Күні:24.01.2018ж
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер.
Практикалық жұмыс
Жалпы мақсаты: MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету. Нөмірленген және таңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту.
Күтілетін нәтиже:
А. Оқушылар «тізім» түсінігі, тізім түрлерін (нөмірленген, таңбаланған), нөмірленген және таңбаланған тізім жасаудың тәсілдерін біледі.
В. Оқушылар әртүрлі тәсілдермен нөмірленген және таңбаланған тізім жасауды, тізімнің нөмірі мен мәтінін пішімдеуді меңгереді.
Әдіс-тәсілдер: Жеке, топтық жұмыс. СТО, АКТ.
Тапсырмалар:
Үй тапсырмасын қайталау.
Топқа бөлу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Топпен кластер құру, қорғау.
Практикалық жұмыс.
Қорытынды. Рефлексия.
Бағалау.
Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы (6-сынып), интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ресурстар, үлестірме парақтары, стикер.
Сабақтың барысы
Кіріспе:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Үй тапсырмасын “Бағдаршам”әдісімен тексеру: әр бала қолына қызыл, сары және жасыл түсті қағаз алады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұраққа жауабы толық емес болса "сары" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. Сары түсті көрсеткен оқушыға сұрақты басқаша қойып тусіндіріледі. Жасыл түсті қағазды мүлдем көтермеген оқушыларға сұрақты қайталап қоюға болады не жауап берілген соң қызыл түсті қағаз көрсеткен кез келген оқушыдан жауапты қайталап беруін сұрау қажет.
Тұсаукесер
Пішімдеу сызғышы не үшін керек?
“Басты” деген сөзді үш тілде айтып беріңдер
Пішімдеу дегеніміз не?
“Мәтіндік құжат” үш тілде айтып беріндер
Абзацтағы мәтінді түзеудің қандай түрлерін білесіздер?
Пішімдеу сызғышын экранға бейнелеу үшін қандай бұйрық орындаймыз?
“Түр”, “сызғыш” деген сөздерді үш тілге айтып беріндер
ІІІ. 1. Топқа бөлу. Екі түрлі кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлу.
2. Екі топқа бағалау парағы беріледі, топ басшысын сайлайды.
Негізгі бөлім
Білімді өзектендіру
Мағынаны тану. Сабақтың тақырыбын ребуспен ашу.
Міне, бүгін біз мәтіндік редакторда тізім қоюды үйренетін боламыз. Бұл тақырыпты меңгеру үшін маған оқушылар көмектеседі.
- Нөмірленген және таңбаланған тізім
Әр топқа ресурстар тарату. Ресурстан мәтінді оқу.
Топтық жұмыс.
І топ: Таңбаланған тізім.
ІІ топ: Нөмірленген тізім.
Оқушылар:
Ресурстан мәтінді оқып, өз түсінгендерін топта талқылайды.
Қорғайды.
Сергіту сәті. Бейнежаттығу.
Қорытынды. Оқушы қызығушылығын арттыру. Практикалық жұмыс.
«Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушыларға тапсырмаларды компьютерде орындату.
І – топ тапсырмасы:
Компьютер сөзін септеңдер және нөмірленген тізім командасын қолданып жазындар.
Мысал:
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
ІІ – топ тапсырмасы
Информатика сөзін септендер және маркерленген тізім командасын қолданып жазындар.
Атау септік: информатика
Ілік септік: информатиканың
Барыс септік: информатикаға
Табыс септік: информатиканы
Жатыс септік. информатикада
Шығыс септік: информатикадан
Көмектес септік: информатикамен
Рефлексия. Кері байланыс
|
Оқушылар алдарында жатқан түрлі-түсті стикерлерге смайлик суретін салып көрсетеді
Қызыл- Мен барлығын өте жақсы түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.
Сары - Маған барлығын түсінікті, бірақ кейбір ақпараттар маған қызықсыз болды.
Жасыл - Мен аздап түсінген жоқпын, бірақ мен үшін сабақ қызықты өтті
Көк - Мен мүлдем түсінбедім, сабақ маған қызықсыз болды
|
Бағалау. Топтың белсенділігін бағалау:
Бағалау парағы
Бағалау критерийлері:
15-12 ұпай – «5», 11-8 ұпай – «4», 7-5 ұпай – «3», 5-тен төмен – «2»
№
|
Оқушының
аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Топпен жұмыс
(белсенді болды, көмек көрсетті)
|
Практикалық тапсырманы орындауы
|
Жалпы ұпай
|
Жалпы
бағасы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Суммативті бағалау. Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма. Оқулықтың §19-ын оқып, тест және бақылау сұрақтарына жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |