Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет22/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49

43 
 
 
беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және 
әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын 
жүзеге асырады. 
 
       Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын 
айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес 
беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-
аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық 
бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы 
психологиялық диагностиканы жүргізеді. 
 
       Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын 
тұлғаларды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына 
дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-
педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны 
мақсаты бойынша қолданады. 
 
      Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, 
білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға 
қатысады, балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға 
көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық 
қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.
 
      Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, 
тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға 
қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің 
кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы 
мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, 
техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, 
ҚР «Білім туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы", «Қазақстан Республикасы тіл туралы», "Қазақстан Республикасындағы 
баланың құқықтары туралы" «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке 
(ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, педагогикалық 
психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық 
психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, 
медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, 
дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика 
негіздерін, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің 
әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің 
қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және 
түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен 
ережелерін және санитариялық қағидаларды. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.
 
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын 
талаптар:
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті бейіні бойынша жоғары 
педагогикалық білім. 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, 
мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды 
айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың 


44 
 
 
жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру ұйымдарында озық психологиялық-
педагогикалық тәжірибені меңгеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық 
білім, педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
      біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын 
талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі 
психологиялық жұмыстарды атқаруы, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы, озық тәжірибені 
игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім 
және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс; 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: 
 
      біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын 
талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау 
бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі тиіс және 
педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
 
 
   Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру 
 
   Білім беру ұйымының директоры 
 (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  
 
      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да 
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды 
ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген 
учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға 
міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және 
материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін 
әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық 
технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
 
      Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал 
етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер 
контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды 
қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 
арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын 
үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға 
жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың 
(тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен 
денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру 
ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және 
материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
 
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын 
және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-
гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
 
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге 
асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын 
бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті 
басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. 
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау