Орталық депозитарийдің техникалық орталығындағы үздіксіз қуаттандырудың серверлік көздеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметін сатып алу туралы
«___»________2016 жылғы ОД/_________ № ___________ ШАРТ
(ОД тіркелген күні) (ОД нөмірі) / (Жеткізуші нөмірі)
Алматы қ. 2016 жылғы «____» ____________
(қол қою/Жеткізушіні тіркеу күні)
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталады, Жарғы негізінде әрекет ететін Президент Е.В. Студенина арқылы бірінші жақтан және Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес болып табылатын _____________________________________, бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталады, ________________________ негізінде әрекет ететін _________________________________ арқылы екінші жақтан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес Орталық депозитарийдің техникалық орталығындағы үздіксіз қуаттандырудың серверлік көздеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметін сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ МЕН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
1.1. Жеткізуші Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес Шарт жасаған күннен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін Алматы қаласы, Самал-1 ы/а, 28-үй мекен-жайы бойынша Қызметтерді орындауға міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші орындалған қызметтерді тиісті ретпен қабылдауға және Шарттың шартына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
2. ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
2.1. Шарт бағасы ҚҚС-ті қоса алғанда/ҚҚС-ті қоспағанда, _____________________ (_______________________) теңгені құрайды (бұдан әрі – Шарттың бағасы). Бұл жағдайда Шарттың бағасы ҚҚС-ті қоспағанда, _____________________ (_______________________) теңге _____ тиын. Жеткізуші төлеуші болып табылады/табылмайды.
2.2. Тапсырыс беруші Жеткізушінің Тапсырыс берушіге ұсынған шот-фактурасын және төлем шотын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қызметтер бағасына сәйкес Тараптар қол қойған Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің (бұдан әрі – Акті) негізінде Жеткізуші орындаған Қызметтер бағасын төлейді.
2.3. Барлық салықтар мен алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді. Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген бюджетке салықтар, алымдар және өзге ұқсас төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, Тараптар қосымша келісімге қол қою арқылы Шартқа тиісінше өзгерістер енгізуге міндеттенеді.
2.4. Шарттың бағасы сақтандыруды, салықтарды, алымдарды және өзге төлемдерді (қажет болғанда) төлеуді қоса алғанда, Қызметтерді көрсетуге байланысты Жеткізушінің барлық шығыстарын және тәуекелдерін құрайды.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
1) Шарт талаптарына сәйкес Актінің негізінде тиісті ретпен көрсетілген Қызметтерді қабылдауға;
2) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген Қызметтер үшін уақтылы және толық мөлшерде ақы төлеуге.
3.2. Тапсырыс беруші құқылы:
1) Жеткізушіден Тапсырыс беруші белгілеген мерзімде және толық көлемде Қызметтерді тиісінше көрсетуді талап етуге;
2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін Жеткізуші орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда біржақты тәртіппен бұл туралы Жеткізушіге жазбаша хабарлап, Шартты бұзуға. Сонымен қатар, Жеткізуші Шарттың 5-бөліміне сәйкес жауапкершілікті көтереді;
3) Тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға, бұл жағдайда Жеткізушіге осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шартты орындауды қамтамасыз ету қайтарылады және бұзу күні Жеткізушіге келтірілген нақты шығындар үшін төлем жүргізіледі;
4) Шарттың 3.3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Жеткізушіден хабарламаны алғаннан кейін жағдайды бағалап және өзінің қарауы бойынша Шартқа өзгерістер енгізу арқылы Шарттың орындау мерзімін ұзартуға құқылы;
5) Қызметтерді көрсету барысы мен сапасына бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті жауапты тұлғаларды тағайындауға.
3.3. Жеткізуші міндеттенеді:
1) Қызметтерді толық көлемде, Шартпен көзделген мерзімде және талаптарда көрсетуге;
2) жоғары білікті мамандармен Қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуге;
3) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты бір жақты тәртіппен Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарт бұзылған жағдайда, Шарт бойынша алған соманы қайтаруға және Шарттың 5-бөлімімен айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге;
4) егер Шартты орындау кезеңінде Жеткізуші кез келген сәтте Шартты уақтылы орындауға кедергі келтіретін жағдайлармен кездессе, Жеткізуші жедел Тапсырыс берушіге кешігу фактісі, оның болжаммен ұзақтығы және себептері туралы жазбаша хабарламаны жібереді;
5) Тапсырыс беруші Жеткізушінің тиісті емес сападағы Қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтердегі ақаулар) көрсеткенін анықтаған жағдайда, Тараптармен келісілген, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде не Тапсырыс берушінің тиісінше талабын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қызметтердегі ақауларды жоюға;
6) Тапсырыс берушіге уақтылы және тиісінше тәсілмен ресімделген Актілерді, төлемге шотты және шот-фактураларды беруге;
7) Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толық не ішінара бермеуге;
8) Шарт бойынша өзінің басқа міндеттемелерін орындауды талап етуге.
