Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет19/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49

37 
 
 
      мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға 
жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап 
беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық 
құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 
ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс; 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен 
қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы 
әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді 
болуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге 
қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі 
және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
 
      Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
 
      мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және 
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс. 
 
      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
 
      Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың 
қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, 
пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және 
тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
       Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға 
жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде 
заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді 
жүзеге асыру тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және 
тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.
 
 
   Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы тәрбиешісінің 
көмекшісі 
 
      Лауазымдық міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, 
тәрбиеленушілердің тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, мектепке дейінгі 
ұйымға келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, 
тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге 
барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады, өндірістік қажеттілікке 
байланысты тәрбиеші болмаған аз уақыт кезеңінде кіші бөлімдер бойынша сабақ өткізу 
уақытында балаларға қарайды). Балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне 
қажетті жағдайлар жасайды.
 
      Педагогикалық, түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (егер мүгедек 
балалардың өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда олардың сабақ 
оқуына көмектеседі). Балаларға санитариялық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен 


38 
 
 
қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-
шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды.
 
      Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын 
ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитариялық-гигиеналық 
ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитариялық жағдайының сәйкестігін 
қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз 
етеді.
 
       Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен тәрбиелік білім беру және 
сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады. 
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексін, 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 
туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін 
айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас 
ерекшелігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды 
ұстау бойынша санитариялық-гигиеналық нормаларды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің 
ережелерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, 
еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, санитариялық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік 
орта) немесе орта білім.
 
 
   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының қазақ 
(орыс, шет тілі) тілінің мұғалімі 
 
      Лауазымдық міндеттері: қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі балалардың оқуын 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 
талаптарына сай, оқытылатын тіл ерекшелігін ескере отырып жоспарлайды және 
ұйымдастырады. 
 
      Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін өткізіп, олардың мемлекеттік (орыс, шет 
тілін) тілді меңгеруіне барлық жағдайды жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың 
бойында тіл мәдениетін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын оятып, жеке 
қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Оқытудың түрлі тәсілдері мен нысандарын, әдістерін 
жүйелі түрде қолданады, инновациялық технологияларды пайдалана біледі. Жоспарлау 
барысында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарап, бағдарламалық материалдарды жас 
ерекшелігіне қарай қолайлы етіп өзгерте біледі. Авторлық және баламалы бағдарламаларды
әдістемелік нұсқаулықтарды өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өңдей біледі. 
Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникцияны меңгерген.
 
      Балалардың ұйымда білім алуына және түрлі іс-шараларда белсенділігін танытады, 
өзінің кәсіби құзыретін жүйелі түрде жоғарылатады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен 
қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың денсаулығы мен 
өміріне жауапкершілік танытады.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан 
Республикасындағы тіл туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", 
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексін, "Кемтар 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын 
және Қазақстан Республикасының білім берудің дамуы мен бағыттарын айқындайтын 
нормативтік құқықтық актілерді, мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау