45
қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз
құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты
жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік
етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік
сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының
Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық
бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік
жалпыға міндетті
білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-
шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың,
техника
қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер
мен нормаларды.
Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы
(директорына) қосымша білуге міндетті:
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы
Заңын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру
ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте
кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Ескерту: Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың
бастығына (директорына) қойылатын талаптар: жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуы,
сондай-ақ жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білімі болуы тиіс.
Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және
ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және
әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен
жоспарларының орындалуын,
сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік
құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы
білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне
бақылау жасайды.
Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа
технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды
аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және
басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.
46
Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік
бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие
процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді
ұйымдастырады.
Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды.
Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог
қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі
құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен
кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды.
Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі
құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты
берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет
туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді
дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика
мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,
педагогика,
педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы,
еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен
нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Білім беру ұйымы директорының
бейіндік оқыту бойынша орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын
әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын
әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды
жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру
рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім
беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды
және ағымдағы жоспарлауды
ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру
мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-
тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде
оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік
бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау
бойынша үйлестіреді.
Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо»,