3.4. Жеткізуші Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген Қызметтер үшін төлем алуға құқылы.
4. ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ШАРТЫ
4.1. Жеткізуші Қызметтерді Тапсырыс берушіге Шарт жасаған күннен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін көрсетеді.
4.2. Қызметтерді қабылдау-тапсыру Тараптардың Актіге қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Актінің бір данасы Тапсырыс берушіде, ал екінші данасы Жеткізушіде қалады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
5.2. Төтенше жағдайларды қоспағанда, Жеткізуші Шартта көзделген Қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт аясында өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен Жеткізушіден өндіреді, ал Жеткізуші Тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбын төлейді немесе Жеткізушінің кінәсінен мерзімдер бұзылған жағдайда немесе Шарттың 4.1-тармағында көзделген Жеткізушінің кінәсі бойынша Қызметтерде үзілістер туындаған кезде, Қызметтерді көрсету күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Шарт бағасынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз), алайда Шарт бағасынан 5% (бес пайыз) аспайтын көлемде өсімпұл төлейді.
5.3. Тапсырыс беруші Шарт бойынша төлем жасау мерзімін бұзған жағдайда әрбір кешіктірілген операциялық күн үшін, төлем жасау күнін қоса алғанда, Жеткізушіге төленуге тиіс сомадан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде өсімпұлды, бірақ Шарттың бағасының 5%-нан (бес пайызынан) аспайтын мөлшерде төлейді.
5.4. Тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
5.5. Егер Тапсырыс беруші Шартты орындау бойынша Жеткізушінің кінәсі болмаған кезде Шарттың бұзылуына бастамашы болса, Жеткізуші Шарттың бұзылу күнінде оны бұзумен байланысты нақты шығындарды ғана төлеуді талап етуге құқылы.
5.6. Құпия ақпаратты жариялаған жағдайда, Жеткізуші Шарттың бағасының 10 % (он пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) Тапсырыс берушіге төлейді.
6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
6.1. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Шарттың мәнін немесе Тапсырыс беруші немесе Жеткізуші Шартты орындау үшін тартқан қызметкерді қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар берген қандай-да бір оның ережелерін, сондай-ақ техникалық құжаттамаларды, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпараттарды ашпайды. Көзделген ақпараттар тартылған қызметкерлерге бұл шарттық міндеттемелерді орындауға қаншалықты қажет болса, сол деңгейдегі құпиялылықта беріледі.
6.2. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз қандай-да бір жоғарыда тізбеленген құжаттарды немесе ақпараттарды Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбайды.
6.3. Құпия ақпаратты жариялаған жағдайда, Тараптар Шарттың 5-бөліміне сәйкес жауапкершілік көтереді.
7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (форс-мАжор)
7.1. Тараптар алдын ала болжауға дәрменсіз және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тікелей ықпал еткен дүлей күш жағдайлары: су тасқыны, жер сілкінісі және өзге табиғат апаттары, экологиялық апаттар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық соғыс, халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе көтерілістер, Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілерінің қабылдануының салдарынан Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Жеткізуші Тапсырысшыға Шарттың 8.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы оның себептерін көрсетіп хабарлайды, сондай-ақ тиісінше уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады. Жалпыға мәлім болып табылатын фактілер растауды талап етпейді.
7.3. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды мүмкіндігінше жалғастырады және аталған міндеттемелерден тәуелсіз Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ШАРТТАРЫ
8.1. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөз жолымен шешу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайды.
8.2. Егер Тараптар келісімге келмесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
8.3. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және даулар туындаған жағдайда, олар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралады.
9. ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ТАЛАПТАРЫ
9.1.Шартқа барлық өзгерістер Тараптардың Шартта көзделген орналасқан жерінің және (немесе) деректемелерінің өзгерген жағдайын қоспағанда, жазбаша түрде ресімделеді және Тараптар қол қояды, олар туралы Тараптар бір-біріне тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
9.2. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.
9.3. Тапсырыс беруші келесідей жағдайларда Шартты мерзімінен бұрын біржақты тәртіппен бұзуға құқылы:
1) егер Жеткізуші Шарттың қолданылу мерзімінде Қағидаға сәйкес әлеуетті жеткізушіге қойылатын тиісті біліктілік талаптарына сай келмейтін жеткізуші болғанда;
2) Шарттың бұдан әрі орындау қолайсыз болғанда;
3) Тапсырыс берушіден тәуелсіз себептер бойынша Жеткізушінің 15 (он бес) күнтізбелік күннен астам мерзімге Шарт талаптарымен көзделген Жұмыстарды орындау мерзімдерін кешіктіргенде;
4) Жеткізушінің Қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды сақтамағанда;
5) Жеткізуші Шартпен анықталған мерзімдер ішінде Қызметтерді көрсету барысында анықталған кемшіліктерді жоймағанда;
6) Шартпен көзделген өзге жағдайларда.
