Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет10/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49

19 
 
 
техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды 
қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; 
басқарудың инновациялық әдістерін; тәрбиелеу процесінің тұжырымдамалық негізі және 
технологиясын, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника 
қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдарда 
немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары  
 
         Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік 
оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады. 
 
       Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, 
басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. 
 
       Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік 
даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Өндірістің қазіргі 
заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы 
оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. 
Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді. 
 
       Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске 
асырылуына жауап береді. 
 
       Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп 
жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды. 
 
       Бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша 
біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
 
       Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге 
енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады. 
 
       Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша 
жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, 
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттарының 
уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, кәсіптік оқыту жөніндегі ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; 
басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті 
қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес 
ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 


20 
 
 
   Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары  
 
         Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның 
ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және 
коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады. Оқу 
процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады. 
Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану 
мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады. 
 
       Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, 
оларды басшыға ұсынады. 
 
       Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару 
кадрларын оқытуды ұйымдастырады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында 
әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін 
ұйымдастырады және жоспарлайды. 
 
       Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет көрсету, 
жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Санитариялық-гигиена режимдері, 
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген 
есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым және 
тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы 
заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері 
мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және сәйкес мамандық бойынша еңбек 
өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді. 
Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ 
кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды 
жүзеге асырады. 
 
       Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға 
ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады. 
 
       Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа 
кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды 
қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша 
әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын 
үйлестіреді. 
 
       Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, 
кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау