бағытында біраз
шаралар жүргізді. 1931 жылы үйымдастырылған әскери кадет корпусы
жабық түрдегі сословиелік-дворяндық оқу орнының бастамасы болды
да, ол дворян жастарын әскери және азаматтық қызметтерге әзірлеуді
мақсат етті. Бұл үйымдастырылған кадет корпустары өз заманындағы
дворян мәдениетінің орталығы бола түра, Ресейдің ұлт аймақтарьшда,
соның ішінде Қазакстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізді.
XIX ғасырдың орта шеніне қарай, қазақтың феодал
шонжарларының арасында кадет корпусының беделі есіп, оларға
түсушілердің саны артты. Тек 1851 жылы Орынбордағы Неплюев кадет
корпусын 37 адам бітірді. Омск кадет корпусында оқығандар
арасынан прогресшіл қоғам және әскери қайтаркерлер, ғалымдар мен
ағаргушылар шықты. Белгілі Сібір зерттеушісі, ғалым-ағартушы,
кейінірек Сібірдегі жеке адам қолындағы түңғыш баспа органы "Амур"
газетінің редакторы В.И.Вагин, Уәлихановтың жақын досы Сібір,
Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеген орыстың атақты
саяхатшысы Г.Н.Потанин, Ш.Уәлихановтың жолдасы, ғалым-статист
және публицист Н.Ф.Аненскийде осы корпустан шықты. Осы
корпустар негізінде сол жерлерде қазақ мектептері ашыла бастады.
Өзі орыс оқу орындарынан білім алған, ішкі Орда ханы Жәңгір Бөкеев
1841 жылы Ордада түңғыш қазақ мектебін ашты, онда екі орыс және татар
сыныптары да болды. Оған 9 бен 22 жастың аралығындағы қазақтар
оқыған. Олардың біразы мектеп жанындағы пансионда, ал қалғандары
сыртан қатынап оқыған.
Кеңестік жүйенің бай, манап, хан сүлтандарға қатысты үстанылған
салқын саясаты олардың есімдерімен байланысты қандай да бір тарихи
оқиғаларды жарыққа шығаруға тиым салып келді. Сондықтан төл
тарихымыздың кейбір беттері оқырман қауым мен жас үрпақ үшін жабық
та, жұмбақ болып келгені белгілі. Еуропа өркениетін жақтаушы болып
Жәңгір оның элементтерін қазақтардьщ дәстүрлі ортасына енгізуге
үмтылды.
Жәңгір ханньвд кезінде еуропалық үлгідегі алғашқы мектептер пайда
болды, мүның өзі сол кездегі Қазақстан үшін елеулі жаңалықтар еді. Қазақ
кеңес тарихында мектептер тарихы, көбінесе, Қазан төңкерісінен кейінгі
кезеңдерді қамтып келеді. Бірақ Қазан теңкерісінен көп бұрын қазақ
даласында әртүрлі деңгейдегі білім ошақтарының жүмыс істегеніне
мұрағат деректері куә бола алады. Патша әкімшілігі қазақтарды
сауаттандыруға көпке дейін мән бермесе де, олар өз білімімен балаларды
оқыгып келген. Хан ауылында мектеп ертеде ашылған. 1830 жылы Жиделі
20
Достарыңызбен бөлісу: |