9.4. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, оны бұзуға бастамашы болған Тарап басқа Тарапқа мерзімі өткен соң Шарт бұзылды деп саналатын Шартты бұзудың болжанатын күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жібереді. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетілуі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күні келісілуі тиіс. Шартты бұзған жағдайда, Жеткізуші растайтын құжаттардың негізінде Шартты бұзу күнінде іс жүзінде орындалған Жұмыстарға ғана төлемді талап етуге құқылы.
9.5. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар Шарт бұзылған күннен бастап 15 (он бес) банктік күн ішінде Шартты бұзу күнінің алдындағы күні іс жүзінде көрсетілген Қызметтер үшін өзара есеп айырысады.
10. ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУ ТАЛАПТАРЫ
10.1. Шарт оған Тапсырыс беруші мен Жеткізуші қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін қолданылады.
11. ШАРТТЫҢ ТІЛІ МЕН ӨЗГЕ ТАЛАПТАР
11.1. Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
11.2. Шарт Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңына сәйкес жасалады.
11.3. Тараптың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және Тараптардың құқықтық мұрагерлеріне өтеді.
11.4. Көрсетілген қызметтерге кепілдік Актіге тапсырыс беруші мен жеткізуші өкілдері қол қойған күннен бастап 6 (алты) айдан кем емес болуы тиіс.
12. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тапсырыс беруші
|
Жеткізуші
|
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Самал-1 ы/а., 28-үй
БСН 970740000154
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ706010131000043597
Алматы обл. филиалы №139900
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ
Тел.: +7 (727) 262 03 09
Тапсырыс берушінің атынан:
Президент
________________ Е.В. Студенина
М.О.
|
Жеткізушінің атынан:
_______________ М.О.
|
ОД/ _______ № ____ Шартқа
(ОД нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)
№ 1 ҚОСЫМША
2016 жылғы «_______» _________
(ОД тіркеу күні)
2016 жылғы «______» ____________
(Жеткізушінің қол қойған/тіркеген күні)
Техникалық ерекшелік
№ р/н
|
Қызметтің атауы
|
Қызметтің сипаттамасы
|
Қызметті көрсету орны
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
ҚҚС-ті қоса алғанда/қоспағанда, өлшем бірлігінің бағасы (теңге)
|
ҚҚС-ті қоса алғанда/қоспағанда, сатып алу бағасы (теңге),
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
Орталық депозитарийдің техникалық орталығындағы үздіксіз қуаттандырудың серверлік көздеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет.
|
Орталық депозитарийдің техникалық орталығындағы үздіксіз қуаттандырудың серверлік көздеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет.
|
Алматы қаласы
|
Бір қызмет
|
|
|
|
ЖИЫНЫ:
|
|
ҚҚС сомасы
|
|
Жалпы сомасы
|
|
Жиыны: Шарт бағасы ҚҚС-ті қоса алғанда, _______________________ теңге ____ тиынды (____________________ теңге _______ тиын) құрайды.
Қызмет төмендегі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
№
р/н
|
Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу түрінің атауы
|
Сипаттама
|
1
|
ИБП диагностикасы.
|
Қуаты 5000 ВА дейінгі серверлік ИБП-ның жұмыс қабілетін тексеру.
|
2
|
ИБП жөндеу (аккумуляторлық батареяларды жөндеу).
|
1) Қуаты 5000 ВА дейінгі серверлік ИБП-ның барлық ішкі аккумуляторлық батареяларын ауыстыру. Аккумуляторлық батареялар жаңа, бұрын қолданылмаған, қалпына келтірілмеген, қайта қалпына келтірілмеген болуы тиіс;
2) Қуаты 5000 ВА дейінгі серверлік ИБП-ны калибрлеу;
3) Барлық орнатылған аккумуляторлық батареяларда осы модель үшін серверлік ИБП өндірушілерде көзделген сипаттамадан төмен емес сипаттамасы болуы тиіс;
4) Аккумуляторлық батареялар құны қызметтер құнына кіруі тиіс.
|
3
|
ИБП-ны тасымалдау
|
Жеткізуші ИБП-ны Орталық депозитарийден сервистік орталыққа тасымалдауды дербес орындауы, ал жұмыс аяқталғанда ИБП-ны Орталық депозитарийге жеткізуі тиіс.
|
4
|
ИБП-ны жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға кепілдік беру
|
Орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісіне қол қойған сәттен бастап кемінде 6 ай.
|
Орталық депозитарийдің резервтік техникалық орталығында барлығы қуаты 5000 ВА дейінгі 14 (он төрт) ИБП бар.
|
Тапсырыс беруші атынан:
_______________ Е.В. Студенина
М.О.
|
Жеткізуші атынан:
_______________ М.О.
|
Достарыңызбен бөлісу: |